“Әліппемен қоштасу” ертеңгілігі

1”А” сынып оқушыларының “Әліппемен қоштасу” ертеңгілігі

Тақырыбы: Қош бол, сырлы көк сандық

Қош бол, құтты Әліппем

Мақсаты: Оқушылардың Әліппеден алған білімдерін бекіту. Әдептіліке, сауаттылыққа баулып, білімін, өнерін көрсету.

Көрнекілігі: ана тілі, әліппе суреті, нақыл сөздер

Әдісі:түсіндіру,салыстыру,

Барысы:  Ұйымдастыру

Кіріспе сөз

Негізгі бөлім

Қорытынды

Мазмұны: Мұғалім сөзі: Құрметті ұстаздар, ата-аналар, оқушылар! Осыдан 4 ай бұрын ата- аналары жетектеп 1- сынып табалдырығынан атттатқан бүлдіршіндер бүгін сауат ашып, білім алып, мектеп сатысының бір кезеңін артқа қалдырды. Бұл кезең Әліппе кезеңі.

Бүгінгі мереке іші сырға толы қасиетті көк сандығымызбен қоштасу, рахмет айту тойы.

Бүгінгі кеш әр үйдің той басы боп саналар

Балалардың есімі әулеттерге таралар.

Ырым етіп сондықтан ертеңгілік басында

Ақ тілікпен баршаға шашу шашпақ балалар!

Музыка ойнайды. Оқушыларды ортаға шақырайық.

(Екі-екіден ортаға шығады)

1 Аяжан Т.  Жақсы білім- көрімдік,

Болсын сізге, халайық!

Не үйреніп, не білдік,

Кәне, ортаға салайық!

2Айдана Өтті оқу сан сабақ,

Бүгін үлкен салтанат.

Басқа оқулық достаспақ,

Әліппемен қоштассақ.

Мұғалім: Балалар! Олай болса ортаға Әліппені шақырайық

(Әліпе ортаға шығады)

Әліппе: Армысыздар, жас достар!

Армысыздар, ата-ана

Болашаққа жол бастар

Әліппең келді ортаға

Білім деген ғажаптың,

Әліппесін меңгерген

Келешегі қазақтың

Басталады сендерден.

Таудай болсын талабың

Айтары көп әріптің

Қуанышы баланың

Қуанышы ананың

Мұғалім! Балалар! Міне, Әліппеміз ортада, енді алғысымызды, білімімізді көрсетейік.

Әліппе отырады.    (“Әліппе” әні орындалады)

Мұғалім: Алфавит деген не?

Әріптердің орналасу реті.

Қазақ тілінде неше әріп бар?

3 Мирас Алфавитті біліңдер

Онда жүйе қалып бар.

Біздің қазақ тілінде

Қырық екі әріп бар

 

Мұғалім: Онда сол әріптерді шақырып, танысайық

(Оқушылар шетінен шығады)

А-Ә

Аяжан Т. А дегенің – ана ғой, Ана деген- дана ғой

Әжем әнге басады, Әтеш ұйқы қашады

Б-Әлішер Б дегенің- бала ғой, жұмсаса апаң бара ғой

В-Шыңғыс Іздеп келіп көлікті, мініп кеттім великті

Г-Рустам     Гу деп алғаш бөбектер, гуілдейді ақырын.

Ғ-Мирас   Ғалым, ғылым, ғасырды, Ғ білімге асырды

Д- Дана     Дүлдүл аттар баптаған, дәркенді жұрт мақтаған

Е- Аяжан.Қ   Елге есті ер керек,Ер жет өсіп ертерек.

Е- щыңгыс к. Шахтер өлеңін оқиды.

Ж-Данияр Қ.   Жыр алыбы- жамбыл ата

Ардақтайды оны бала.

З- Бекзаман.    Зауза ұшады зыңылдап, Зымырыншы зырылдап

И-Аруана         Индира енді іздейді, Инженер мына біз дейді.

К- Қ.Карина    кекілік-ау, кекілік, кетіп қалма секіріп

Қ-                  Қартқа жол бер, жасқа қол бер.

