азақ — қонақжай халық. Дастарқан – отбасының дархандығы.
Сабақтың тақырыбы: Қазақ — қонақжай халық. Дастарқан – отбасының дархандығы.
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Оқушылардың қазақ халқының салт-дәстүрлері жайлы
түсініктерін жетілдіре отырып, қазақ ұлтының,тұрмыстық
мәдениетінің ізгілікті рухын сезіндіру.
Дамытушылық: Сөйлеуін, тілін дамыту,өзіндік пікірлерін ашық айтуға,
қалыптастыруға баулу, ойлау қабілеттерін арттыру.
Тәрбиелік: Жас ұрпақты адамгершілікке,ұлтжандылыққа,қонақжайлылыққа
тәрбиелеу, сыйластық пен татулыққа, кішіпейілдікке баулу,
Сабақтың түрі: Аралас,топтық
Сабақтың әдісі:Түсіндіру,ой қозғау бейнелеу,әңгімелесу,аударма, сұрақ- жауап,
топпен, ұжымдық жұмыс,топтастыру,сәйкестендіру,рөлдік
шеберлік,деңгейлік тапсырмалар, шығармашылық жұмыстар.
Сабақтың көрнекілігі: Мақал-мәтелдер,дәстүрді бейнелейтін суреттер.
Интерактивті тақта,сызбалар,слайдтар
Сабақтың барысы: І Ұйымдастыру кезеңі
Ең алдымен ағаш ыдысқа 3түрлі конфет әкеліп,шашу шашам немесе таратамын.
-Оқушылар,
1)Топқа бөлу
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
1) Киелі сандардың құпиясы
Үй тапсырмасы: 3топтан киелі сандар туралы сұрау,ерекшелігін айту.
ІІІ.Жаңа сабақты түсіндіру.Слайдты басшылыққа алу
Қазақ халқының қонақжайлылығын,көңілінің дархандығын,дастарханның молшылығын,ерекшелігін түсіндіру.
ІV.Сөздікпен жұмыс
Қағида-принцип
Мырзалық-щедрость
Жөн – жосық-порядок,правила,касающиеся обычаев,традиций
Құдірет – мощь
Кие-святость
Туыстық-қатынас- родственные отношения
Өсиет-наставление
- V. Жаттығу жұмыстары
3-жаттығу
І ІІ ІІІ
Мәтінмен жұмыс Диалог 3-жаттығу
Түсінік айту Сұхбат Нақыл сөздерді жаттау
4-жаттығу. Мақалдың мағынасын аш.
3топ мақалдың мағынасын ашуы керек.
6-тапсырма Қонақ күтудің жазылмаған заңы «Қонақкәде»
VI.Сергіту сәті.
7-жаттығу
М.Шахановтың «Туған күн кешінде» әнін тыңдап,қонақкәде беру.
VII.Дастарқан — отбасының дархандығы.
1-жаттығу
3топ қазақтың ұлттық тағамдарын табу, маркер мен плакат тарату.
І топ.Шұбат пен қуырдақ (сөйлем ойлау,синтаксистік талдау жасау)
ІІ топ.Қымыз бен бауырсақ (фонетикалық талдау)
ІІІ топ.Уыз бен бесбармақ (сөйлем ойлау,морфологиялық талдау жасау)
Тамақ түрлері
2-жаттығу
VIII. Сәйкестендіру сауалнамасы
3-тапсырма
Сыбаға | Жас босанған әйелге арналып сойылған малдың жас еті. |
Қонақасы | Бұл-әр жыл сайын қайталанып отыратын қыстық,азық-түліктің мол қоры. Оған түйе,жылқы,сиыр сияқты ірі мал сойылады. |
Қалжа | Сыйлы қонақтарға,алыстан келген құрметті кісілерге,сойылған малдың басы малға бата жасаған жасы үлкен кісінің алдына қойылады. |
Бас тарту | Қадірменді,сыйлы адамға арнайы сақталған соғым еті. |
Соғым | Қонаққа арнап әзірленген тағам,ас. |
ІХ. Деңгейлік тапсырма
Әр оқушы өзінің шама-шарқы бойынша деңгейлік тапсырмаларды орындайды.
ІІІ деңгей Тақырыпқа байланысты шағын эссе жазады.
ІІ деңгей Тақырыпқа сай мақал жазып,мағынасын ашу
І деңгей Өлең шығару
Х. Интерактивті тақтамен жұмыс.Топтастыру
Дастарқан-дархандығы
Жақсылыққа
киелі шашулы
Ақ Ой тастау
Құтты той
мол
ХІ.Үйге тапсырма:
- Қ.Мырзалиевтің «Қазақтарды шетелдік қонақтарға таныстыру»өлеңін жаттау.
- Тақырыпқа сай мақалдар жазып келу.
XІІ.Бағалау