Сан есімнің түрленуі
Сабақтың тақырыбы: «Сан есімнің түрленуі
Сабақтың мақсаты:
Білімділік:
Сан есімнің мағыналық түрлері мен құрамы жайында және оның түрленуі туралы түсінік беру.
Дамытушылық:
Ойын, талдау, жаттығу жұмыстарын жүргізу арқылы оқушының білімділік, тапқырлық, ізденімпаздық қасиеттерін қалыптастыру, тіл ерекшеліктерін дамыту.
Тәрбиелік:
Бір-бірін сыйлауға, ұжыммен жұмыс жасай білуге, салт-дәстүрін сыйлауға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: сайыс сабақ
Сабақтың типі: жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, талдау, топтық жұмыс
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, киіз үй, бағалау парағы, кестелі плакаттар,
тірек- сызба, қоржын, асық
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
- Сыныптың тазалығын тексеру
 - Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу
 - Оқушылардың назарын сабаққа аудару
 
ІІ. Үй жұмысы
- Сан есім дегеніміз не?
 - Сан есім құрамына қарай нешеге бөлінеді?
 - Сан есімнің мағыналық түрлері?
 
ІІІ. Жаңа сабақ
Сан есімнің түрленуі
Сан есімдер сандық ұғымды білдіреді, оған заттық ұғым тән. Олай болса, сан есімдер 2 түрлі қызметте жұмсалады.
- Белгілі бір заттың нақтылы сандық мөлшерін білдіреді. Қанша? неше? деген сұрақтарға жауап береді.
 
Мысалы: Бір жылда он екі \неше\ ай бар.
- Жеке дара айтылғанда тек абстракт сандық ұғым атаулары ретінде қолданылады.
 
Мысалы: бес, жиырма бес мың
Сан есімдер заттық ұғымда қолданылатындықтан, септік, тәуелдік, жіктік жалғауларын қабылдай алады.
Сан есімнің түрлену кестесі
| Сан есімдер | Есептік | Реттік | Жинақтық | Болжалдық | Топтық | Бөлшектік | 
| қырық | бесінші | төртеу | жүздеген | екі-екіден | екі жарым | |
| көптелуі | қырық-тар | бесінші-лер | — | — | — | — | 
| септелуі | қырық-қа | бесінші-ге | төртеу-ге | жүздеген-ге | — | екі-жарым-ға | 
| тәуелденуі | қыр\ы\қ-ы | бесінші-сі | төртеу-і | жүздеген-і | — | — | 
| жіктелуі | қырық-сыңдар | бесінші-сіңдер | төртеу-сіңдер | жүздеген-сіңдер | — | екі-жарымсың | 
ІV. Дамыту кезеңі
Ойын «Білімділер жарысы»
Білімімізді ары қарай тереңдету үшін оқушылар екі топқа бөлініп, бәйгеге түсеміз.
Оқушылар «Қыран», «Тұлпар» болып екі топқа бөлінеді.
Жоспары:
- Білімдіге дүние жарық
 - Мақал-мәтелдер жарысы
 - Білім мен дәстүр
 
Кім көп біледі?
Сұрақтарға дұрыс жауап берген оқушылар бағалау жетондарымен бағаланады. Бәйге соңында көп ұпай жинаған топ жеңіске жетіп, «Ең жақсы ойыншы» деген мақтау қағазына ие болады.
І бөлімде екі топқа ортақ 3 тапсырма беріледі.
1-тапсырма: 74-жаттығу. Өлеңді көшіріп жазып, сан есімдердің астын сызыңдар. Түрленуіне тоқталып, талдап айтып беріңдер. Қара өлең үлгілерін жаттап алыңдар.
2-тапсырма: Төмендегі сан есімдерді мағынасына қарай топтап, сызбаны толтыр.
сексен, бес-бестен, тоқсандай, он-оннан, елу-алпыс, алтау, жетпістей, мыңыншы, біреу, екі жүз қырық екі, қырықтын, отыз шақты, бес жүз, бір мың тоғыз жүз жиырма төрт, екеу, жетінші, онға тарта, тоқсандай, 0,25, бес жарым
| Есептік | Реттік | Жинақтық | Болжалдық | Топтық | Бөлшектік | 
3-тапсырма: Төмендегі сан есімдерге сатылай фонетикалық талдау жасау.
І топ
жиырма
ІІ топ
тоқсан
ІІ бөлімде мақал-мәтелдер жарысы. Көп нүктенің орнына тиісті сан есімдерді қойып жазу. Мақал-мәтелдің мағынасын ашу.
- Білікті …..ді жығар, білімді ….ды жығар.
 - ….. кісі ….. жақ, қыңыр кісі …. жақ.
 - ….. ала болса, ауыздағы кетеді, ….. түгел болса, төбедегі келеді.
 - ….. сомың болғанша, ….. досың болсын.
 - ….. атасын білген ер ….. жұрттың қамын жер.
 - Қызға ….. үйден тыю.
 
