Екі соқа
Екі соқа
Бір зауыттан екі соқа қатар жасалып шықты. Біреуі егіншінің қолына түсті. Ол онымен жер жырта бастады. Екінші соқа еш қимылсыз аулада жатты. Арада бірнеше уақыт өткен соң, екі соқа кездесіп қалды. Жұмыс істеген соқа күмістей аппақ болып жарқырап тұр. Ал қимылсыз жатқан соқа тот басып қарайып кеткен.
- Сен неге мұнша жылтырап, кеткенсің? – деп сұрайды екіншісі.
- Мен еңбек еттім. Ал еңбек кімнің де болса шырайын кіргізбей ме? – деп жауап қайырыпты.
- (Ы. Алтынсарин)