Лексикадан өткенді қайталау

 

Сабақтың тақырыбы: Лексикадан өткенді қайталау

 

Сабақтың мақсаты:

  1. Білімділік. Ұлттық ойын түрлерін пайдалана отырып, «Мәре» бекетінен «Жеңімпаз» бекетіне дейін лексика, фонетика тараулары бойынша материалдарды қайталау мақсатында саяхат жасау.
  2. Дамытушылық. Оқушылардың ой-өрісін, ойлау қабілетін дамыту. Оқушының пәнге қызығышылығын  арттыру, білім деген  саналы көзқарастарын, танымдық,  ізденімпаздық қабілеттерін  қалыптастыру;

 

  1. Тәрбиелік. Халықтың салт-дәстүрін білуге және тілін сүюге тәрбиелеу. Іс- әрекет, мақсатқа жету әдіс- тәсілдерін таңдай білуге, өзін- өзі бағалай білуге  тәрбиелеу.

 

Сабақ типі: саяхат сабақ, сайыс сабақ

 

Сабақта қолданылатын әдіс-тәсілдер: түсіндіру, баяндау, сұрақ-жауап, ұлттық ойындар: «Хан талапай», «Табақ тарту», «Теңге «ілу» және дамыта оқыту ойындары «Бас қатырғылар базары», «Кім тауып оқиды», тест

 

Сабақта қолданылатын көрнекіліктер: Компьютер, интерактивті тақта, кестелер, бағалау парақтары, семантикалық карта

 

Пәнаралық байланыс: әдебиет

Сабақ барысы

  • Ұйымдастыру кезеңі:

— Сәлеметсіңдер ме оқушылар? Бүгін сабақта кім жоқ? Психологиялық тренинг. «Жүректен жүрекке.» Оқушылар бір-біріне жақсы тілектер айту.

 

Қазақ тілім – өз тілім, ана тілім,

Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім

Қастерлейді ұл-қызың мәңгі сені,

Болашағым, бақытым дара тілім!

-Міне, балалар, кемеңгер, ғұлама ақындарымыздың тілі – біздің туған тіліміз – қазақ тілі сабағын бастаймыз.       Мұғалімнің сөзі. «Әліппе» ханшайымы барлық әріптерге ән орындаудан жарыс жариялаған еді. Сонда осы жарысқа барлық дауысты әріптер жиналған болатын, себебі олардың дауыстары жақсы болатын және олар ән айта алатын.

Барлық әріптер көзге түскілері келді,жеңіске жетуді қалады. Олар өте-мөте тырысып бақты:өздерінің ең жақсы әндерін шырқады. Бұл байқалған жәйт ханшайымның назарынан тыс қалмады. Жарысқа қатысушылардың қайсысын жеңімпаз деп жарияласам екен деп,ол түні бойы ойға батты. Себебі олардың бәрі де жарасымды ән салды емес пе.Таң атқаннан кейін біздің билеушіміз өзінің дана шешімін жария етті- ол дауыстылардың сингармонизмі,яғни дауыстылардың сөз ішінде бірыңғай не жуан не жіңішке болып, әуендесіп-үндесіп айтылуы туралы заң шығарды. Дауысты дыбыстар жуан,жіңішке болып олар жеке жарасымды қала болып бөлінді. Ал, дауыссыз дыбыстарды қуатты үш алқапқа жайғастырды.

Ал мұнда дауыссыз әріптер

Бір қатарға тұрыпты.

Дауыс пен шудан

Олар құрылыпты.

Ұяң қала орналасқан,ал бұл қалашықта әрдайым ұяң: б,в,г,ғ,д,ж,з.

Қатаң қалада үйлер бос тұрмайды, олар әрқашан қатаң естілетін дауыссыздар: П,ф,к,қ,т,с,ш,щ,х,ц,ч,һ.

Мұрын жолды үнді алқабы өзінің қонақжайлығымен атақты.Ол өзіне мейман келгенді әрқашан жақсы көреді, атап айтқанда-дауысты У әріпінің келуіне қуанады.

Үнді:р,л,й,м,н,ң.

Ханшайым барлық қаланы екпін теңізінің бойына орналастырыпты.

Ештеңені шатастырып алмас үшін-сіздерге біздің визит карточканы ұсынамын. Естеріңе  сақтаңдар.

 

  1. «Мәре» бекеті
  2. «Тіл» бекеті
  3. «Дауысты дыбыстар» елінде
  4. «Дауыссыз дыбыстар» өлкесі
  5. «Жеңімпаз» бекеті

Бүгінгі біздің сабағымыз – саяхат жасай отырып, сайысқа түсу.

