Кезектес салалас.
Сабақтың тақырыбы: Кезектес салалас.
Сабақтың мақсаты: Кезектес салалас сөйлеммен танысады. Салаластың мағыналық түрлерін толық меңгереді.
Міндеттері:
- Кезектес салалас сөйлемнің жасалу жолын біледі, кезектес салалас сөйлемді салаластың басқа түрлерінен ажырата алады.
- Синтаксистік талдау кезінде алған білімдерін қолдана алады.
- Бірлесіп жұмыс істейді. Ой қорытындысын жасауға дағдыланады.
Бағалау:
- Сұрақтарға жауап беру арқылы.
- Оқушылардың грамматикалық тапсырмаларды орындау кезінде өткен материалдарды пайдалана білуі арқылы.
- Венн диаграммасын құрастыр кезінде тапсырманы дұрыс орындай білуі.
Қолданылған әдіс-тәсілдер: “Топтастыру”, “Кубизм”, “Түртіп алу”.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі.
І. Қызығушылықты ояту.
“Топтастыру” стратегиясы бойынша құрмалас сөйлемдерден білетін ұғымдарын жаздыру.
Құрмалас сөйлем
Салалас Сабақтас Аралас
- Ыңғайлас 1. Шартты
- Қарсылықты 2. Қарсылықты
- Себеп-салдар 3. Себеп
- Түсіндірмелі 4. Мезгіл
- Талғаулы 5. Қимыл-сын
- Кезектес 6. Мақсат
Содан соң өздеріне таныс емес салаластың астын сыздырамын.
ІІ. Мағынаны тану.
Оқулықтағы мәтінді оқып, танысады.
“Кубизм” стратегиясы.
- Суреттеңіз. Кезектес салалас сөйлем дегеніміз не?
- Салыстырыңыз. Кезектес салаласты басқа салаласпен салыстырыңыз.
- Саралаңыз. Жасалу жолы жайлы не білесің? Кезектестің басқа салаластан қандай ерекшелігі бар?
- Қолданыңыз. Кезектес салаласқа мысал келтір.
Ойашар.
ІІІ. Ой толғаныс.
Оқулықпен жұмыс.
“Түртіп алу” стратегиясы бойынша 116-жаттығу.
- Сөйлемді тақтаға жаздыру.
- Сөйлемнің тұрлаулы, тұрлаусыз мүшелерін табу.
- Қандай жалғаулық шылаулар арқылы байланысып тұрғанын табу.
- Салалас құрмаластың қай түріне жататынын тапқызу.
Қорытындылау.
“Венн диаграммасын” толтыру.
Кезектес салаласты түсіндірмелі салаласпен салыстыру
Бағалау.
Үйге тапсырма: 118- жаттығу.
- Берілген жай сөйлемдерді мағыналарына қарай топтастыру.
- Кезектес салалас сөйлемге айналдыру.