Л.М-                Лашын көкті шарлайды,лашын көкті самғайды

Мектеп деген біліммен марқаясың, жас ұлан

Н-Ң                  Наурыз айы келгенде, наурыз тойы тойлансын.

О-Ө                Ормандағы аңдарды, Менің атам аулайды

Озат болып оқыңдар, ойға білім тоқыңдар.

Өсті міне бойымыз, өсті ақыл-ойымыз.

П-                    Перизат жуды партаны, ілгішке ілді пальтоны.

Р-                    Роза шықса ән салып, риза болар бар халық

С-                   сыйламаған жолдасын, сыйлай алмас өз басын.

Т-                   тырау-тырау тырналар, тамаша әнін тыңдап ал

У  —      Суда  жүзген балықтар, уылдырық шашады.

Ұ-Ү      Ұлытауға Ұ шығыпты, төбесінде Ұ шынықты.

Ф —      “Футбол” өлеңін оқиды.

Х-       Хадиша сөмке көтерген, хат-хабар күнде әкелген.

Һ-        Тоқтар аға- қаһарман, Ғарышқа  ұшып атанған.

Ц- “Цирк” өлеңін оқиды.

Ч-   Мен ұқыпты баламын, киімімді чемоданға саламын.

Ш- Шөп, шот, Шөпті шап, шотты қақ.

Щ-  “Щетка” өлеңін оқиды .

Ъ, Ь —       Дыбыс емес- таңба, оқылмайды, жазылады.

Біраз сөзден табылады.

Ы,І-         Ыдысты саздан жасаған.ықылас біздің жақсы адам.

Інісіне бағалы, іңкәр ішік алғанды.

Э- Электрик бізге жарық береді

Экраннан бала кино көреді.

Ю-Я  “Сұр қоян” өлеңі

Мұғалім: Міне, мұның бәрі Әліппе арқылы игерген 42 әріпіміз екен. Олай болса Әліпеге тағы да рахмет айтайық.

Әліппе әні.

Айболат: Бар кітапқа бас болған

Әліппе ғылым анасы

Әліппеден басталған

Даналықтың данасы.

Аруана:   Мектебің мынау классың

Осында он жыл тұрасың

Тарыдай болып кіресің

Таудай болып шығасың.

Салтанат: Барлық әріп бағалы,

Айттық әділ бағаны

Әріпсіз сөз болмайды

Буын онсыз толмайды.

Мұғалім: олай болса, осы әріптерден буын, буыннан сөз, сөзден сөйлем құрастырайық.

  • кеспе буындар арқылы мақал жазады.

О-қу-сыз бі-лім жоқ,

Бі-лім-сіз кун-ің жоқ.

2) 1.қайшы         шырша

2.кітап            кітап

  1. домбыра қайшы
  2. шырша балық

5.балық       Домбыра

Суреттегі зат атауларын тауып байланыстыру.

Мұғалім: Әрі қарай оқушыларға сөз берейік.

  1. Аяжан: Әліппем, менің әліппем

Сені қолға алып мен.

Есігін аштым мектептің

Ертеңгі сәуле жарықпен.

8 Дана. Оқуда көп ойладық,

Қызығына тоймадық

Әріптерді үйреніп,

Сауат аштық, тойладық.

9 Әлішер: Көлге айналған бұлақтың

Қайнары көзін көріппе ең?

Том-том қалың кітаптың,

Басы болар әліппем.

  1. Карина Әліппе деген алтын жол

Апарар сені алысқа

Жеңіл емес ауыр жол

Тырмысып бақ намысқа.

Мұғалім: Біз әліппеден ертегі оқыдық. Қане, қандай ертегілермен таныстық?

(аттарын атайды)

Көрініс «Мақта қыз бен мысық»

Жұмбақ   «Бақа» өлеңі

Мұғалім: Әліппе арқылы мақал-мәтел, әдептілік туралы өлең, әндер үйрендік.

Көрініс: Әдепсіз бала рогаткамен торғай атып жүреді. Әдепті бала мектепке бара жатады.