Ең бірінші сайысқа түсетін топтармен танысып кетейік.

Біз саяхатымызды Мәре бекетінен бастаймыз. Мәре бекетінен – Жеңімпаз бекетіне жеткенше, алдымыздан әр түрлі тапсырмалар кездеседі. Біз осы жолдан шығып қалмай, Жеңімпаз бекетіне баруымыз керек.

 

«Сиқырлы әріптер» сұрақтарға жауап беру

  1. «Мәре» бекеті

«Бас қатырғылар базары» бар екен

  1. Диалект сөздер дегеніміз не? Мысал келтір.
  2. Кәсіби сөздер дегеніміз не? Мысал келтір.
  3. Термин сөздер дегеніміз не? Мысал келтір.
  4. Омоним сөздер дегеніміз не? Мысал келтір.
  5. Синоним сөздер дегеніміз не? Мысал келтір.
  6. Антоним сөздер дегеніміз не? Мысал келтір.
  7. Эвфемизм дегеніміз не? Мысал келтір.
  8. Дисфемизм дегеніміз не? Мысал келтір.
  9. Кірме сөздер дегеніміз не? Мысал келтір.
  10. Мақал-мәтелдер дегеніміз не? Мысал келтір.
  11. Фразеологизм дегеніміз не? Мысал келтір.
  12. Табу дегеніміз не? Мысал келтір.

 

«Тіл» бекетіне де келіп қалыппыз. «Тіл» бекетінде тұрғандықтан, тіл туралы өлең оқып жіберіңдер. «Анамыздың ақ сүтімен бойымызға дарыған тілімізді ұмыту бүкіл ата-бабамызды, тарихымызды ұмыту» (Б. Момышұлы) Әр адамның азаматтық қасиеті мен мәдениеті өз халқы, өзінің атамекенін қалай сүюімен өлшенбек. Ананың ақ сүтіне, уызына жарыған адам қашан да Отаншыл, ұлтжанды болмақ. Әркімнің өз тіліне деген құрметі – өз анасына, өз ұлтына, Отанына деген құрмет деп білу керек. Ұлттық ойындардың біреуі «Хан талапай» деп аталады. Асықтарды шашып жіберемін. Кімге қандай асық түссе, сол номер бойынша сұраққа жауап береді.

 

  1. Айыр деген сөздің омонимдік мағыналарын ашу.

Айыр – 1.Шөп, сабан жинауға арналған құрал. 2.Бір бүтін нәрсені екіге бөлу.

  1. Асық деген сөздің омонимдік мағыналарын ашу.

Асық – 1.Жан-жануарлардың сирағы мен сан жіліктерін байланыстырып тұратын төрткііл топса сүйек. 2.Шапшаң қимылдау.

  1. Без деген сөздің омонимдік мағыналарын ашу.

Без – 1.Адамның, жануардың ағзасында болатын, оның зат алмасуын реттейтін нәрсе. 2.Қашу, зыту.

  1. Сандал деген сөздің омонимдік мағыналарын ашу.

Сандал – 1.Жазда киетін жеңіл аяқ киім. 2.Жуан боп өсетін өте қатты ағаш. 3.Қаңғыру, тентіреу.

  1. Әдемі деген сөздің синонимдік мағыналарын айт.
  2. Қатты, ашық, түн деген сөздердің антонимдік сыңарларын тап.
  3. Қазақ тілі пәніне байланысты термин сөздерді айт.
  4. Бәтеңке, кереует, бөтелке деген сөздер қандай сөздер?
  5. Қалқан деген қандай сөз?

 

«Дауысты дыбыстар» елінде

  • Дауысты дыбыстар дегеніміз не? Оның қандай түрлері бар?
  • Жуан: а, о, ұ, ы, у.
  • Жіңішке: ә, ө, ү, і, е, э, и, у.
  • Ашық: а, ә, о, ө, е, э.
  • Қысаң: ы, і, и, у, ұ, ү.
  • Еріндік: о, ө, ұ, ү, у.
  • Езулік: а, ә, е, э, ы, і, и.

