Домбыра,бостандықтың ырғағын тарт. 11- сынып.

Тақырыбы: Домбыра,бостандықтың ырғағын тарт. 11- сынып.

1.Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Өнер тақырыбына қалам тартқан поэзияның Құлагері атанған алып

тұлға І.Жансүгіровтің өмірінен алған мәліметтерін жинақтау, шығармаларының тақырыбын талдау, ой жүгірту , «Күйші» поэмасынан алған білімдерін саралау, шығарманы құрылысына талдау,ойларын түйіндеу.

Дамытушылық: Сөйлеу мәдениетін қалыптастыру , сатылай кешенді талдау арқылы шығарманың көркемдік-идеясын ашу, дүниетанымын ізденістерін ұштай білу, таным белсенділіктерін арттыру .

Тәрбиелік: Поэзияның хас шебері Ілияс шығармалары арқылы өнерге деген сезімін, қызығушылығын ояту, ұлттық тәрбие беру, Отанына деген сүйіспеншілік сезімін қалыптастыру.

Сабақ түрі:Шығармашылық -өнер сабағы

Әдіс-тәсіл:Баяндау , түсіндіру, әңгімелеу,іздендіру, С.К.Т.

Пәнаралық

байланыс:Тарих, әдебиет теориясы, өнер, қазақ тілі, саз өнері.

Көрнекілік:Интерактивті тақта,портрет,слайд,үкілі домбыра ,күй дискісі, жинақ,

                      күйшілер портреті.

2.Ұйымдастыру: Психологиялық дайындық

Барысы: «Адай» күйі орындалып тұрады.

                   Балалар ,бұл кімнің,қандай күйі? Бүгінгі сабаққа қандай қатысы бар?

Онда ақын өміріне шағын шолу жасайық.

1 слайд:

І.Жансүгіровтің өмірі, шығармашылығы туралы.

 

 

2 слайд:

 

Мұғалімнің сөзі: Балалар , біз сендермен 6-9сыныптар арасында поэзияның Құлагері атанған ірі тұлға ақын-жазушы, ұлттық әдебиетіміздің көрнекті өкілі І.Жансүгіровтің қандай шығармаларын өттік.

                    Нені байқадыңдар? Әрине, ақын өнер, туған жер туралы көп толғанып,осы тақырыптарға қалам тартқан екен.

3 слайд:

 

                                                                                               

 

 

 

 

Поэмаға анықтама (ауызша)

4 слайд:

 

5 слайд:

 

«Күйші» поэмасы.                              (Домбыра суреті, «Бозінген» күйі.)

Оқушы интерактивті тақтамен жұмыс істейді.

               «Күйші» поэмасына әдеби сатылай кешенді талдау жасайды.

               I.Авторы

II.Тақырыбы

III.Негізгі идеясы

IV.Әдеби жанры

V.Композициялық құрылысы

1.Сюжеттің басталуы

2.Сюжеттің байланысы

3.Оқиғаның шиеленісуі

4.Оқиғаның шарықтау шегі

5.Шешімі

VI.Шығарманы құрылысына талдау

VII. Әдеби теориялық ұғымдар

VIII.Кейіпкерлер бейнесі

1.Жағымды

2.Жағымсыз

  1. IX. Түсіндірме сөздік. (ерулік,

X.Түйіні, тәрбиелік мәні.

                 Өлеңді құрылысына талда

                Көздегі от қыз қолындағы алдаспандай,

Жарқ етіп,өз мойнынан қан қашқандай.

Жай түсіп жүрегіне,көзі от болды,

Астында алдаспанның алжасқандай.

 

 

6 слайд:                 Күйші сезімінің суреттелуі      (оқушы дисфемизмді табады)

Ақ түспен:                                     Қара түспен:

Еркіндік                                          Құлдық

Махаббат                                       Зұлымдық

Өмір                                               Өлім

 

7 слайд: «Күйші» поэмасындағы күй аттарын теру     (тақтаға)

 

8 слайд: Күйшілердің есімін ,күйін сәйкестендір.

Құрманғазы,Тәттімбет,Дина, Қорқыт , С.Желдібаев,А.Еңсепов , С.Тұрысбеков , Н.Тілендиев.

(«Балалық», «Ана аманаты», «Сарыарқа», «Теріс қақпай», «Адай», «Балбырауын»,

«Жеңіс», «Ұшардың ұлуы», «Көңіл толқыны», «Ерке сылқым», «Аққу».

 

9 слайд:

 
І.Жансүгіров «Күйші»Ауыз әдебиеті

«Кет-Бұғаның естіртуі»

Т.Ахтанов

«Күй аңызы»

ҰқсастығыЕрекшелігі

 

10 слайд:

«Сарыарқа» күйі орындалады. (Көрініс сұлу табиғат , бостандық, жазиралы кең дала)

 

Сабақты қорытындылау: Түйін:  «Өнер — өлмес мұра»         (ойтолғау жазу)

Үйге тапсырма:  « І.Жансүгіров- қазақ өнерінің жыршысы»        (шығарма)

Бағалау.