Сын есімді қайталау

Сабақтың тақырыбы: Сын есімді қайталау

Сабақтың мақсаты: а/ сын есім бойынша білімдерін пысықтау, білімдерін кеңейту,

бекіту;

ә/ оқушылардың тапқырлық, жылдамдық, есте сақтау қабілеттерін

арттыру, сөйлеу тілін жетілдіру, сауатты жазуға дағдыландыру;

б/ оқушыларды ұйымшылдыққа, бірлікке тәрбиелеу.

Күтілетін нәтиже:

  1. Сын есімді сөйлем ішінде ажыратады.
  2. Сын есімдерді қолданып сөйлемдер құрастырады.
  3. Өз ойын еркін айта алады.

 

Не арқылы бағаланады?

  • Терминоголиялық диктант
  • Талдау парағы
  • Қос жазба күнделік
  • Семантикалық карта

 

Түрі: қайталау

Әдісі: сұрақ-жауап, талдау

Көрнекілігі: сызба, слайд, бағалау парағы

 

 

Сабақтың барысы

І. Қызығығушылықты ояту

Сабағамыздың басында көңіл-күйіміз көтеріңкі болу үшін өзіміздің бойымыздағы жақсы қасиеттерімізді айтып өтейік. Әр оқушы өзінің есіміне сын есім тіркеп айтады.(байсалды Бекбол, дарынды Дилназ, жайдарлы Жанна, ақылды Аяжан)

Сабаққа зейінімізді аудару үшін бірге бір рет шапалақ ұрайық.

 

Сабақтың кезеңдерімен таныстыру.

І. Қайталау – оқу анасы

ІІ. Кітап – асыл қазына

ІІІ. Білімді мыңды жығар

ІҮ. Танымдық сәт

Ү. Ой-толғаныс кезеңі

 

ІІ. Мағынаны тану

І. Қайталау – оқу анасы

Әр оқушыға парақтар таратылады. Оқушылар сын есім туралы жазады.

  1. Сын есім ережесі
  2. Сын есімнің түрлері
  3. Сапалық және қатыстық сын есімді салыстыру
  4. Берілген сын есімдерді қатыстырып сөйлем құра: бойшаң, жақсы, адал

 

ІІ. Кітап – асыл қазына

Оқулықпен жұмыс (жаттығу жұмысы орындау)

124-жаттығу (көшіріп жазу, сын есімдердің астын сызу)

Кеселді, жалқау, қылжақбас,пысық, нас,көңілсіз, олақ, ыстық, нұрлы, жылы, арзан, қымбат

 

 

 

ІІІ. Білімді мыңды жығар

Берілген мәтіннен сын есімдерді тауып, талдау

МәтінСын есімдер
Зеректік

Англия жұртында Броун деген білімді ұста судың үстіне бір қолайлы көпір салуды ойлапты. Қалайша салсам қолайлы, берік болар екен деп ойға қалып келе жатса, жолдың үстіне кесе тартқан өрмекшінің өрмегіне көзі түсіпті. Ол тоқтай қалып ойланады: «Өрмекші мынау жол арқылы көпір салыпты, астында тіреуі жоқ. Осындай көпір болса, қолайлы болар еді», — дейді. Ойланып-ойланып, су үстіне екі ұзын шынжыр тартып, ортасына тақтай салады. Екі жақ басын құрғақ жерден биік, мықты бағандарға бекітіп, көпір жасайды. Шынжырдан көпір салу содан қалған үлгі екен.

білімді, қолайлы, берік, ұзын, құрғақ, биік, мықты

 

 

 

 

ІҮ. Танымдық сәт

Бір сөзбен айтқанда қандай адам? (дәптерлеріне жазады)

  1. Қиыстырып, тауып сөйлейтін адам
  2. Айтқанға сенгіш, ешнәрсені байқамайтын
  3. Тез ашуланатын адам
  4. Көрінгенге соқтыға беретін
  5. Бойы ұзын адам
  6. Ертең орындаймын, кейін жазамын дейтін
  7. Көп білетін адам

 

ІІІ. Толғаныс

Ү. Ой-толғаныс кезеңі

 

Семантикалық карта толтыру

 

МысалдарНегізгіТуындыДараКүрделіСапалықҚатыстық
Жаман
Мейірімді
Биік-биік
Ауыр
Сары
Әдепті
Аттылы
Балалы-шағалы
Қызық
Үлкен

 

 

Кері байланыс

Стикерге сабақ туралы ойларын жазу (сын есім кірістіру)

 

Бағалау

«5»-11-12 ұпай

«4»-8-9 ұпай

«3»-6-7 ұпай