Қайталау-білім анасы.(5-сынып)
Сабақтың тақырыбы: Қайталау-білім анасы.(5-сынып)
Сабақтың мақсаты:
1.Оқушылардың өткен материалды қаншалықты меңгергенін бақылау,санада бекіту.
2.Оқушылардың дүниетанымын кеңейту,сөздік қорын молайту,шығармашылыққа баулу,ұжыммен жұмыс жасауға,басқаның пікірімен санасуға үйрету.
3.Өз тілін сүйе білуге,құрметтеуге, тапқырлыққа баулу.
Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру.
Сынып тазалығын бақылау, сабаққа
дайындығын тексеру.
2.Үй тапсырмасы.
Сабақтың бойтұмары: «Қайталау-оқу анасы»,
Мақалдың бір данасы.
Өткенді еске түсірсең,
Ешкімнің жоқ таласы.
1-бөлім. Кім көп біледі?
Мақалдың жалғасын табу керек.
1.Көп оқыған білмейді,………
2.Көз көруге тоймайды,……
3.Гүл өссе елдің көркі,……
4.Адам-көркі шүберек,…..
5.Жер құтты болса,…….
6.Ақымақ күлкіге тоймас,…
7.Күйеу жүз жылдық,…..
8.Ана көрген тон пішер,….
9.Тіл тас жарады,…
- Кітап-білім бұлағы,…..
2-бөлім. Тапқыр болсаң,тауып көр.
Суретке қарап отырып,тұрақты тіркес пен мақал-мәтел айту керек.
1.Тіл мен тіс
2Түйе,қой
3.Көз бен кірпік
4.Қас пен қабақ
5.Жүзік пен жүрек
6.Адам мен қоян
3-бөлім. Бұл қай шығарма?
Тіркек сөздерді есіңе түсір де,айта ғой.
1.Аузымен құс тістеген.
2 Төбе құйқасы шымырлау.
3.Бетегеден биік, жусаннан аласа.
4.Сөздің аяғын күтпеу.
5.Астан-кестен болып бүліну.
6.Бір қызарып,бір бозару.
4-бөлім. Кім шапшаң екен?
Тұрақты тіркестің мағынасын түсіндір.
1Үріп ауызға салғандай-
2.Ит арқасы қиянда-
3.Қой аузына шөп алмас-
4.Зәресі зәр түбіне жету-
5.Аузы-аузына жұқпау-
6.Саусақпен санағандай-
7.Құйып қойғандай-
8.Аяғын бір етікке тығу-
9.Құлаққа ұрған танадай-
10.Көз шырымын алу-
5-бөлім. Әзіл аралас сұрақтар.
Тұрақты тіркеспен немесе мақалмен жауап бер.
- Қар жана ма?
- Адамның төбесі көкке жете ме?
- Екі аяқ бір етікке сия ма?
- Жұмыстың аяғы баоа ма?
- Адамның қай жеріне нан піседі?
- Сөйлегенде сөз ауыздан түсіп қала ма?
- Сиырдың сүті қай жерінде?
- Қарғыстың ең жаманы не?
- Қандай кілт аспанда?
- Тауық түс көре ме?
- Жылағысы келген бала қайтеді?
- Адамда арқау бола ма?
- Білгенің нешеу,білмегенің нешеу?
- Ер неше рет өледі,қорқақ неше рет өледі?
- Көрдім деген неше сөз,көрмедім деген неше сөз?
- Қайтсең тегін ішесің?
- Адамның қанаты бола ма?Болса,ол не?
- Неден не жаман?
- Адамның қай мүшесі қорқақ,қай мүшесі батыр?
- Түкіріктен көл құрала ма?
6-бөлім. Бекіту.
1.Лексика нені зерттейді?
2.Омоним мен синонимнің айырмашылығы неде?
3.Табу сөз деген не?
4.Мақал мен мәтелдің айырмашылығы неде?
5.Фразеология нені зерттейді?
6.Эвфемизм мен дисфемизм деген не?
