Менің досым
Сыныбы: 6 «Д» | Күні: | Мұғалімі: Қабылбекова С.Ж. | ||
Сабақтың тақырыбы | Менің досым | |||
Мақсаты | достары жайлы айта алу, досына сипаттама бере отырып, жаңа сөздерді меңгеру. | |||
Күтілетін нәтижелер | · досы туралы айтады; · досының сырт келбеті мен мінезіне сипаттама береді; | |||
Керекті жабдықтар | презентация, постер, түрлі-түсті қағаздар, маркерлер | |||
Сабақ барысы: | ||||
Сабақ кезеңдері және тапсырма түрлері | Мұғалім әрекеті | Оқушы әрекеті | Бағалау | |
Психологиялық дайындық 3 мин | «Шаттық шеңбері» тренингін ұйымдастыру | Психологиялық орта құру арқылы, оқушылардың көңіл-күйі көтеріледі. Оқушылар шеңберге тұрып бір-біріне жақсы тілектер айтады. | қолпаштау
| |
Топқа бөлу 2 мин | Әр түрлі суреттер салынған қағаз таратылады. Сол бойынша топтарға бөлініп отырады | Ұйымшылдық, ынтымақтастық. | қолпаштау | |
Кіріспе 5 мин | Интерактивті тақтадан достар туралы суреттер көрсету арқылы миға шабуыл жасау | Оқушылар бар назарын сабаққа аударып, сабақтың тақырыбына болжау жасайды. | қолдау | |
Негізгі бөлім 20 мин
| Топтық жұмыс 1-топ –Дос 2-топ –Досымның мінезі 3-топ – Досымның сырт келбеті
Жұптық жұмыс (диалог құрастыру)
Диалогта қолданған сын есімдерді тауып,сұрақ қояды, Берілген сын есімдермен сөз тіркесі мен сөйлем құрастырып жазады. | Топ болып талқылайды, постерге жазады, бір-бірінің жазғандарына сыни қарайды. Топ болып қорғайды.
«Менің досым» тақырыбына диалог құрастырады. Топтағы оқушылар бір-бірімен сұрақ-жауап арқылы сөйлеседі, ойларын айтып, қорытынды жасайды. Бір-бірінің дәптерлерін тексереді.
Сын есімнің ережесін шығарады.
Берілген сын есімдерді қатыстырып сөйлем құрастырады (адал, ізетті, мейірімді, ақылды, шыншыл, әділ), сөйлемдерді дәптеріне жазады, оқиды. | мадақтау
қолпаштау
мадақтау | |
Қорытынды 10 мин
| Тақырыпты қорытындылай келе «Менің досым» тақырыбына шағын әңгіме жазғызу
Қорытынды бағаларын айту | «Менің досым» тақырыбына ойын жинақтап, досының мінезі мен сырт келбетіне сипаттама береді. «Менің досым» тақырыбына шағын әңгіме жазады. Мәтіндерін оқиды. Басқа топтың оқушылары толықтырады.
Кері байланыс жазады 3 мин | қорытынды
| |
Үй жұмысы 3 мин | «Менің досым» мәтінді мазмұндау, 21 б. 1-тап. Достары жайлы слайд-презентация дайындау. | Күнделіктеріне жазып алады. | ||
Өзіндік есеп № 1
Сабақтың тақырыбы | Менің досым. | |
Сабақтың мақсаты | достары жайлы айта алу, досына сипаттама бере отырып, жаңа сөздерді меңгеру. | |
Күтілетін нәтиже | · досы туралы айтады;
| |
Тапсырмалар түрлері | Мұғалімнің рөлі | Оқушы белсенділігі |
· Сергіту сәтін ұйымдастырдым, · Суреттерді табу арқылы топқа бөлдім. · Оқушыларға ой шақыру үшін миға шабуыл жасадым, сабаққа кіріспе ретінде достар жайлы слайд көрсеттім. · СТО стратегиясы бойынша топтық жұмыс жасаттым. · «Менің досым» туралы әр топтың пікірін білдім. · Сабақты қорытындылап өттім, «Менің досым» тақырыбына шағын әңгіме жазғыздым. · Д/Т балаларды анықтау мақсатында жұмыс жүргіздім. · Үй тапсырмасын бердім. · Рефлексия жазғыздым. | · Сыныпта ынтымақтастық атмосферасы қалыптасты. · Оқушылардың сабаққа деген ынтасы оянды. · Жаңа тақырыпқа сай әрқайсысы өз пікірлерін айтты. · Оқушылар топта бірлесіп жұмыс жасай бастады. · Тақырып бойынша үш топ кезектесіп қорғады, сұрақтар қойып нақтылап отырды. · Олар постерге достарын сипаттап жазды. · Жаңа сабақтан алған әсерлерін жазды. · Рефлексия жазды | |
Қолданылған модульдер | Келесі модульдерді қолдандым | Оқушылар не үйренді |
· СТО; · АКТ; · Дарындылық және көшбасшылық; · Білім берудегі бағалау; · Диалогтық әдіс; · Дарынды балалармен жұмыс. | · Өз ойын ашық айтуға; · Топта белсенділік танытуға; · Өз білімін сабақ үстінде қолдануға; · Мұғаліммен және жолдастарымен пікір алмасуға; · Өзіне сенімділікпен қарауға. | |
Мен не үйрендім | Сыныпта ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру үшін сергіту сәтін өткізу керек екенін, топтың жұмыс барысында әр оқушыға көңіл бөлу керек екенін үйрендім. Сергіту сәтін жүргізуді үйрендім. | |
Кедергілер | · Оқушылардың уақытпен санаспауы; · Оқушылар топ жұмыстарын қорғау барысында пікірлерді тыңдамай, өз жұмыстарын ары қарай жалғастыру; | |
Түйін | Әр сабақта сергіту сәтін өткізу керек деген ой түйдім. |