Астана

 

Тақырып:     Астана

Сабақтың мақсаты

 

Білімділік: Қазақстан Республикасының астанасы туралы түсініктерін кеңейту.  Тапсымаларды дұрыс,қатесіз орындауға баулу.

Дамытушылық: Ауызекі  сөйлеу  дағдысын  қалыптастыру, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік: ӨзОтанын,халқын,жерінсүюге,әділдікке,отансүйгіштікке тәрбиелеу.

 

Сабақтың көрнекілігі: Астананың суреттері,Қазақстан Республикасының картасы,суреттер,карточкалар, интербелсенді тақта.

 

Сабақтың  түрі: Жаңа сабақты игеру.

 

Сабақтың әдісі: Түсіндіру,сұрақ-жауап,әңгімелесу.

 

Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі.

1.Әнұранды орындау-2 мин.

  1. Сабақтың қағидасын қайталайық.-1 мин.
  2. Кезекшімен сұхбат-1 мин.

М:Балалар,бүгін аптаның қай күні?

Оқушылар: сәрсенбі

М: Дұрыс.Сондықтан,мен сендерге сәттілік тілеймін.

 

  1. Үй тапсырмасын тексеру.-10 мин.

А)    -Сөйлем деген не?

-Сөйлем  айтылу мақсатына қарай нешеге бөлінеді?

-Сөйлем мүшелері деген не?

-Анықтауыш сұрақтары

— Толықтауыш сұрақтары

— Пысықтауыш сұрақтары

 

Ә) Сөйлем мүшелерінің сұрақтарын сәйкестендіріп жазу.(интерактивті тақта)

 

 

                                   III. Жаңа сабаққа дайындық

Бүгінгі күнді жаздырып,назарларын тақтадағы суретке  аудару (қызығушылық ояту,тақырыпқа ену)

Заттың түсін білдіретін сөзден басталатын қала атауларын жазыңдар:

Ақ……       Ақ…….        Ақ……

Ақтау,Ақтөбе,Ақмола.

М: Суретке назар аударыңдар.

 

 

 

 

М: Балалар, суретте қандай қаланың көріністерін көріп тұрсыңдар?

Ия,дұрыс,бұл біздің еліміздің алтын ордасы-Астана қаласы.

  1. Жаңа сабақ

М: Балалар,Астана тарихы туралы не білесіздер?

 

Схема №1  Қала жөніндегі жалпы мәліметтер. (интерактивті тақта)

 

 

1832 жыл       1961 жылға     1961-1992       1993-1997          1998

дейін              жылға дейін    жылға дейін

құрылған        Ақмола           Целиноград            Ақмола     Астана

жылы                                       қаласы

 

 

М: Балалар,мына кестедегі ақпаратты дәптерлеріне жазып алыңдар,оқимыз,сосын еске сақтағандарыңды айтасыздар.

 

 

Мәтінді тындау ( тыңдалым ) 

 

 

 

Астана(1998 жылдың 6-мамырына дейін Ақмола)ҚР Президенттінің 1997 жылғы 20 қазандағы Жарлығымен Қазақстан Республикасының елордасы болып жарияланды.

Жаңа елордасы –Астананың халықаралық тұсаукесері 1998 жылы 10 маусымда өткізілді.

Астана қаласы солтүстік Қазақстан аймағында Есіл өзенінің бойында орналасқан.

Астананың аумағы 710,2 шаршы шақырым, тұрғындарының саны-584,8 мың адамды құрады.

Астана халықаралық іскерлік және мәдени орталыққа айналып келеді.Қалада әкімшілік,іскерлік,әлеуметтік,мәдени,ғылыми білім беру және бизнес орталықтар мен тұрғын үй кешендері бой көтерілуде.Әкімшілік орталық аймағында ҚР Президентінің резиденциясы,ҚР Парламенті мен Үкіметінің ғимараттары орналасқан.Парламент үйінің алдында үш бидің ескерткіші бар. « Қазақ елі» монументі, «Бәйтерек» кешені, Бейбітшілік пен келісім сарайы, (Пирамида),Кенесары ескерткіші бар.1999 жылдың шілде айында елордамыз ЮНЕСКО-ның  «Әлем қаласы» сыйлығына ие болды.