ІІІ бөлім. Білім мен дәстүр. Қоржыннан асықтарды алу арқылы сұрақтарға жауап береді. Әр кеспе қағазда 2 сұрақтан берілген.
1-кеспе
- Жеті атаны ата.
 - Жеті санына мақал-мәтел айт.
 
2-кеспе.
- Үш арсызды ата.
 - Үш санына мақал-мәтел айт.
 
3-кеспе.
- Әдебиеттегі бес арысты ата.
 - Бес сөзіне мақал-мәтел айт.
 
4-кеспе.
- Жеті жоқты ата.
 - Халық даналығындағы 3,5,7 сандарына байланысты ұғымдарын айт.
 
5-кеспе.
- Үш тәттіні ата.
 - Қазақ әдебиетіндегі үш бәйтеректі айт.
 
6-кеспе.
- Қазақ салт-дәстүрінде 40 саны кездесетін жерлер.
 - Қырық сөзіне байланысты мақал-мәтел айт.
 
- Сабақты бекіту. «Кім көп біледі?»
 
І-топ
- Сан есімнің мағыналық түрлері.
 - Сан есімнің түрленуі.
 - Жинақтық сан есім.
 - Жалғаудың неше түрі бар?
 - Күрделі сан есімге мысал келтір.
 
ІІ-топ
- Сан есім құрамына қарай нешеге бөлінеді?
 - Болжалдық сан есім.
 - Сан есімнің түрленуі.
 - Реттік сан есім дегеніміз не?
 - Дара сан есімге мысал келтір.
 - Сабақты қорытындылау.
 
Құрметті оқушылар бүгін біз сан есім, оның түрлері туралы білдік. Сонымен бірге сөз байлығымыз бен салт-дәстүріміз жайында білімімізді кеңейте түстік.
VII. Үйге тапсырма.
78-жаттығу. Көркем шығармалардан сан есімдер кездесетін үзінділерді тауып жазып, сан есімдердің астын сызып келу.
VIII. Бағалау.
Бағалау парақшасына топ басшысы сабақ барысында жауап берген оқушыға баға береді.
| № | Оқушының аты-жөні | 1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | Жалпы ұпайы | 
| 1 | ||||||||
| 2 | ||||||||
| 3 | ||||||||
| 4 | ||||||||
| 5 | ||||||||
| 6 | ||||||||
| 7 | ||||||||
| 8 | ||||||||
| 9 | ||||||||
| 10 | ||||||||
| 11 | ||||||||
| 12 | 
Бағалау парақшасына топ басшысы сабақ барысында жауап берген оқушыға баға береді.
| № | Оқушының аты-жөні | 1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | Жалпы ұпайы | 
| 1 | ||||||||
| 2 | ||||||||
| 3 | ||||||||
| 4 | ||||||||
| 5 | ||||||||
| 6 | ||||||||
| 7 | ||||||||
| 8 | ||||||||
| 9 | ||||||||
| 10 | ||||||||
| 11 | ||||||||
| 12 | 
Төмендегі сан есімдерді мағынасына қарай топтап, сызбаны толтыр
сексен, бес-бестен, тоқсандай, он-оннан, елу-алпыс, алтау, жетпістей, мыңыншы,
біреу, екі жүз қырық екі, қырықтын, отыз шақты, бес жүз, бір мың тоғыз жүз жиырма төрт,
екеу, жетінші, онға тарта, тоқсандай, 0,25, бес жарым
| Есептік | Реттік | Жинақтық | Болжалдық | Топтық | Бөлшектік |