Ээ дыбысы мен әрпі

 

Сабақтың тақырыбы:  Ээ дыбысы мен әрпі

Сабақтың мақсатты: Білімділік:Оқушыларды  э  дыбысы мен әрпімен таныстыру. Э  дыбысы бар сөздерге дыбыстық талдау жасай білуге үйрету. Сөздерді дұрыс оқуға және сауатты жазуға төселдіру.

Дамытушылық: Ой-өрісін, тіл байлықтарын арттыру,тапқырлық , іздемпаздық  қасиеттерін дамыту.

Тәрбиелік:Оқушыларды сауатты әрі көркем жазуға, кішіпейілдікке, ұйымшыл болуға, достарына құрметпен қарауға тәрбиелеу.                                  

  Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Әдіс-тәсілдері: Түсіндіру, көрнекілік, сұрақ-жауап,әңгімелесу.

Көрнекілігі:Интерактивті  тақта ,суреттер, сөздер.

Сабақтың барысы:

I Ұйымдастыру кезеңі:

Психологиялық  дайындық                (№ 2 Слайд)

Сәлеметсіз бе, Күн!

Сәлеметсіз бе, Жер!

Сәлеметсіз бе, Сіз!

Сәлеметпіз  біз!

Сәлем бердік  сіздерге

Құрметпенен  біз!

Балалар, бүгін бізде ерекше сабақ. Сабағымызға  көп  қонақтар келіп отыр.Ал балалар сендердің білімдеріңді  сабақ  соңында  мынадай  суреттермен  бағалаймын.

II Өткенді қайталау:       (түлкі суретін  тақтаға іліп  қою)        (№3  Слайд)

 

  • Мына суретте нені  көріп отырсыңдар?
  • Бұл түлкі  сендерден  көмек сұрап келіп  отыр. Қу  түлкі  ормандағы барлық аңдарды алдап  кеткен екен, үйіне  барайын  десе  барлық  аңдар  жолына  тұрып  алыпты.
  • Балалар, түлкіге көмектесейік.Ол  үшін  мына жолда тұрған  аңдардың  тапсырмаларын орындайық та  түлкіні үйіне  жіберейік.

Аң  патшасы арыстаннның   тапсырмасы:      ( № 5 Слайд)

—     Өткен  сабақта  қандай  дыбыс өттіңдер?

  • Ц дыбысы  қандай  дыбыс?
  • Неге ц   дыбысы дауыссыз?
  • Ц әрпі қай  тілден енген  сөздерде  кездеседі?
  • «Цирк » мәтінін тізбектеп оқып беріңдер.

 

III. Жаңа сабақ:

Қорбаңдаған аюдың  тапсырмасы:                                                                                                                                   1)  АЮДЫҢ  1 – тапсырмасы:    (№ 6 Слайд)  

        Жұмбақ  жасыру           (интеракт.  тақтамен жұмыс  № 1 тапсырма)

Үйге сым кіреді

Қараңғыны жарық етіп  жібереді. Бұл не?

  • Бұл сөз қандай дыбыстан басталып айтылған?

Ээ дыбысынан келетін сөздерді дауыстап айтып, олардың суреттерін көрсете

отырып, жаңа сабаққа көшу. Ээ   әрпін тақтаға іліп көрсету. (Жазба және  баспа  түрлерін  көрсету ) Дауыстап хормен  бірнеше рет айтқызу.

— Ээ   дыбысы  қандай  дыбыс деп ойлайсыңдар?   (дауысты дыбыс  екенін айту)

2) Э  әрпін тақтаның  № 4 тапсырманы  орындату  (Көк  киіз үйге  Э әрпін  кіргізу)

— Неліктен  Э дыбысы  дауысты  дыбыс?

4) № 2  тапсырмадағы суреттердің аттарын атап  қандай  дыбыстардан басталатынын айтқызу

АЮДЫҢ  2- тапсырмасы:   Экскаватор өзінің  мағынасын  түсіндіру.

Экскаватор —  жер  қазатын  машина.

ЭКСКАВАТОР  сөзіне  дыбыстық  талдау  жасаңдар,  сөз неше дыбыстан, неше әріптен, буыннан, неше дауысты, неше дауыссыз  дыбыс  бар екенін  айтыңдар? Осы  сөзге сөйлем  құрайық.

АЮДЫҢ 3 – тапсырмасы:  Оқулықпен жұмыс:

130-131беттердегі мәтіндерді дауыстап оқып беремін, не жайында екені жайлы айтып беру.

Элеватор- астық  сақтайтын  орын.

«Элеваторға  саяхат» мәтінін оқып,  талдату.

Оқушыларға  кезекпен  оқыту.

Нан жайында  берілген  тақпақты оқып  талдау.

 

 

ҚОЯННЫҢ   тапсырмасы:   (№ 7 Слайд)  Сендер шаршадыңдар. Менімен бірге аздап  бойымызды сергітіп алайық.   Сергіту сәті:

Көжектерім тұрыңдар

Беті –қолды жуыңдар

Енді  айнаға қараңдар,

Шаштарыңды тараңдар.

Киімдеріңді киіңдер

Мектепке қарай жүріңдер

Орындарыңа отырыңдар

Сабақтарыңды оқыңдар.

ҚАСҚЫРДЫҢ  тапсырмасы:     (№ 8Слайд)  Дәптермен жұмыс:                                                                                                                                              Дәптерімізді ашайық

Қолға қалам алайық,                                                                                                                        Салақтықтан арылып,

Әдемі етіп жазайық!                                                                                                                                           Ээ-әрпінің элементтерімен таныстыру, ауада жазғызу. Тақтадан  № 1  тапсырманы  орындату. Тақтада   бір оқушы Э әрпін жазады . Ээ- әрпін

дәптерге жазғызу.                                                                                                                                                                        IV Сабақты қорыту:   (№ 9 Слайд)  ЖОЛБАРЫСТЫҢ  тапсырмасы

№ 5 тапсырмамен  жұмыс  э дыбысы  бар  суреттерді  көрсет.                                                                                                                      – Э  дыбысы дауысты ма,  дауыссыз ба?

Сонымен балалар мына тақтада (№ 10 Слайд)                                                                                              

он   көлеміндегі  сандар жазулы тұр.Осы сандарды сендер  өсу реті  бойынша  орналастырыңдар, сонда  жасырын сөз шығады.

 

13245768
жраайысң

(№ 11 Слайд) Кестеде қандай сөз шықты? Жарайсыңдар   балалар!   Сендердің  білімдеріңе аңдар  риза болып, түлкіні  үйіне  жібереді. Бүгін сендер білім  төрінен орын алдыңдар.    Сондықтан мен сендерді сабақта жақсы  жұмыс жасағандарың үшін  мына  суреттерді тапсырамын.

  1. Оқушыларды мақтау-мадақтау.

VІ.  Үйге тапсырма:  131 – 131 беттегі мәтіндерді оқу, тақпақты жаттау