 

Бейнекөрініс көрсету (Ақпараттық технологияны қолдану)

М: Балалар, бейнекөрініс арқылы және тыңдаған мәтін арқылы  диалог құрастырыңдар.

Балалар диалогтарын айтады.

Сөйлем мүшелерін қайталау (карточкамен жұмыс)  жазылым

Берілген сөздерден сөйлем құрастырыңдар,сөйлем мүшелеріне талдаңдар.

  1. Біз мемлекеттік  рәміздерге  зор құрметпен  қараймыз.
  2. Елбасының жолдауында табиғат байлықтарын қорғау көзделген.
  3. Қазақстан-Еуразия құрлығындағы ең үлкен мемлекеттердің бірі.
  4. Шаңырақ-біздің Отанымыздың біртұтастығын білдіреді.
  5. Ана тілін құрметтемеу –анаңды құрметтемеу деген сөз.
  6. Қазақ тілі-өте бай әрі көркем тілдердің бірі.

 

Астана,ел,сұлу,жас,қала,қазіргі,кезде.

Болашағы ,зор ,Астананың.

Халқымды,Отанымды, туған,тұтамын,құрмет.

Астанада, болдым, мен.

Рефлексия  Сандарды сөйлетеміз.

 

1837                                                                                    1998

 

Астана қаласы

1999                                                                                      1997

 

Оқушылардың жауабы:

1837 жылы Астана қаласы құрылды.

                                -1997 жылы Қазақстан Республикасының астанасы  Ақмола болды.

                                -1998 жылы Ақмола Астана деп аталды.

                                — 1999 жылы ЮНЕСКО-ның шешімі бойынша Астана «Әлем қала-

                                 сы» деген сыйлыққа ие болды.

Қорыту

Рейтинг қорытындысын шығару. Ұпайды есептеп,бағаларын қою.

 

Жұ-

мыс түрі

Оқу-шы-ның

аты-жөні

Сұрақ

жауап

Сөй-

лем

талдау

Есте сақтау

қабілеті

Мәтін-

ді оқу

Диа-лог

Құра-

тыру

Сөйлем-

дерді

дұрыс

құрасты-ру

Жал-пы

ұпай

Ға-лия
Тлекбер-ген
Ива-ныш
Стас

 

 

 

 

  1. Әрбір сұраққа бір ұпай
  2. Сөйлемдерді талдау қатесіз-5 ұпай,бір қате-1ұпайға кемиді
  3. Есте сақтау қабілеті- бір жауақа – 1 ұпай
  4. Мәтінді оқу- 5 ұпай
  5. Диалог құрастыру- 5 ұпай
  6. Сөйлемдерді дұрыс құрастыру-әр сөйлемге 1 ұпайдан

 

 

М: Балалар,Сабақ ұнады ма? Несімен? Астана қаласында болдыңдар ма?

Астана қаласына барғыларың келе ме?

Оқушылардың жауаптары.

 

М:Коперхан Галия Астанаға арнап  өлең жазды. Соны тыңдайық.

Сабағымыз аяқталды.Сау болыңдар.

 

 

Қолданылған әдебиет:

1.С.Ж.Джалмағамбетова. Ақмола «Атамұра»,Алматы,1995ж.

2.Н.Назарбаев. Еуразия жүрегінде Астана,2005ж.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жұмыс түрі

Оқушының

Аты-жөні

Сұрақ

жауап

Сөйлем

талдау

Есте сақтау

қабілеті

Мәтінді

оқу

Диалог

құрас-

тыру

Сөйлем-

дерді

дұрыс

құрастыру

Жалпы

ұпай

Ғалия
Тлекберген
Иваныш
Стас