Оқшау сөздер

Тақырыбы:             Оқшау сөздер

Білімділік мақсаты: оқшау сөздер, оның түрлері туралы ұғымды меңгерту,

өздігінен талдату арқылы қорытынды шығарту

Дамытушылық мақсаты:оқушылардың логикалық ойлау әдістерін қалыптастыру,

ой қорытындысын жасай білуге баулу,өз бетінше талдау

дағдысын арттыру.

Тәрбиелік мақсаты: адамгершілікке, ұлтжандылыққа, ана тілін қастерлеуге

тәрбиелеу.

Түрі: жаңа материалды оқып үйрену сабағы

Әдісі: талдау, ізденіс, деңгейлік тапсырмалар, сатылай кешенді талдау.

Көрнекілігі: интерактивті тақта, слайдтар

                                                     Сабақ барысы:

І . Ұйымдастыру.

ІІ.Үй тапсырмасын пысықтау

1.Сөйлемнің айқындауыш мүшелері дегеніміз не?

2.Айқындауыш мүшелердің түрлері қандай?

3.Сөйлемнің бірыңғай мүшелері дегеніміз не?

ІІІ.Жаңа сабақ

Өзге тілде сөйле әлемді таң қылып,

Ана тілін білмеу қандай заңдылық!

Өсер бабаң, байтақ далаң тұрғанда

Ана тілің жасау керек мәңгілік!- деп бүгінгі сабағымызды қоғам қайраткері, ақын М. Шахановтың  туған тілімізді қадірлеуге , қастерлеуге шақыратын өнегеге толы өлеңімен  бастайық.

Мағынаны тану.  («Оқшау» дегенді қалай түсінесіңдер?)

«Адасқан сөздер»

( сөздерді орнына қойып, сөйлемнің мағынасын айту)

1  сынақ ертең  оқушылар болады

  1. келмейтін сірә бүгін ол шығар
  2. 3. шіркіннің па дауысын-ай

Оқшау сөздердің белгілері:

1)Сөйлем мүшесі қызметін атқара алмайды

2)Өзге сөздермен байланысқа түспейді

3) Сөйлем ішінде жеке тұрады, тыныс белгісі арқылы ажыратылады.

Оқшау сөздер

 

 

 

 

Қаратпа сөздер –                              Қыстырма сөздер —              Одағай сөздер —

тыңдаушының назарын                  сөйлеушінің айтылған        айтушының көңіл- күйін,

аудару үшін қолданылады              пікірге әр түрлі

көзқарасын білдіреді        сезімін білдіру үшін

қолданылады

  1. «Бар білім-кітапта» Оқулықпен жұмыс. 67-жаттығу.

 

  1. Сәйкестендіру

 

  1. Пәлі, шіркін, бәрекелді, моһ-моһ, әттеген-ай!     қыстырма
  2. Қарағым, балам, айналайын, Ботагөз. одағай
  3. Әрине, меніңше, әуелі, сөйтіп , шынында. Қаратпа

 

  1. Деңгейлік тапсырмалар:

І деңгей Оқшау сөздердің астын сыз, тыныс белгісін қой, түріне ажырат

-Уа,Жиренше анау қаңбақ қайдан келеді,қайда барады екен? Пай-пай Көріңде өкіргір Қожекем-ай! Қатал едің жарықтық. Сізге бәлкім бұл таныс болмас. Сіздің халық-ақын халық менің ойымша. Жә көрген-білгеніңді тез айт! Біріншіден сөзде тұру керек.

ІІ деңгей. Берілген сызба арқылы көрсетілген оқшау сөзді қатыстырып сөйлем құрастыру.

1.————————, ақсақал.

2.————————, қап!

3.————————, сірә,———————-.

              

 

                          ІІІ деңгей.

Оқшау сөздерді қатыстырып, «Егін даласында» әңгіме құрау.

 

  1. «Кім тапқыр?» оқшау сөздерді табу, түріне ажырту,қай шығармадан алынғанын айту.
  2. Ана керек, о адамдар,ана керек адамға,

Анасыздар аң сияқты күн кешіп жүр ғаламда ( Т.Айбергенов «Ана»)

  1. –Апыр-ай, қалай барам, қалай барам?

Атармын аққу құсты қалай ғана?!  ( М.Мақатаев «Аққулар ұйықтағанда»)

  1. –Бұрынғыдан мұнысы қиын боды, Ойбай, уәзір, ақыл тап, қайттік?
  2. –Е,шырағым, жасым секесенге келгенде, біреудің қанын жүктеп не қылайын? ( Мадан ханның шешсінің сөзі)
  3. –Сөйлестім, тақсыр! Өзімді сөгіп салды,-деп жауап берді ( Жиреншенің сөзі)
  4. –Апырмай-ай, менің наубайдың баласы екенімді қайдан білдің? ( Мадан ханның сөзі)
  5. Махамбеттің қай өлеңі оқшау сөзден басталады? ( «Қызғыш құс»)
  6. Ы.Алтынсариннің қай өлеңінде қаратпа сөз бар? («Кел, балар, оқылық»)

 

  1. Талдау-табыс кілті ( сөйлем талдау)
  2. 1. Сөйлемдерді сөйлем мүшесіне талдау. Бастауыштарын қаратпа сөзге айналдыру, тыныс белгісін қою

1) Түс ауа үйге Рахат келді.

2) Сәуле апай атайдың айтқанын жазып алды.

3) Жолдастар келер ұрпақ жыр етер ұлы науқанды бастағалы тұр.

Жолдастар— сатылай кешенді талдау ( фонологиялық талдау)

 

  1. 2. Қыстырма сөздерді тиісті орнына қою

1) —————-, темір жолға тіке тартқан жөн бе деймін

2) ——————, Шеген хатты сирек жазады.

3) Бүгін,————-, қоймаға он жеті арба тары кетті.

            Қоймаға- математикалық-фонетикалық талдау

 

3.Берілген сөйлемдердегі одағайлардың астын сыз.

  • –Пәлі! Ақын ғой мынауың!-деді Қоржынбай.
  • Туу, сізде шақпақ барын мүлде ұмытып кеткем ғой!
  • –Әттеген-ай, оғы құрғыр да жоқ болды-ау!-деді Отар назаланып.

Ақын-лексика-грамматикалық талдау

 

6.Семантикалық карта.

 

Мысалдары

Түрлері

Қаратпа сөзОдағай сөзҚыстырма сөз
Байғұс – ау, саған не болған?+
«Қош бол,  Қараой»+
Аға, бұл кімнің аты?+
Хан, әрине, ғажайып мешіт салу, хан жарлығынан, не ұзақ өмір сүруден емес, адам көңіл күйінің шаттануынан, не үлкен арманнан туатынын білген жоқ+
Әйтеуір, осы қос аққуын көрсе, сол сәтте Берке хан бәрін ұмытатын+

 

ІҮ. Бекіту. Графикалық диктант

Оқшау сөздерді белгілеу

 

Ү.Қорытынды  Сұрақтар:

  1. 1. Оқшау сөздер дегеніміз не?
  2. 2. Оқшау сөздер түрлері қандай?
  3. 3. Оқшау сөздердің белгілері?

 

ҮІ. Бағалау:

ҮІІ.Үйге тапсырма:

1 тапсырма. 68 – жаттығу

2 тапсырма: М.Әуезовтің «Қараш-қараш оқиғасы» әңгімесінен оқшау сөздерге сөйлем тауып жазу.