Қайталау – оқу анасы /Салалас құрмалас сөйлемдер/ / 8 – сынып /
Сабақтың тақырыбы: Қайталау – оқу анасы /Салалас құрмалас сөйлемдер/ / 8 – сынып /
Сабақтың мақсаты: а/ Теориялық білімдерін практикада қолдану,
өткен тақырыптарды пысықтау,бекіту
ә/Оқушылардың ұлтжандылық сезімдерін шыңдау,
адамгершілікке тәрбиелеу
б/Ой еркіндігіне, ізденімпаздыққа,шығармашылыққа
баулу
Сабақтың типі: Қайталау
Сабақтың түрі: Ізденіс сабағы
Сабақтың әдісі: СТО жобасы стратегиялары
Пәнаралық байланыс: Әдебиет, тарих
Көрнекілігі: Слайдтар, сызбалар, интерактивті тапсырмалар, үнтаспа
Сабақтың барысы: І. Қызығушылықты ояту
ІІ. Мағынаны тану
ІІІ. Ой – толғаныс
І. Қызығушылықты ояту: Оқушыларды түгендеу, назарын сабаққа аудару.
Үй тапсырмасын сұрау
«Категориялы топтастыру» стратегиясы бойынша тақырыптан не білеміз, соны топтастыру.
ІІ Мағынаны тану
/ЖИГСО әдісі бойынша 4 топқа берілген салалас құрмалас сөйлемдерден салаластарды мағынасына қарай ажырату, өз тобында талдау,дәлелдеу./
- Сабақты жақсы айттың, дегенмен әлі толықтыруға болады.
- Ән басылып қалды,бірақ гитара сазы тоқталған жоқ — ты
- Жүрген жерін білетін шығар, өйткені жақында ол Жайық бетінен келді.
- Теңіз тынышталды, бірақ еш нәрсе көрінбейді.
- Оқуға баруды армандаймын, сондықтан көп оқимын.
- Сабырлы Олжабектің сасқаны сонша – орнынан атып тұрды.
- Бұл жолы інге кірген із жалғыз: ақ тиіннің барында еш күмін жоқ еді.
- Таң атты, мен ояндым.
- Ауыл қыстауға көшті де, ол қалаға кетті.
10.Үй толған адам: қыз – қырқын қалмастан жиналған.
- Әрі шешесі Темірге қызығады, әрі әкесі Сойдаққа берген антын бұзғысы келмейді.
- Елдегі хал мынау: пара, ұрлық, зорлық, мастық, надандық тұншықтырып жатыр еді.
Семантикалық карталармен жұмыстану.
Семантикалық карта
Сөйлем | Тыныс белгісі | Жалғаулықты | Жалғаулықсыз |
Күнсіз гүл өспес Күтусіз гүл өспес | , | + | |
Шапалақ шарт етті де көзімнің оты жарқ етті. | |||
Көзбен көр де ішпен біл | |||
Екі тау қосылмайды екі ел қосылады. | |||
Мал үшін таласпа ар үшін талас | |||
Ел өнерге бой ұрды сол себепті қараңғылық жойылды. | |||
Білгені сол ел азбаған екен. | |||
Ақылсыздықты екі белгісінен білуге болады ол өзіне пайдасы жоқ сөзді айтады не біреудің сөзіне жөнсіз араласады. |
Шығармашылық диктант
- Жалғаулықтарын қой.
Осыны сіздер ойлар деп сенемін…өзіме де сонны арқау етемін.
Көйлегі көлеңдеп аяқ сыбдырын білдірмей басып біреу кіріп келді … Асылбекке төне түсті.
- Түсіндірмелі салаластың тыныс белгісін қойып,түсіндір.
Абай осы күндерде байқады әкесінің сақал, шашындағы ақ көбейіп, бетінің әжімдері де молая түскен екен.
Өмір сүрудің екі түрі бар шіру мен жану.
- Қарсылықты салаласты теріп жаз.
Ақылдасып көріп еді, Ербол тыңнан еш нәрсе тапқан жоқ.
Дос жылатып айтады, дұшпан күлдіріп айтады.
Мен жігіттің көзіне туралап қарап едім, аңғармады.
Еңбек ерлікке жеткізер, ерлік елдікке жеткізер.
Мына сөйлемдерге синтаксистік сатылай кешенді талдау жасау
Көйлегі көлеңдеп, аяқ Мен жігіттің көзіне тура қарап едім,
сыбдырын білдірмей басып аңғармады.
біреу кіріп келді де, Асылбекке
төне түсті.
5 минуттық эссе. «Менің Отаным — Қазақстан», «Біз – еліміздің ертеңіміз», «Жолдау жол сілтейді»
/Оқушылар таңдаған тақырыптың біріне салалас құрмаласты қатыстырып, эссе жазады./
ІІІ. Ой-толғаныс. Венн диаграмасы арқылы бекіту.
Үйге тапсырма: Салалас құрмаластың мағыналық түрлеріне
5 сөйлем жазып, синтаксистік талдау.
Бағалау