«Табақ тарту» ұлттық ойыны

  1. «Бас» қалам деген сөзге фонетикалық, морфологиялық талдау жасау. Ол дүкеннен жақсы қалам сатып алды деген сөйлемге синтаксистік талдау жасау.
  2. «Жамбас» кітап деген сөзге фонетикалық, морфологиялық талдау жасау. Асан кітапты жақсы оқиды деген сөйлемге синтаксистік талдау жасау.
  3. «Омыртқа» буын деген сөзге фонетикалық, морфологиялық талдау жасау. Біздің сыныптағы Арман буынға бөлуді жақсы меңгерді деген сөйлемге синтаксистік талдау жасау.
  4. «Асық жілік» орамал деген сөзге фонетикалық, морфологиялық талдау жасау. Менің апам басына орамал байлап жүреді деген сөйлемге синтаксистік талдау жасау.
  5. «Ортан жілік» өрік деген сөзге фонетикалық, морфологиялық талдау жасау. Мен тәтті өрік жедім деген сөйлемге синтаксистік талдау жасау.
  6. «Жауырын» әтеш деген сөзге фонетикалық, морфологиялық талдау жасау. Бізді таңертең қызыл әтеш оятады деген сөйлемге синтаксистік талдау жасау.

 

«Кім тапқыр» ойыны

Ойынның шарты: жұмбақтар шешу.

Фонетикалық екі ұғым,

Бірімен бірі сыбайлас.

Бірі айтылады да естіледі

Екіншісі  жазылады да көрінеді

 

Бір  ағашта  отыз жеті  алма,

Оны алып жемек болсаң.

Он шақтысы еркін өтеді,

Қалғандары қақтығып барып өтеді

 

Оңға қарай оқысаң да бір халық,

Сол қарай оқысаң да бір халық .

Бір буыным — құс,

Бір буыным — түс.

Өз құрамында  алты әріп бар,

Жалпы қарауындағы әріптері  құрамындағыдан алты есе көп.

 

“Жасырынған әріптер” (ұпай қойылмайды)

  Мына бос торкөздерге тиісті әріптер қойсаңыздар, жерлес ақынымыздың  ана тілі  туралы өлеңінен үзінді оқи аласыздар.

Тапсырма:   1-2 тармағына  тиісті дауысты,  2-3 тармағына тиісті  дауыссыз  дыбыстарды қойып, оларға  сипаттама беру керек

 

…н… т…л…ң  …р…ң  б…л,

…т…ң б…п  т…р б…тт….

 

Ө……е  …і……і…  …ә…і…   …і…

Ө…  …і…і………і   …ұ……е……е!

 

 «Сиқырлы    дөңгелек» ойыны

Дөңгелекке жазылған  6  әріптен сөздер құрайды. Сөздер мағыналы болу керек

 

«Сөзден сөзге» ойыны

Тақтадағы өздеріне берілген сөздердің

соңғы буынынан жаңа сөз құрайсыздар!

Кітап

Дәптер

Кептер

Телефон

Мақал

Ақшақар

 

 

«Дауыссыз дыбыстар» өлкесінде

  • Дауыссыз дыбыстар дегеніміз не?
  • Ұяң дауыссыздар: б, в, г, ғ, д, ж, з.
  • Үнді дауыссыздар: р, л, й, у, м, н, ң.
  • Қатаң дауыссыздар: п, ф, к, қ, т, с, ш, щ, х, ц, ч, һ.

«Теңге ілу» ұлттық ойыны

  1. Бесік
  2. Тамыр
  3. Сабақ
  4. Шар
  5. Қабақ
  6. Қасық
  7. Қалам
  8. Жап
  9. Терезе

 

Семантикалық картаны толтыру

СөзДауысты дыбысТілдің қатысынаЖақтың қатысынаЕріннің қатысынаДауыс

сыз дыбыс

Үн мен салдырдың қатысына қарай
  жуанжіңішкеашыққысаңеріндікезулік қатаңұяңүнді
            
            
            
            
            
            
            

 

«Білім шыңы» ойыны

Топ басшылары тест парақшаларына жауап береді

 

 «Ой толғау» кезеңі

  1. Ана тілім – ардағым.

Бағалау парақтарына баға қойылады.

Қорытынды.

                                                     Ана тілі.

Бір ауыз сөз үйреніпсің  бүгінде

Менің ана тілімде

Қазақ болып туғаннан соң, бөбегім,

Қазақ болып өлген жақсы түбінде

Барлық тілді үйренерсің сен әлі,

Жігіт болып саналы.

Қайда жүрсең өз еліңді ұмытпа,

Өз еліңнің туын көтер жоғары,- деп Тұманбай Молдағалиев ақынымыз айтқандай өз еліміздің туын жоғары көтеріп, ана тіліміздің мәртебесін көтере білейік.

Үйге тапсырма: Өткенді қайталау