Ұлттық шешендік өнер
| Қазақ тілі
| Сыныбы:11
| |||||
| Сабақ тақырыбы: | Ұлттық шешендік өнер | |||||
| Жалпы мақсат: | шешендік сөз туралы түсініктерін кеңейту.Оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттыру; ә) сөйлеу тілін,сөз мағынасын түсініп,шапшаң ой қорыта алуға,көркем ұқыпты жаза білуге дағдыландыру; б) тәрбиелік мәні бар мысалдар келтіре отырып, оқушыларды елін,жерін,Отанын сүюге тәрбиелеу.АКТ-ны тиімді пайдалану | |||||
| Сілтеме: | 1. Мұғалімдерге арналған нұсқаулық 98-104 б. 2. Қазақ тілін оқыту әдістемесі 3. 11-сыныпқа арналған қазақ тілі оқулығы бет 4. Портал материалдары | |||||
| Оқу нәтижесі: | Ұлттық шешендік өнердің тарихын білуі,сөз мәнеріне машықтануы. АКТ пайдалана алуы | |||||
| Негізгі идеялар: | Ұлттық шешендік өнерді насихатау,сөз әдебін қалыптастыру | |||||
| Сабақта қолданылатын материалдар: | интерактивті такта,флипчарт,оқулық, | |||||
| Оқыту әдістері: | Жаңа әдістер: сұрақ- жауап, диалог. АКТ, СТО Бағалау | Жеке, жұптық, топтық жұмыс
Түртіп алу,екі жақты күнделік, | ||||
| Дерек көздері: | Шешендік өнер тақырыбына арналған материалдар: 1. Шешендік сөздер 2. Қазақ тілінен оқушы анықтамалығы 188 бет 3. Википедия ашық энциклопедиясы | |||||
| Тапсырмалар: | сұрақтарға жауап беру, салыстыру, постер салу, дәптермен жұмыс,рефлексия жасау | |||||
Сабақ бойынша мұғалім мен оқушының іс-әрекеті:
| І. Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу (3 мин) | Мұғалімнің іс-әрекеті | Оқушының іс-әрекеті | |
| «Амандасу » биін билету арқылы сыныпта психоло-гиялық ахуалды қалыптастыру | Бір бірімен амандасу арқылы көңіл күйлерін көтеру | ||
| ІІ. ІО сыныпта өткенді қайталау | Мұғалімнің іс-әрекеті | Оқушының іс-әрекеті | |
| BLUB TREE-ді қолдана отырып ІО сыныпта не үйренгендерін білу | қағаз бетіне түсіру және талдау | ||
| ІІІ. Жаңа тақырып (10 мин) 8.38-8.48 | Мұғалімнің іс-әрекеті | Оқушының іс-әрекеті | |
| Power Point таныстырылымы арқылы сабақты түсіндіру «Ұлттық шешендік өнер» | Сабақты мұқият тыңдап, есте сақтау | ||
| Қызығушылықты ояту(10 мин) | Мұғалімнің іс-әрекеті | Оқушының іс-әрекеті | |
| Диалогқа түсу /сыныпқа сұрақ қою/дебат ұйымдастыру Дәстүрлі шешендік өнер дегеніміз не? Шығармашылық жұмыс: Мәтінді дауыс ырғағын құбылтып оқыңдар.Қалай оқығанда әсерлі болатынына назар аударыңдар.Мәтінді басшылыққа ала отырып, өздерің шығармасын сүйіп оқитын қаламгер жөнінде ой-толғаныстарыңды жазыңдар. | Диалогқа түсіп,сұрақтарға жауап беру
Мәтінді мәнерлеп оқып шығу
| ||
| IV.Қорытындылау (5 мин) | Мұғалімнің іс-әрекеті | Оқушының іс-әрекеті | |
| Бір біріне сұрақ қойдыру арқылы өздеріне бағалату «Жүйелі сөз жүйесін табады, жүйесіз сөз иесін табады» «Шешен сөз бастайды,көсем ел бастайды» тақырыбында әңгіме құрату | Өзін-өзі критериалды бағалау
Шағын әңгіме құрайды. | ||
| V. Үйге тапсырма беру (2 мин) | Мұғалімнің іс-әрекеті | Оқушының іс-әрекеті | |
| 17 жаттығуды орындау «Шешеннің сөзі –мерген, шебердің көзі-мерген» | Үй тапсырмасын білу, түртіп алу | ||
| VI. Бағалау (5 мин) | Мұғалімнің іс-әрекеті | Оқушының іс-әрекеті | |
| Формативті бағалау | Өзін өзі бағалау | ||
| VII. Рефлексия(3 м | Мұғалімнің іс-әрекеті | Оқушының іс-әрекеті | |
| «Екі жұлдыз,бір тілек» | Сабақтан алған әсерлері мен ұсыныстарын стикерге жазу | ||