Біріккен сөздің емлесі

Сабақ жоспары

 

Сабақ: қазақ тілі, 6-сынып
Сабақтың тақырыбы:Біріккен сөздің емлесі
Жалпы мақсаты

 

Мәтін ішіндегі біріккен сөздерді ажыратады, сөйлем құрауды қолдана алады.

 

Оқу  нәтижесі:

 

Біріккен сөздердің емлесін есте сақтау,  дыбыстық өзгеріске түскен біріккен сөздердің жазылуын білу

 

Сабақ бойынша мұғалімнің жазбалары:

1.Сергіту сәті «Еден, төбе, мұрын»  әдісі. Мақсаты: Оқушылардың көңілдерін сабаққа аударып, шапшаңдыққа, байқампаздыққа дағдыландыру.

2. «Кубизм» әдісі арқылы үй тапсырмасын тексеру

— Дара сөз дегеніміз не?

— Күрделі сөздердің түрлерін ата?

— Біріккен сөз неше түрлі болады?

— Кіріккен сөз дегеніміз не? Мысал келтір

— Біріккен сөздер қандай атауларды білдіреді?

— Дара сөз бен күрделі сөздің айырмашылығын ата.

Мақал-мәтел құрастыру арқылы 2 топқа бөлу

1.     Жаманнан – жирен,

Жақсыдан үйрен.

2.     Өнер алды – қызыл тіл.

3.СТО. Қызығушылығын ояту «Миға шабуыл»

Жұмбақ шешу арқылы өткен тақырыпты қайталау.

Күннің көзін сүйемін,
Күнге басымды иемін.   (Күнбағыс)

—         Күнбағыс күрделі сөздің  қай түріне жатады?

Менің үш көзім бар.

Бір көзім: «Кідір!» дейді,

Бір көзім: «Жүгір!» дейді,

Бір көзім: «Абайла!» дейді

«Қарап ал, маңдайға!» дейді.

(Бағдаршам)

 

4.Жаңа тақырып.ДЖИГСО әдісі. (сұрақ-жауап)

5.Ой толғаныс. Оқулықпен жұмыс. 83-жаттығу. Мақсаты:  сөздермен сөйлем құрастыру.(жеке жұмыс)

Семантикалық картамен жұмыс.Мақсаты: Сөздерден дұрыс жазылған біріккен сөздерді табу.

 

        Ешқашан, әркім, кейбір, ештеңе, әроқушы, ешбала, баспасөз, әрқашан

 

жаздыкүні, Ақмола, Ажаргүл,  бұлжыл, бірнеше, Сарыарқа, сегізкөз, қолбасшы, кейбір, әлдеқашан

 

 

6. Қорытындылау. Тест тапсырмасы.

№ 1

1. Біріккен сөзді көрсет.

А) Ақтау                          Ә) кітап

Б) құмырсқа                    В) жұмысша

2. Күрделі сөздердің неше түрі бар?

А)  бір                         Ә) екі                    Б) үш                      В) төрт

3. Екі я одан да көп түбірден бірігіп, тұтас бір ұғымды білдіретін күрделі сөз

А)  біріккен сөз                                 Ә) қос сөз

Б) қысқарған сөз                               В) тіркескен сөз

4. кіріккен сөздің мысалдарын көрсет

А) Аманжол, Бейсенбай                       Ә) биыл, жаздыгүні

Б) тоқсан, Екібастұз                             В) тасбақа, тоғызқұмалақ

5. Дұрыс жазылған біріккен сөзді көрсет

А)  жаздыкүні                                 Ә) ашудас

Б) ешқашан                                      В) тоқсан

6. туынды түбір арқылы жазылған дара сөзді көрсет

А)  жолдас                    Ә) екі                           Б) мектеп                         В) әке

7.  ҚазҰТУ қандай сөз?

А)  біріккен сөз                                 Ә) қос сөз

Б) қысқарған сөз                               В) тіркескен сөз

8. Қосымшаның неше түрі бар?

А)  бір                         Ә) екі                    Б) үш                      В) төрт

9. Біріккен сөздер қалай жазылады?

А) бірге                       Ә) бөлек               Б) тіркесіп            В) қысқарып

10. Бір ғана түбірден тұратын негізгі және туынды  түбір сөзді не деп атаймыз?

