Етістіктен өткенді қайталау

 

Сабақтың тақырыбы:     Етістіктен өткенді қайталау

Сабақтың мақсаты:

1.Білімділік:                 оқушылардың етістіктен алған білімдерін                                                      тиянақтау, теориялық білімдерін тереңдету;

2.Дамытушылық:         оқу іс-әрекетін ұйымдастыру арқылы ойлау қабілетін                                  дамыту, іскерлік ойындар арқылы білім, білік,                                                       дағдыларын жетілдіру, сөйлеу мәдениетін                                                     қалыптастыру, сөздік қорын байыту;

3.Тәрбиелік:                 адамгершілікке, адал еңбек етуге, ұлттық өнеріміз бен                                 мәдениетімізді бағалай білуге тәрбиелеу.

Сабақтың типі:             қайталау-жинақтау.

Сабақтың әдісі:            сұрақ-жауап, түсіндіру, талдау, сөздік әдісі, т.б.

Сабақтың жабдығы:      компьютер, электрондық оқулық , сөздіктер

Пәнаралық байланыс:   қазақ әдебиеті, музыка.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Сәлемдесу.

Оқушылардың сабаққа қатысын және дайындығын тексеру.

 

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

Барлық оқушылардың үй тапсырмасын дұрыс, толық және түсініп орындауын анықтау.

 

ІІІ. Сабақтың тақырыбын, мақсатын жариялау.

  1. «Дұрыс немесе бұрыс» екенін дәлелде, түсіндір.

Төмендегі берілген тапсырмалардың «дұрыс» не «бұрыс» екенін белгіле    ( «дұрыс» жауабына «+» белгісін, «бұрыс» жауабына « — » белгісін қойыңдар). Неліктен  «дұрыс» не «бұрыс» екенін дәлелдету арқылы оқушылардың етістіктен алған білімі байқалады.

 

Р/с     ТапсырмаларДұрысБұрыс
1.Етістіктер басқа сөз таптарынан сөз тудырушы жұрнақ арқылы жасалмайды. —
2.Етістіктер тұлғасына қарай негізгі және туынды болып екіге бөлінеді.  +
3.Қимылдың, іс-әрекеттің болмауын, іске аспауын білдіретін етістікті болымды етістіктер дейді.  —
4.Әрі есім, әрі етістік қызметін атқаратын етістіктің түрі көсемше деп аталады.  —
5.Мағынасы жағынан тура объектіні, табыс септіктегі сөзді қажет етіп тұратын етістіктерді  салт етістіктер дейді.  —
6.Етістер төрт түрге бөлінеді.  +
7.Есімшенің –мақ, -мек, -бақ, -бек, -пақ, -пек жұрнақтары етістіктің болымсыз тұлғасына жалғанбайды.  +
8.-ғалы, -гелі,-қалы, -келі тұлғалы көсемшелер жіктеледі.   —
9.Тұйық етістік тікелей септеле де, тәуелдене де алады, бірақ жіктелмейді.  +
10.Дауыссыз дыбыстарға біткен етістіктерге тұйық етістіктің –у жұрнағы дауысты болып жалғанады.  +

 

  1. Зерттеушілік әдіс арқылы 264,265,266 — жаттығуларды оқып, жауабын табады, ауызша орындайды.
  2. а) 268-жаттығу.Мәтінді оқу.

ә) Сөздік жұмысы.

Бронетранспортержаяу әскер мен оқ-дәрі тасуға арналып, бронмен қапталған автомобиль.

Брон 1танктерді, бронепоездарды, автомашиналарды оқ өтпес үшін қаптайтын қалың болат темір.

Брон 2 – 1. Белгілі бір мақсатпен сақталынатын арнаулы орын, яки                            штат.

  1. Белгілі бір адамды (нәрсені) бір жерге (мекемеге) тіркеп не бекітіп қою правосы; документ, қағаз.

Бульдозер жер қыртысын тегістейтін қалың пышақты ысырғыш қалқан орнатқан машина не трактор.

 

б) Қарамен жазылған сөздердің тұлғаларын ажыратып, морфологиялық талдау жасау.

Кірген – түбірі кір – етістік, -ген есімшенің жұрнағы;

есі шығып кетті (құмарту, құштар болу мағынасында) – тұрақты тіркес, есі-түбірі ес, -і-тәуелдік жалғаудың ІІІ жағы, шығып – түбірі – шық, — ып – көсемшенің жұрнағы, кетті – түбірі –кет, -ті – жедел өткен шақтың жұрнағы;

тоқтасты – түбірі тоқта – етістік, -с – ортақ етіс, -ты – жедел өткен шақ;

қыстыгүні – қыстың+күні деген сөздердің бірігуі арқылы жасалған кіріккен сөз, үстеу;

кетірген – түбірі кет, -ір — өзгелік етіс, -ген – есімше;

бұзбаймыз – түбірі бұз — етістік, -ба – болымсыз етістік, -й – көсемшенің жұрнағы, -мыз – жіктік жалғаудың І жағы.

 

 

  1. Интерактивті әдіс арқылы грамматикалық тапсырмалар орындау.

Сөйлемдерді оқы, көп нүктенің орнына тиісті жұрнақтарды қой, қандай етіс екенін айтыңыз.

Жалқаулық аз…ады, еңбек оз…ады. Жіп жіңішке жерінен үз…еді. Тұз астың дәмін кел…еді, мақал сөздің дәмін кел…еді. Суды шым тоқта…ар, сөзді шын тоқта…ар. Жігіт қадірі өнерімен өлше…еді. Ауыз ашса, тіс көр…еді, есік ашса, төр көр…еді.

 

 

  1. 5. Шығармашылық жұмыс. Интерактивті тақтадан ұлттық тағамдардың суреттері слаидтар арқылы көрсетіліп, күй ойнап тұрады.

Өздерің ұнататын қазақтың ұлттық тағамының дайындалуы, дәмі туралы мәтін жазыңдар. Мәтіндегі етістіктерге ауызша талдау.

 

  1. «Жұмбақ сұрақтарды» шешейік. Салыстырғанда, басқаша ойлағанда қалай болады?
  2. Бір жұрнақ екі етіске ортақ. Олар қай етістер? (Өздік, ырықсыз етістер)
  3. Көп адамның қатысуымен істелетін іс қай етіске жатады? (Ортақ )
  4. Жеке алғанда – есім сөздер, етістік құрамында келгенде –жұрнақтар. Олар қайсылар? (Ыс, іс, қыз, ық, ар, ер, қан, ін, у)
  5. Оң оқыса да, солға қарай оқыса да етістік. Ол қай сөздер? (Шаш, қақ, нан, қыс, т.б.)
  6. Құс аттарымен тұлғалас етістіктерді білесіңдер ме? (Қаз, тырна)

 

ІV. Үйге тапсырма

«Ұлыстың ұлы күні – Наурыз»  туралы бата-тілектер жазып, жаттап келу.

137-беттегі 267-жаттығуды орындау.

  1. Сабақты қорытындылау

VI.Бағалау.