Жаман жолдас
Сабақтың тақырыбы | Жаман жолдас | |||||
Мақсаты: | Сурет бойынша сабақтың тақырыбын анықтау, адал дос пен жаман жолдастың айырмасын ажырата білу; | |||||
Күтілетін нәтижелер | · Мәтіндегі адамдардың мінезін, іс-әрекетін сипаттайды. · Бүгінгі сабақтан өздеріне қорытынды жасай алады. · Адал дос пен жаман жолдастың айырмасын ажырата алады. | |||||
Керекті жабдықтар | Презентация, қалпақтар, жазылған сөздер, қиылған түрлі түсті қағаздар, стикерлер, | |||||
Сабақ барысы: | ||||||
Сабақ кезеңдері және тапсырма түрлері | Мұғалім әрекеті | Оқушы әрекеті | Бағалау | |||
Психологиялық дайындық 3 мин | Оқушыларға сәттілік тілеу. «Жағымсыз эмоция» тренингін ұйымдастыру. Қағазға жағымсыз эмоцияларын жазғызып, оны жыртып-жыртып файлға салып, лақтырып тастау
| Тілекті қабылдай алу. Топтағы балаларға қимылды көрсетіп, тренингті өткізеді. Психологиялық орта құру арқылы, оқушылардың көңіл-күйі көтеріледі. | қолпаштау | |||
Топқа бөлу 2 мин | Әуен қойылып, түрлі -түсті пішіндер беріледі, пішіндердің түсі мен формасына қарай топтарға бөлу | Ұйымшылдық, ынтымақтастық. | қолпаштау | |||
Үй жұмысы 5 мин | «Адал дос» мәтінін мазмұндату, | Критериалды бағалау бойынша өз мүмкіндіктерін пайдалануға тырысады, | қолпаштау | |||
Кіріспе 5 мин
| Интерактивті тақтадан «Жаман жолдас» әңгімесіне қатысты сурет көрсету. (Әр оқушының алдында мәтін жатады.) | Оқушылар бар назарын сабаққа аударып, сабақтың тақырыбына болжау жасайды. «Жаман жолдас» мәтінін оқушылар тізбекпен оқып береді. | мадақтау | |||
Негізгі бөлім 15 мин
Жазбаша жұмыс. 7 мин
| «Алты қалпақ» стратегиясымен жұмыс жасату «Ақ қалпақ» тобы: Мәтіннен түсінгендеріңізді айтасыздар. «Сары қалпақ» тобы: Достардың жағымды, жағымсыз жақтарын айтасыздар. «Жасыл қалпақ» тобы: Сіздер осы адамдардың орнында болсаңыздар не істер едіңіздер? Жұптық жұмыс Мәтін бойынша сөйлемдердің дұрыс-бұрыстығын анықтаңдар. Оқушылар алдында кеспе қағаздарда тапсырма жатады, жұптаса жұмыс істеп, бір-бірінің дәптерлерін тексертеді, қателері болса анықтайды.
| Топ көшбасшысы бағалау парағына бағалап отырады.
Мәтінді өз беттерінше оқу, мәтіннің мазмұнын өз сөздерімен айтуға тырысу
ақкөңіл, ақылды, досының қамын ойлайды. досын жалғыз тастап кетеді, қорқақ,
Ауру досымызға қорған болғар едік,
Сөйлемдердің дұрыс-бұрыстығын анықтайды, бір-бірінің дәптерлерін тексереді. 1.Екі адам келе жатып, бір аюға кездесіпті. 2. Олардың екеуі де мықты, шапшаң екен. 3. Аюды көрген кезде, ауру адам сау жолдасын тастап, бір ағаштың басына шығып кетіпті. 4. Ауру, әлсіз адамның ағаштың басына шығуға дәрмені болмайды. 5.Өйткені аю ауру кісіге тимейді екен. 6. — Достым, аю құлағыңа не деп сыбырлап кетті? – депті. 7. Аю құлағыма: «Екінші рет тар жерде жолдасын жау қолына тастап кететін, өзінің ғана басын қорғайтын адаммен жолдас болма», — депті. | мадақтау
мадақтау
қолпаштау
| |||
Қорытынды 5 мин | Мәтіннен нені өзімізге қабылдауға болады, ал нені қабылдауға болмайды? Адал дос пен жаман жолдасты қалай айырасыңдар?
Топбасшыларының бағасын тыңдап барып, қорытынды бағаларын шығарады.
|
Тақтада ілулі тұрады. Стикерге жазып жапсырады. Ауызша жауап алу
Рефлексия жазды |
Қорытынды бағалау | |||
Үй жұмысы 3 мин
| Мәтінді мазмұндау. «Жаман жолдас» Достық туралы мақал-мәтелдер жаттап келу | Күнделіктеріне жазып алады. | ||||