Бағалау.
Сабақтың тақырыбы: Жаңа сөздер(Неологизмдер)
Сабақтың мақсаты:
а)Жаңа сөздер,олардың жасалуы,құрамы мен жаңа сөздердің таралуы туралы түсінік беру.
ә)Теориялық тұрғыда білім бере отырып,практикамен ұштастыру,
сөйлемнен табуға,сауатты жазуға дағдыландыру.
б)Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру, тілін сүюге тәрбиелеу.
Сабактың көрнекілігі: плакат,схема,тест,семантикалық карта,жетон.
Сабақтың әдіс-тәсілдері: сәйкестендіру тесті,сұрақ-жауап, талдау.
Сабақтың барысы: Ұйымдастыру.
Үй тапсырмасысын сұрау.
Сәйкестендіру тесті.
1.Тағам камзол
2.Киім тегене
3.Дәстүр дүрия
4.Ыдыс-аяқ бұжы
5.Мата өңіржиек
6.Қару-жарақ барымта
7.Бұйым қалқан
1.Ыдыс-аяқ саба
2.Киім-кешек қағұт
3.Аспаптар қамшы
4.Тағам қыл қобыз
5.Қапру-жарақ піспек
6.Сән бұйымы бөрік
Бұл қай шығарма екенін тап және көнерген сөзді тап.
1 .Қызыма сәлем айт:Сорқұдықтың басына көшін қондырмасын,қондырса кесір болады,-депті.
(«Ер Төстік»ертегісі)
- «Қылыш үстінде серт жүрмейді» деуші еді,антыңды қайтып ал» дегені еді.
(«Аяз би»ертегісі)
3.Хан разы болып,зынданда жатқан Мергенбай батырдыы,оның әйелін,басқа адамдарды да азат етеді.
(«Кер құла атты Кендебай»ертегісі)
4.Қаһан шың еткізіп, қынабынан қысқа,қайқы наркескенін суырып алды.
(«Ақсақ құлан,Жошы хан» аңыз-әңгімесі)
- «Сенің қалыңмалың шашымнан көп-ау»дегені еді.Қыз түсініп,астындағы тақыр тулақты сипады.
(Жиренше шешен)
Жаңа сабақ
Тілде жаңа ұғымдарды білдіретін сөздерді жаңа сөздер немесе неологизмдер деп атаймыз.Олар тілге алғаш енген кезінде ғана жаңа сөз бола алады. Мысалы:космос-ғарыш,класс-сынып капуста-сәбіз.
Жаңа сөздер үнемі жаңа сөз болып тұрмайды,көпшілік қауым бұл сөздерді меңгерген кезде,олар жалпы халықтық сипатқа ие болады да неологизм болудан қалады.
Неологизмдердің жасалуы:
1.Бұрын-соңды тілде болып көрмеген сөздер.
Мысалы: театр,комьпютер,жүйелі телефон.
2.Бұрыннан бар атаулар.
Мысалы: кеден,төлқұжат,теңге,зейнеткер.
Кітаппен жұмыс.
163-жаттығу. Бастауыш сыныптарда оқып үйренген пәндеріңнен білетін атау мәндегі сөздерді сала-салаға топтап жазып шығыңдар.Олардың қайсысы жаңа сөз астын сыз.
Еңбек:
Дүниетану:
Ана тілі:
Қазақ тілі:
164-жаттығу.Мәтіндегі жаңа сипаттағы сөздерді теріп жазыңдар.
Жаңа сөздер: шаруа қожалығы,көп салалы шаруашылық,банк,несие,
мемлекеттік салық.
Сергіту сәті. «Ойдағы жұмбақ»
Бекіту..
1.Помидор қызанақ
2.Пенсия зейнетақы
3.Капуста орамжапырақ
4.Президент елбасы
5.Семья отбасы
6.Әнұран гимн
7.Қарыз несие
8.Пластилин ермексаз
9.Ілгек түйме
Үйге тапсырма. 165-жаттығу.
Бағалау.