М. Әуезов «Көксерек» әңгімесі (қорытынды сабақ) ( 7-сынып)
Тақырыбы: М. Әуезов «Көксерек» әңгімесі (қорытынды сабақ) ( 7-сынып)
Мақсаты:
Әңгіменің идеясын жан-жақты талдай отырып ашу;
Адамдар мен көк бөрінің іс-әрекеттерін саралай отырып,
адамзат табиғатпен психологиялық тепе-теңдікті сақтау
керектігіне көздерін жеткізу; іскерлік дағдыларын
қалыптастыру, ойларын еркін жеткізе білуге баулу,
көк тәңірісі көк бөрі екенін дәлелдеп, түрлі
деңгейлік тапсырмалар беру арқылы таным көкжиектерін
арттыру.
Түрі: сын тұрғысынан ойлау, игерілген білімді қорытындылау
Әдісі: талдау, жинақтау, дәлелдеу
Көрнекілігі:мультимедиа
Сабақ барысы:
- Психологиялық даярлықты қамтамасыз ету
Үй тапсырмасын пысықтау, жинақтау.
- Композициялық жоспар:
( экрандағы композициялық жоспарға назар аударту)
Р/с
| Әңгіменің композициялық элементтері | Композициялық жоспар | Әңгіменің көркемдік әдіс-тәсілі |
1 | Оқиғаның басталуы | Қараадыр табиғаты.Қасқырлар мекені. | Суреттеу |
2 | Оқиғаның байланысы | Адамдар шабуылы. Көксеректі асырауы | Баяндау диалог |
3 | Оқиғаның дамуы | Көксеректің ауыл тірлігін жатсынуы. | Баяндау Суреттеу |
4 | Оқиғаның шиеленісуі | Көксеректің өз қандастарына қосылуы | Суреттеу |
5 | Оқиғаның шарықтау шегі | Көксеректің жойқын күшке айналуы | Баяндау Суреттеу |
6 | Оқиғаның шешімі | Құрмаштың қазасы. Көксеректің жазасын тартуы | Баяндау Диалог |
- II. Композициялық жоспарға сүйене отырып, нақты дәлелдер-
мен Көксерекке мінездеме беру
III. Семантикалық карта
Әрі қарай сабағымызды семантикалық картамен жалғастырамыз.
(Экраннан көрсетіледі)
Кейіпкерлер сөзі кімдікі?
Кейіпкер сөзі | Ауыл адамдары | Жұмаш | Құрмаштың әжесі | Бейсембай |
Қуарған-ай, неңді алып ем? Не жазып ем ? | + | |||
Кәпір қырыс, неме , кеудесін бермейді, жасымайды. | + | |||
Мына кәпірдің екі көзі жап-жасыл болып кетіпті, тұқымын сезген екен, мұны өлтіріп, терісін алайық . | + | |||
Қасқырың болса қайтейін, менің қара ала төбетім бір-ақ соғады.Араша лай алмасаң, әлдеқашан өлтіріп тастар еді. | + | |||
Іздегендерің- нің өзі-сол, бәрін істеп жүрген сол. Енді соны бір қолға берсе-ау! | + |
- Суретте- Көксеректің сыртқы кескін-келбетін суреттеңіз
- Салыстыр- Аққасқа мен Көксеректі салыстырыңыз
- Зертте- Көк бөрінің қадір-қасиеті туралы әңгімелеңіз
- Талда- Кейіпкерлер тағдырын талқыға салыңыз.
V Проблемалық сұрақтар:
- Жазушының бұл әңгімені жазуына не себеп болды?
- Адамдардың бөлтірікке жасаған іс-әрекеттеріне қалай қарайсыздар?
- Әңгіменің идеясы не?
- Көксерек Құрмашпен неге тез тіл табысты?
- Көксеректі жауыздыққа баулыған не?
- Құрмаштың өліміне кінәлі кім?
Қорытынды:
Ата-бабамыз қасқырды «Көк бөрі» деп атап қадір-қасиет тұтқан,оның атын атамай, «ұлыма», «итқұс», «жаманауыз» деп атаған.Оны орман санитары деп те атайды, ол-түз тағысы , ол еш уақытта цирк ареналарына шықпайды, қолға үйренбейді.
Әңгімедегі бейкүнә бала Құрмаштың өлімі – табиғаттың адамға берген жауабы секілді, екі аяқты пенделер, біздер, табиғат заңдылығын бұзуға хақымыз жоқ . Себебі, адам мен табиғат арасында тығыз байланыс бар. Ендеше, балалар, табиғатты зорлықпен, күшпен бағындыру мүмкін емес!
Үйге тапсырма:
«Адам және табиғат» (эссе ) жазу
Бағалау