Үндестік заңы.
Сабақтың тақырыбы: Үндестік заңы.
Сабақтың мақсаты: 1) Білімділік: Оқушылардың грамматикадан оқып, үй-ренген ережелерін ойындар арқылы қайталап бекіте түсу. Үндестік заңына ба-ғынбайтын қосымшалармен таныстыру, мысалдар келтіру арқылы дәлелдеу.
2) Дамытушылық: Жауапты тез таптырып, тапқырлыққа дағдыландыру. Тілі-міздегі көп қолданылатын мақал-мәтелдер мен тұрақты сөз тіркестерінен молырақ мәлімет беру. Жаттығу жұмыстары арқылы мағынаны таныту. Есте сақтау, ойлау қабілеттерін арттыру.
3) Тәрбиелік: Тіл дамыту жұмыстарын жүйелі әрі қызықты етіп ұйымдас-тырудың тиімділігін сезіндіру.
Сабақтың көрнекілігі: плакаттар, оқу құралдары (түрлі-түсті қағаздар, қалам т.б.), кеспе қағаздар, ойындар.
Сабақтың түрі: Тіл дамыту сабағы.
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: сәлемдесу, түгелдеу, оқу құрал-дарын даярлау, сабаққа назарларын аудару.
Сабақ жоспары:
- Сұрақ-жауап.
- Сөз табу.
- Жаңа сабақ.
- Шығармашылық жұмыс.
- Мәтінмен жұмыс.
- Терме диктант.
- «Ойлан тап!».
- Қорытынды.
- Үйге тапсырма.
- Бағалау.
Үй тапсырмасын қайталау. Сұрақ-жауап.
Сұрақтар:
- Қазақ әліпбиінде қанша әріп бар? Қанша дыбыс бар?
- Әріп деген не? Дыбыс деген не?
- Дыбыстың қандай түрлері бар?
- Дауыстылар нешеу? Дауыссыздар нешеу?
- Буын дегеніміз не?
- Тасымал деген не?
- Қандай сөздер тасымалданбайды? т.б.
Топтастыру стратегиясы бойынша схема құру. Еске түсіру.
Кеспе қағаздармен жұмыс
Дыбыстар
Дауысты Дауыссыз
- 25
2 3
жуан жіңішке қатаң ұяң үнді
5 10 11 7 7
Сөз баспалдағы. Сергіту үшін.
Жаңа сабақ:
Үндестік Заңы
Қызығушылықты ояту: Ережені еске түсірейік.
Көрнекі құралдың көмегімен (плакаттар) түсіндіру.
Буын үндестігі Дыбыс үндестігі
Қа+ғаз+ды Айт-бай – Айт+пай
Те+ре+зе+ге Қара+көз – Қара+гөз
Ба+ла+лар+ға қаш+са – қаш+ша
Ең+бек+тің жүрек+і – жүрегі
тап+у – табу кеп+іп – кеу+іп
Бөген+бай – Бөгем+бай
Буын үндестігіне бағынбайтын қосымшалар:
Көмектес септік: -нікі, -дікі, -тікі -паз, -қор, -кер, -гер,
-мен, -пен, -бен -қой, -хана, -кеш, т.б.
Самат+пен Самат+тікі өнер+паз, еңбек+қор,
Әсем+мен Әсем+дікі ғарыш+кер, сауда+гер,
Қыз+бен бала+нікі сән+қой, дәрі+хана, т.б.
Мағынаны ажырату үшін: Жаттығу жұмыстары (Жеке жұмыс).
Төмендегі сөздерге қосымшаларды дұрыс тауып жалғап, қандай үндестік екенін айтыңдар:
Мал лар қой тар әйел м
Бала дар қонақ ды шеше сы
Түйе лар бойдақ қа аға і
Сөздердің сыңарын екінші бағанадан тауып жазыңдар:
Құлақпен көрген төрге болыпты асқар бұлағы
Көзбен жерде қаза салу ағар қанаты
Елсіз естіген сурет отыру оң тау
Мағынаны тану: Осы мысалдарды жан-жақты талдау. Неге олай?
Тіл дамыту үшін: Мәтінмен жұмыс. Оқып, әңгімелеп беру.