А)  біріккен сөз                                 Ә) қос сөз

Б) күрделі сөз                                    В) дара сөз

 

№ 2

1. туынды түбір арқылы жазылған дара сөзді көрсет

А)  жолдас                    Ә) екі                           Б) мектеп                         В) әке

2.  ҚазҰТУ қандай сөз?

А)  біріккен сөз                                 Ә) қос сөз

Б) қысқарған сөз                               В) тіркескен сөз

3. Қосымшаның неше түрі бар?

А)  бір                         Ә) екі                    Б) үш                      В) төрт

4. Біріккен сөздер қалай жазылады?

А) бірге                       Ә) бөлек               Б) тіркесіп            В) қысқарып

5. Бір ғана түбірден тұратын негізгі және туынды  түбір сөзді не деп атаймыз?

А)  біріккен сөз                                 Ә) қос сөз

Б) күрделі сөз                                    В) дара сөз

6. Біріккен сөзді көрсет.

А) Ақтау                          Ә) кітап

Б) құмырсқа                    В) жұмысша

7. Күрделі сөздердің неше түрі бар?

А)  бір                         Ә) екі                    Б) үш                      В) төрт

8. Екі я одан да көп түбірден бірігіп, тұтас бір ұғымды білдіретін күрделі сөз

А)  біріккен сөз                                 Ә) қос сөз

Б) қысқарған сөз                               В) тіркескен сөз

9. кіріккен сөздің мысалдарын көрсет

А) Аманжол, Бейсенбай                       Ә) биыл, жаздыгүні

Б) тоқсан, Екібастұз                             В) тасбақа, тоғызқұмалақ

10. Дұрыс жазылған біріккен сөзді көрсет

А)  жаздыкүні                                 Ә) ашудас

 

 

 

7. Бағалау.

Кері байланыс.

 

Сабақта не ұнады, немесе жақсы болды?Не ұнамады, немесе жаман болды?Сабақта нені өзгерткің келеді,сенің қалауың?

 

 

Мұғалімнің іс-әрекетіОқушының іс-әрекеті
Оқушылардың көңілдерін сабаққа аударып, шапшаңдыққа, байқампаздыққа дағдыландыру мақсатында сергіту сәтін ұйымдастырамын.

 

«Кубизм» әдісі арқылы үй жұмысын тексеремін.

 

Топқа бөлу мақсатында мақал-мәтел жазылған парақшалар таратамын.

 

Өткен материалды қайталау мақсатында және жаңа тақырыпқа кіріспе ретінде «миға шабуыл» әдісін қолданамын. Жұмбақтар жасырамын.

(күнбағыс, бағдаршам)

 

Мағынаны тану кезеңінде оқушыларға мәтінді оқып, танысу тапсырмасы ұсынылады.

Оқулықпен жұмыс. 83-жаттығу. Мақсаты:  сөздермен сөйлем құрастыру.

 

Семантикалық карта таратамын. Мақсаты: Сөздерден дұрыс жазылған біріккен сөздерді табу.

 

Сабақты қорытындылауға тест тапсырмасын таратамын.

Оқушылар тренингке қатысады

 

 

 

Оқушылар кубиктегі сұрақтарға жауап беріп, өздерін бағалайды.

Оқушылар екі топқа бөлінеді.

 

Жұмбақ шешу арқылы жаңа сабақтың тақырыбын анықтайды.

 

Оқушылар мәтінмен танысып, екі топ бір-біріне түсіндіреді.

Жаттығу жұмысын орындайды.

 

Оқушылар жұппен жұмыс атқарады.

 

Оқушылар тест тапсырмасын орындап, бірін-бірі бағалайды.

Дереккөздер және жабдықтар:.

 

Интербелсенді тақта, оқулық,

Стикер, флипчарт, маркер, фломастер

 

Үй тапсырма беру

 

 

 

Ереже жаттау, 86-жаттығу. Мақсаты: мәтінді оқып, ат қою. Мәтіннен біріккен сөздерді теріп жазу.

 

 

Сабақты бағалау

 

 

 

Интербелсенді тақта, оқулық,

Стикер