1-ші бала: –Тоқта! Қайда барасың?

2-ші бала:-Мектепке.

1-ші бала:-Не бар онда.Жүр  ойнайық.

2-ші бала:-Жоқ. Мен ойнамаймын.Сабақ оқимын. Міне, мынау-Әліппе. Оқып берейін бе?

1-ші бала: -мынау не шимай?

2-ші бала:-Бұл жазу. Тыңда!

Торғай,торғай, торғайсың

Жақын келіп қонғайсың.

Жем шашайын тойып ал,

Сонда аязға тоңбайсың.

Ал сен болсаң торғайларды өлтіріп жүрсің.Мен кеттім.

1-ші бала:-Әй,тоқташы, мені мектепке ала ма? Менде оқуға барайыншы.(Үстін жөндеп, рогаткамен лақтырып, әдепті баланың ізінен жүгіреді.)

Мұғалім: Балалар! Мына көріністен нені түсіндік. Әдепті, әдепсіз қылықтардың ара жігін ажыратамыз. Олай болса Әдептілік туралы қандай сөздерді білетінімізді көрсетейік.

Не деп барып жеу керек?/Хормен, әнімен айтады./

Оқушылар тақпақ айтады..

Менің атым-Әліппе

Мені атаңдай дәріпте.

Мені оқып ержеткен

Бауыржан да ,Мәлікте.

Мұғалім:Әліппе туралы сөз болғанда міндетті түрде ұстаз айтылады. Себебі,бәріміз де осы Әліппенің кілтін ұстаз арқылы аштық. Ендеше менің шәкірттерім ұстаз туралы не айтар екенбіз.

Келгеніңде алдыңа

Қызыл арай гүл алып.

Жақын тарттың, жаныңа,

Шәкіртім деп қуанып.

Өз аузына қаратқан,

Ұстаз ойын ұғамыз.

Сөйтіп әрбір сабақтан,

Сәл есейіп шығамыз.

Ашық жарқын жүзді,

Ұстазым көп ізгі.

Мейірімін төгіп,

Аялаған бізді.

Мейлі жас,мейлі кәрі бол,

Дана деп, пана деп сені ұғамын.

Көктемсің нұр мен нәрі бол.

Диқансың және кеншісің, сен, мұғалім!

Жүзің жылы,құшағың кең,

Сенен түлеп ұшамын мен.

Өзің берген біліміңмен,

Биіктерге ұшамын.

Әліппемен аштым өмір есігін,

Тербетемін білім бөбек бесігін.

Өмір деген өрлі өзенге шомылып,

Жаттап өстіп ұстазымның есімін.

Ақылшым асыл ұстазым,

Жолымды айқын нұсқадым.

Қасыма кеп қанша сен,

Қамқор боп қалам ұштадың.

Ең алғаш алғанымда Әліппені,

Қызығып қарай бердім әріптерді.

Мен үшін жұмбақ болып, қалар ма еді,

Ұстазым оның кілтін алып берді.

Әлем сырын ашқан,

Шежірең-жыр, дастан.

Шәкіртіңбіз балғын.

Бауырыңа басқан.

Әліппе даңғыл жол ашты,

Жаңадан пәндер жалғасты.

Әліппе сырын ұқтырған,

Рахмет,ұстаз алғашқы.

Хор:  Мұғалім ол біздің.

Әліппенің қоштасу сөзі.

Әліппемен қош айтысып  қаламыз.

Қолымызға басқа  кітап аламыз.

Сауатты боп шықты міне, балаңыз.

Мұғалім: Әліппе кетпей тұрып,достасатын жаңа  оқулығымызды шақырайық.

Ана тілі:   Пәндер сөйлейді.

Таныстырып 42 әріппен.

Сенің арқаң оқи жаза білгенім.

Сауатты адам санатына кіргенім.

Барлық Әліппе оқулығы сандыққа салынады.Әліппе шығып кетеді.

Оқушылар хормен  Қош бол,құтты Әліппе.

Әліппе әні /Хормен орындалады./

Соңы