Терме диктант: Серікұлы, Мәлікқызы, Мүсірепов, таңертең, зейнетақы, атамекен, әдет-ғұрып, салт-дәстүр, Екібастұз, Амангелді, Жүсіпбек, Сәрсенбай, Жезқазған, Теміртау.
Ойындар: Кім тапқыр? ойыны. Кроссворд шешу.
Т | |||
А | |||
П | |||
Қ | |||
Ы | |||
Ш | |||
Т | |||
А | |||
Р |
Б | |||
А | |||
Й | |||
Қ | |||
А | |||
У | |||
Ы |
Т | А | П | Қ | Ы | Ш | Т | А | Р |
Жұмбақ шешу.
Ж-дан басталса, жыл мезгілі,
Қ-дан басталса, онда ол құс белгілі.
Ол қай сөздер?
Жауабы: жаз, қаз.
А дыбысымен айтылса, негізгі мүше,
А егер Е-ге алмасса,
Есептік сан есім, сұрауы – неше?
Бұл қай сөз?
Шешуі: бас,бес.
К-дан басталсам,
Маған қарап сабақ айтады,
П-дан басталсам,
Маған балалар жүгін артады.
Шешуі: карта, парта.
Басы ашық, аяғы қысаң,
Екі-ақ дыбыс, есеп қылсаң,
Саған да ол керек болар,
Өзен-көлге жақын тұрсаң.
Шешуі: ау.
«Әзіл жұмбақ» ойыны.
Фонетикалық екі ұғым бірі мен бірі сыбайлас,
Бірі айтылады да естіледі,
Екіншісі – жазылады да көрінеді.
Шешуі: әріп пен дыбыс.
Тауда жоқ, сайда бар,
Атта жоқ, тайда бар,
Биеде жоқ, түйеде бар,
Қозыда жоқ , қойда бар,
Жиында жоқ, тойда бар.
Осындай тағы қайда бар.
Шешуі: й әрпі.
Қалай қарай оқыса да бірдей мағына беретін басқы және соңғы дыбыс-тары бірдей сөздерді бірдей сөздерді кім тауып жаза алады?
Е-е, н-н, к-қ, а-а.
Қ | Қ | |||
Қ | Қ | |||
Қ | Қ | |||
Қ | Қ | |||
Қ | Қ |
А | А | |
А | А | |
А | А |
Жаңа сабақты қорытып, бекіту. Қорыту сұрақтары:
- Қазақ әліпбиін жасаған кім?
- Дыбыс емес, таңба.
- Қосарлы дыбыстар қаншау?
- Қазақтың төл әріптері қаншау? Ата.
- Үнді дауыссыздарды ата.
- Аяқта: Өз елін сүймеген Адам, ештеңені де … сүйе алмайды.
- Тіліңмен жүгірме, (Біліммен жүгір).
- Оқылмайды, жазылады. Бірақ сөзден табылады. Ол қай әріп еді?
- Бір дыбыстан құралған қандай сөздерді білесің?
- Әрі дауысты, әрі дауыссыз, әрі жуан, әрі жіңішке дыбыстар қатарында қолданылатын қай дыбыс? Мысал келтіріп, дәлелдеп бере алады?
- Мына сөздерде неше дауысты, неше дауыссыз дыбыстар бар? Қауын, жуан, жуу, қияр.
- Үндестік заңы деген не?
- Буын үндестігіне қандай қосымшалар бағынбайды?
- «Ойлан тап!». Мына сұрақтарға тиісті тұрақты сөз тіркестерімен жауап беріңдер:
А) Адамның төбесі аспанға жете ме?
Ә) Сөйлегенде сөз ауыздан түсіп қала ма?
Б) Бір қазанға сыймайтын қандай бастар?
Е) Екі аяқ бір етікке сия ма?
Тұрақты сөз тіркесінің мағынасын тап:
маңдай тер (адал еңбек),
тепсе темір үзеді (күшті),
қолы алтын (шебер)
Ой толғаныс: Эссе түрінде. Шығу парағы.
Білетінім Білгенім Білгім келеді?
Үйге тапсырма: Үндестік заңына бағынбайтын қосымшалары бар 10 сөйлем тауып жазып келу.
Оқушыларды мадақтау, білімдерін бағалау, бағаларын журналға, күнделік-теріне қою.