Жай сөйлем модулі бойынша қорытынды деңгейлік өздік жұмысы
Жай сөйлем модулі бойынша қорытынды деңгейлік өздік жұмысы
(12 жылдық 5-экс. сынып)
Мақсаттары: 1. Сөйлемнің түрлері модулі бойынша олқылықты анықтау. 2. Ой белсенділіктерін дамыту. 3. Оқушыларды тапқырлыққа, өз бетімен жұмыс істей білуге үйрету.
Сабақтың түрі: қайталау сабақ.
Сабақтың әдісі: оқытудың үшөлшемді әдістемелік жүйесі.
Көрнекілік: деңгейлік тапсырмалар таратылған парақтар, интерактивті тақтада табиғат суреті .
Пәнаралық байланыс: қазақ әдебиеті
Сабақтың барысы: а)Ұйымдастыру.
Сабақтың жоспарымен таныстыру.
- Деңгейлік тапсырмалар орындау (10 минут)
- Деңгейлік тапсырмаларды тексеру (5 минут)
- Жай сөйлем синтаксисі (10 минут)
- 4. Сурет бойынша хабарлы, сұраулы, лепті сөйлемдері бар мәтін құрастыру. (10 минут)
- Қорытынды (5 минут).
- Бағалау (3 минут).
- Үйге тапсырма (2 минут).
- Деңгейлік тапсырмалар орындау (10 минут)
1- деңгей — 5 ұпай = бағасы «3».
Сұрақтарға толық жауап бер.
- «Сөйлем» дегеніміз не?
- Сөйлемдер ____ түрге бөлінеді.
3. Сөйлем соңына ______, _____, _______ тыныс белгілері қойылады. - Жауап алу мақсатында сұрай айтылған сөйлем ______ сөйлем деп аталады.
- Айтушының көңіл-күйін білдіретін сөйлем ________ сөйлем деп аталады.
2- деңгей — 5 ұпай + 4 ұпай = 9 ұпай = бағасы «4».
Мына сөйлемдерге тиісті тыныс белгілерін қой.
- Сен ауылға бардың ғой,иә
- Сөйлемді жазып шық
- Арман атасымен ұзақ әңгімелесті
- Кіммен сөйлесіп тұрғанымды білемін
- Отаным қандай кең байтақ, Астанам неткен тамаша
3- деңгей — 9 ұпай + 3 ұпай = 12 ұпай = бағасы «5».
1.Сұраулы сөйлемдерді хабарлы сөйлемдерге айналдыр.
Сұраулы сөйлемдер қандай сұрау есімдіктері мен сұраулық шылаулар арқылы жасалған?
| № | Сұраулы сөйлем | Хабарлы сөйлем |
| 1 | Мен атама қашан барамын? | |
| 2 | Құстар қашан ұшып келеді? | |
| 3 | Сабақ қашан басталды? | |
| 4 | Мұғалім мектепке кімді шақырды? |
- Хабарлы сөйлемдерге синтаксистік талдау жаса.
- II. Деңгейлік тапсырмаларды тексеру (5 минут)
Әр деңгейлік тапсырма тексеріледі.
Мұғалім дұрыс жауаптарын айтып тұрады .Оқушылар өз жұмыстарын тексереді.
Қолдарындағы деңгейлік тапсырмаларды бағалауға арналған кестеге «+» немесе «-» белгілерін қойып отырады.
III . Жай сөйлем синтаксисі (10 минут)
| № | Мысалдар | Хабарлы | Сұраулы | Лепті | Бұйрықты |
| 1 | Жиналыс басталды ма | ||||
| 2 | Аспан шайдай ашық | ||||
| 3 | Бұл – Байжанның талай келген үйі | ||||
| 4 | Сізде де арман бар ма екен | ||||
| 5 | Қане, жігіттер аттарыңды қамдаңдар | ||||
| 6 | Сонша малға жерді қайдан таппақсың |
| 7 | Баяндамашыға сұрақ бар ма | ||||
| 8 | Түн жым-жырт | ||||
| 9 | Ойбай-ау,кеше мен осылай деп пе едім | ||||
| 10 | Келші, қалқам менің қасыма отыршы | ||||
| 11 | Қандай тамаша көл | ||||
| 12 | Балам , жөніңді айтшы |
IV.Сурет бойынша хабарлы, сұраулы, лепті сөйлемдері бар мәтін құрастыру.
- Қорытынды.
- Бағалау.
VII. Үйге тапсырма. 249-251беттегі тест сұрақтарына жауап беру.