Сөз байлығы

 

Сабақтың  тақырыбы :             Сөз байлығы      

Сабақтың мақсаты : а) қазақ тілінің сөз байлығы  туралы түсінік бере отырып, оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттыру;

ә) түрлі әдістерді пайдалана отырып, балаларды тапқырлық ,жылдамдық  есте сақтау қабілеттерін арттыру;

б)  сабақ барысында  оқушылардың білімін  бақылау арқылы сауатты жазуға машықтыру;

Сабақтың түрі :                                аралас  сабақ

Сабақтың әдісі :                               сұрақ-жауап, деңгейлеп оқыту,

Сабақтың көрнекілігі :                    кітаптар, семантикалық карта

Пәнаралық байланыс :                   әдебиет,тарих

Сабақтың барысы : 

                                    а)  Ұйымдастыру кезеңі :

Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ә)  Үй тапсырмасын пысықтау :

Үйге берілген тапсырманы сұраймын . Оқушыларға өткен тапсырма бойынша бірнеше сұрақтар қоямын

                                б)  Жаңа сабақты түсіндіру.

Сөз байлығы әр адамның лексикасындағы сөздердің мөлшерімен, көлемімен байланысты дегенмізбен де, ең негізгісі — ой байлығы. Сондай-ақ, тілдегі бар сөздерді бір-бірімен жалғастырып, қиюластырып, әсем де әсерлі жеткізу айтушы мен сөйлеушінің ой көкжиегінен де елес береді. Бір сөзге бірнеше мағына сыйғызып, әр сөзді мән-мазмұн, стиль бояуымен жеткізу ойлау қабілетімен, шығармашылық сипатпен ұштасады. Сөз байлығын терең білудің ендігі бір жолы — халық тілінің дәстүрі мен әдеп ерекшеліктерін меңгеру. Қазақ тілі көркем әрі әсем тіл дейміз. Осындай әсемдік пен көркемдік тілді бүгінгі дейінгі жеткізушілердің ой қабілетінің тереңдігі мен қиялының шексіздігін дәлелдесе керек.

Тілдегі лексикалық қабаттың үнемі дамып, толығып, өсіп, өзгеріп отыратындығын білеміз. Бұл бірнеше тәсілдермен жүзеге асады.

—  Сөз тудырушы қосымшалар арқылы;

—  сөз мағынасының ауысуы арқылы;

—  жаңа сөздер кіру арқылы;

—  басқа тілден сөздер ену арқылы.

Аталған тәсілдер тілді байытатын ең негізгі әрі бастылары болып саналады. Бұдан басқа тілде сөздің өзгеруі, жаңа мағынаға ие болуы, тұрақты сөз тіркестерімен, сондай-ақ бір сөздің қоғамдық өзгерістерге қарай жаңаруы тәсілдерін атауға болады.

 

 Топпен  жұмыс:   1-топ: Өз жолдастарыңның портретін жазыңдар

                                  2-топ:  Бүгінгі қыстың ызғарлы күнін суреттеп жазыңдар.

 

 Білімді бекіту:  Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын. Түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.

  1. Портрет дегеніміз не?
  2. Пейзаж дегеніміз не?

 

Бағалау:  Үй тапсырмасын орындап келгеніне және жаңа сабаққа ынталы қатысып отырғандарын бағалаймын.

 

Үйге тапсырма:        58-жаттығу.