Жарнама. Жалаң, жайылма сөйлем.

Апта:  жұмаКүні: 4/vСынып: 10 «в»
Сабақтың тақырыбы:Жарнама. Жалаң, жайылма сөйлем.
Жалпы мақсаты:1. Жарнама түрлері туралы түсінік беру, қоғамдағы алатын орны туралы мәлімет беру; жалаң ,жайылма сөйлемдердің ерекшеліктерін айыра білуін, толық синтаксистік талдау жасай білуін тексеру;

2. шығармашылық, сауаттылық және іскерлік қабілеттерін дамыту;

3. оқушылардың қызығушылығын, белсенділігін арттыру, жұмыс істеу қабілетін арттыру.

Күтілетін нәтижелер:Жарнама  түрлерін біледі, өздері жарнама жасай алады,жалаң, жайылма сөйлемдердің ерекшеліктерін айыра біледі, сөйлемдерге толық синтаксистік талдау жасай алады, жайылма сөйлемнен жалаң сөйлем шығара алады.
Сабақтың әдісі:Түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелеу, өзіндік, көрнекілік, топтық
Көрнекілігі:Интерактивті тақта, үлестірмелі қағаздар,бағалау критериясы

Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңдері:Мұғалім әрекетіОқушы әрекеті
Кіріспе

I Ұйымдастыру бөлімі

 

 

 

2. Үй тапсырмасын тексеру

Білім алушылармен амандасу, сабаққа қатысымын  тексеру және олардың  назарын сабаққа аудару, сабақтың мақсаты мен барысын айту.

«Түсініктеме» тақырыбы бойынша  түсініктемелер жазу

1. Сабаққа келмеген оқушы

2. Сабаққа кешігіп келген оқушы

3. Сенбілікке келмеген оқушы

 

 

 

 

 

 

 

Оқушылар өз түсініктемелерін оқиды, бір оқушы видеоға түсіп әкелді ( сынып жетекшісіне түсіктеме беріп жатқанын)

Тұсаукесер

1 . Топты қайтадан жасақтау

 

 

 

 

 

 

 

2. Бағалау критериясын түсіндіру ( Бағалау критериясын интерактивті тақтадан көрсету, парталарына қою)

 

 

— Топты қайтадан жасақтаймын. Ол үшін топ жетекшілеріне гүлдер ұсынамын. Олардың артында 3 оқушының аттары жазулы. Қай гүлді таңдайсыңдар, сол оқушылар сендердің тобыңда болады.

 

— Сабақты бастамас бұрын  лексико-грамматикалық  тақырып бойынша бағалау критериясымен таныстырып, түсіндіріп кетейін.

«5»-тік баға мынандай жағдайда қойылады:
-синтаксистік талдауды толық орындағаны үшін;
-сабаққа үнемі белсенді қатысатын ;
— тапсырмаларды өз деңгейінде толық орындағаны үшін;
— сұрақ қоя білетін, жауаптары толық болса;
-сөз қоры ауқымды болса

«4» -тік баға
-синтаксистік талдаудан аздаған қателіктер жіберсе;
-сұраққа жауабы толық болмаса;

-берілген тапсырмаларда аздаған қателіктер болса;
-сөз қоры жақсы болса;
-сұрақ қоя алса

«3»-тік баға
-сабаққа ынтасы болса
-жалаң, жайылма сөйлемдердің ережесін білсе;
-«жіңішке» сұрақтар қоя алса, және оларға жауап бере алса

 

 

Топ жетекшілері  гүлдерді таңдап, тобында болатын оқушыларды атап шығады
Негізгі бөлім

1. Жаңа тақырыпты түсіндіру

 

 

 

 

 

А) сөздікпен жұмыс

( интерактивті тақтада)

 

 

 

 

 

Ә) сұрақ-жауап

 

Топтық жұмыс

 

 

 

 

2. Жарнама ролик көрсету

 

«Ой қозғау» стратегиясы

 

 

 

 

 

 

 

 

3. Жазба жұмыстары

Дәптерлеріне  жаңа тақырыпты жазып алу.

-«Жарнама» тақырыбы бойынша алдарына мәтін беремін, оқып танысып шығыңдар.

— Бұл мәтінде сендерге қандай таныс емес сөздер бар?

-Тақтаға қараймыз, жаңа сөздер берілген, аудармасын табайық.

 

 

 

 

 

 

-Енді әр топ келесі топқа 2 сұрақ дайындайды, ол топ  сұрақтарға жауап береді.

I –II , II –III  , III- I.

 

 

-Қазір біз жарнама көреміз.

-Мұнда нені жарнамалап тұр?

— Не үшін жарнама жасалған?

— Бұл жарнаманың қай түріне жатады?

— Сендерге бұл жарнама ұнады ма?

— Несімен ұнады (ұнамады)

 

 

— Жазбаша жұмыстанамыз.

— Ең алдымен жалаң, жайылма сөйлем ережесін еске түсірейік. Мысал келтірейік.

1.Тапсырмалар:

1. Жайылма сөйлемдерге синтаксистік талдау жасаңдар.

2. Жайылма сөйлемдерді жалаң сөйлемге айналдырыңдар.

 

1. Ең алғаш жарнама жұмысын 1841 жылы ағылшын азаматы Волни Пальмер ашты.

2. XX ғасырдан бастап жарнама жаңа бағытта дами бастады.

3. Жарнама қысқа, мәнді болу керек.

4. Біздің қалада ілінетін суретті жарнамалар көп.

 

2. Дарынды балаларға тапсырма беру (3 оқушы)

— Сендер біздің № 21 мектепке жарнама жасаңдар.

Оқушылыр  өз бетімен мәтінді оқиды.

 

 

Оқушылар айтады

 

 

 

Ұялы телефондары арқылы жаңа сөздердің аудармаларын табады.Сөздік дәптерлеріне жазып алады, дауыстап оқып шығады.

Оқушылар топ болып сұрақтар дайындайды.

 

 

 

 

Оқушылардың жауаптары

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Оқушылар дәптерлеріне, тақтаға шығып толық  синтаксистік талдау жасайды.Жайылма сөйлемнен жалаң сөйлем  шығарады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Суреттерін салып, қорғап, түсіндіріп береді.

Қорытынды

1.Өзін-өз бағалау, рефлексия жазу. «Ой толғаныс» сатысы

 

 

2. Үй тапсырмасын беру

(интерактивті тақтада)

-Бүгінгі бағалау критериясына қарап, өздеріңе баға беріңдер.

— бүгінгі тақырыбымыз қандай болды?

— Біз бүгін не істедік? Не көрдік?

 

 

Әр топқа  тапсырма:

1. Презентация жасау

2. Бір өнімді жарнамалап келу (сурет салу)

3. Газет- журналдардан жарнама жазып келу (2-3)

Оқушылар өздерін  бағалайды, түсіндіріп кетеді.

Рефлексия жазу ( не үйрендім? Не түсіндім? Нені түсінбедім?

 

 

Күнделіктеріне жазып алу.