Тұрлаусыз мүше
Ашық сабақ тақырыбы: Тұрлаусыз мүше
Сабақтың мақсаттары:
Білімділік: 1. Тұрлаусыз мүшелерді ажырату, сөйлемде атқаратын қызметіне түсінік беру, бастауыш пен баяндауыштың байланысын меңгеру.
- Оқушылардың сөз, сөйлем, сөйлем мүшелері туралы білімдерін кеңейте түсу таза, сауатты жазу дағдысын жетілдіру.
Дамытушылық: Оқушылардың ой-өрісін дамыту, өз ойын тез әрі жүйелі жеткізуге дағдыландыру.
Тәрбиелік: Оқушыларды өз ана тілін сүюге, халқымыздың ұлағатты, ғибратты сөздерінен үлгі-өнеге алуға, сол арқылы кішіпейілділік, қайырымдылық, кеңпей-ілдік қасиеттерінің қалыптасуына ықпал ету.
Сабақтың әдіс-тәсілі: Сұрақ-жауап, ой қозғау.
Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, тест тапсырмалары, сөзжұмбақтар.
Сабақтың барысы:
- Ұйымдастыру кезеңі:
- Үй тапсырмасын анықтау:
5-жаттығу
Сөйлемдерге тұрлаусыз мүшелерді қосып жаз.
Жаңбыр басылды. Аспан ашылды. Күн ашылды. Күн жылынды. Су ақты.
Сөйлемдердегі сөйлем мүшелеріне назар аудартылады. Қандай айырмашылық байқағандары айтқызылады:
Интерактивті тақтамен жұмыс
«Айға қонамын» ойыны.
Ойын интерактивті тақтада көрсетіледі. Зымыранның әрбір қанатына « ағаштың», «ағашқа», «ағашты», «ағашта», «ағаштан», «ағашпен», «аз», «жасыл» сөздері жазылған сурет ілінеді. Оқушылар әрбір сөзді өзіне қатысты сұрақтар жазылған сқздерді айға қондыру керек.
Оқулықпен жұмыс
1-жаттығу. Сөздерді оқы. Қайда? Сұрағына жауап болатын сөздерді теріп жаз: әдемі, аулада, жүгіріп келеді, кеше, жоғарыда, домбыра, артта, ұзын, мектепте, тау басында.
2-жаттығу. Көп нүктенің орнына тұрлаусыз мүшелермен толықтырып жаз. Сөйлемде қандай өзгерістер болды?
Сергіту: Мақалдың сыңарын тап:
1.Мұғалім: Оқусыз білім жоқ
Оқушылар: Білімсіз күнің жоқ.
- Мұғалім: Әдепті бала, арлы бала
Оқушылар: Әдепсіз бала, сорлы бала.
- Мұғалім: Жақсыдан үйрен,
Оқушылар: Жаманнан жирен.
- Мұғалім: Жаздан өнім жиған-ақылды бала,
Оқушылар: Орақ кезінде ұйықтаған-арсыз бала.
- Мұғалім: Жаңбыр жауса жер ырысы,
Оқушылар: Батыр туса — ел ырысы.
Шығармашылық жұмыс.
Берілген сөздерден сөйлем құрап жаз.
- болды, Күз
- ағаштан жасайды Қанат бұйымдар
Осы сөздерді сөйлем мүшелеріне талда. Бастауыштың астын – бір, баяндауыштың астын – екі рет, ал тұрлаусыз мүшелердің астын ирек сызықтармен сызыңдар.
Тест тапсырмасы
Өткен сабақтардан алған білімдерін пысықтау, қайталау мақсатында жүргізіледі.
1.Тек тұрлаулы мүшелерден тұратын сөйлемдерді тап
- Әсет үйге келді.
- Майра домбыра тартты.
- Дәурен жүгірді.
- Нөсерлеп жаңбыр жауды.
2.Тұрлаусыз мүшелері бар сөйлемді тап.
- Салтанат биледі.
- Қайрат қақпаны қорғады.
- Мал жайылды.
- Жібек орамал
3.Мақалды толтыр.
Білімдіден шыққан сөз,
Талаптыға кез.
- Келсін
- Болсын
- Жолықсын
- Барсын
4.Сызбаға сәйкес келетін сөйлемді тап.
- Қараша айынынң соңы.
- Жапалақтап қар жауып тұр.
- Ерасыл анасына еріп аулаға шықты.
- Алғашқы қар.
К | І | М | Д | І |
Ө | Н | А | О | Ң |
К | І | Р | С | К |
Е | М | А | Ы | Ә |
М | Д | Т | М | Р |
Д | І | Т | Д | Д |
І | Ы | Ы | І |
Н | Е | Н | І |
А | Д | А | Р |
Н | Е | Й | І |
Д | Н | З | М |
Ы | Д | А | Ш |
І | Н | І | |
Ы | К | ||
Т | |||
І |
О | Ү | |||
Қ | А | Н | Ш | А |
Ы | Л | Л | ||
Р | Т | П | ||
Ы | Ы | Ы | ||
Қ | С |
Сабақты қортындылау:
«ҰҚСАСТЫҚ ПЕН ДАРАЛЫҚ» стратегиясы бойынша тұрлаулы және тұрлаусыз мүшелерді салыстыру
- Тұрлаулы мүшелердің сұрақтары: Қандай? (Кім? Кімдер? Не? Нелер? Не істеді? Не қылды? Қайтті?)
- Тұрлаусыз мүшелердің сұрақтары (Қандай? Кімге? Неге? Нені? Қашан? Қайда?)
- Берілген сөйлемдерді сөйлем мүшесіне талдау.
Үйге тапсырма:5-жаттығу .