Сан есімнің мағыналық түрлері. Есептік сан және реттік сан есімдер.
Грамматикалық тақырыбы: Сан есімнің мағыналық түрлері. Есептік сан және реттік сан есімдер.
Лексикалық тақырыбы: Тәуелсіздік шежіресі. Қазақстан – кеше, бүгін, ертең…
Бүгінгі сабағымыздың эпиграфы:
Біздің туымыз – тәуелсіздік, тілегіміз –
бейбітшілік пен тыныштық. Күш қолдану
мен жанжал атаулыны болдырмауға бар
ерік-жігерімізді аямаймыз. Осы мақсат
жолында Қазақстандағы барлық ұлттар
өкілдерінің бір кісінің баласындай, бір
қолдың саласындай күш біріктіруіне
мүдделіміз. Н.Ә.Назарбаев
Ұранымыз: «Білекті бірді жығар,
Білімді мыңды жығар»
Мақсаты:
а)Білімділік: Есептік және реттік сан есімдер туралы түсінік беру, оларды ажырата білуге үйрету; сөйлем мәнерлеріне жете көңіл бөлу;
ә) Дамытушылығы: Ойлау белсенділігі мен танымдық қызығушылығын дамыту, ой қорытып нақты шешім жасата білу, шығармашылық ізденістерін арттыруға ықпал жасау; Сауатты жазуға төселдіру;
б) Ел тарихын, ұлттық құндылықтарымызды ұмытпауға, туған халқының өнерін сүйіп өсуге баулу,Отанды шексіз сүюге, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жаңа материалды түсіндіру
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, ізденіс, баяндау, талдау,ойын, сергіту жаттығулары т.б.
Көрнекілігі: 6- сыныпқа арналған электронды оқулық, интерактивті тақта , суреттер , үлестірме қағаздар т.б.
Пәнаралық байланыс: математика, тарих, әдебиет, география,сурет,т.б
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру : 1.Сыныптың сабаққа қатысы.
- Үй тапсырмасын тексеру.
161-жаттығу «Біздің сынып» деген тақырыпта шағын
шығарма құрастыру.
«Қайталау – оқу анасы» өтілген тақырыптар бойынша
сұрақтар:
- Қазақ тілінде қанша сөз табы бар? Оларды ата.
- Зат есім және сын есім қандай сөз таптары? Мысал келтір.
- Деректі және дерексіз зат есімге мысал келтір.
- Қатыстық сын есім дегеніміз қандай сын есім?
ІІ. Жаңа сабақ : Сан есімнің мағыналық түрлері. Есептік сан
және реттік сан есімдер.
«Қызығушылықты арттыру»
-Оқушылар, алдымыздағы берілген бірнеше мысалдарды оқып қарайықшы. Осы сан есімдердің жазылуында немесе айтылуында өзгеріс бар ма? Қандай өзгеріс бар? Сан есімдерге сұрақ қойып қараймыз.
-Дұрыс айтасыңдар! Яғни, қойылатын сұрағына қарай, жазылуына қарай осы сан есімдерді екі бағанға бөлеміз.
- Заттың нақтылы санын білдіріп, қанша?, неше? Деген сұрақтарға жауап берсе, есептік сан есім болады.
Мысалы: Он алты, жиырма екі т.б
- Заттың саналу ретін, қатарын білдіріп, нешінші? Деген сұраққа жауап берсе, реттік сан есім болады.
Реттік сан есімдер есептік сан есімдерге, егер ол дауысты дыбыспен аяқталса, -ншы, -нші жұрнақтары жалғану арқылы, ал егер дауыссызға бітсе, -ыншы, -інші жұрнақтары жалғану арқылы жасалады.
Мысалы: бес – інші, он – ыншы, алты – ншы, жеті – нші т.б
Реттік сан есімдер кейде цифрмен беріледі. Ондай кезде сан есімдердің жазылуы төмендегідей болады:
- Реттік сан есімдер араб цифрымен берілсе, -ыншы, -інші, -ншы, -нші жұрнағының орнына дефис қойылады.
Мысалы: Ол 5-қабатта тұрамыз. Мен 6-сыныпта оқимын.
- Реттік сан есімдер рим цифрымен берілсе, жұрнақтың орнына дефис қойылмайды.
Мысалы: «Абай жолы» романының І томы, шығарманың ІІ томы т.б
- Жыл, ай аттарының алдынан келген сан есімдер араб цифрымен берілсе де, одан кейін дефис қойылмайды.
Мысалы: 1 қыркүйек, 1995 жыл т.б
І бөлім: Қазақстан-кеше…
Тәуелсіздік бізге оңай келмеді,
Жұртым менің не қиындық көрмеді!?
Жылап тұрып Аналарым бұл жолда,
Сан перзентін қара жерге жерледі.
-Балалар, берілген мысалдардағы сандарды сөйлетсек…. Яғни, 1932, 1937, 1945, 1986 жылдар.
(Слайдттар көрсетіледі)
-Иә, бұл — біздің жадымызда мәңгі қалар тарихымыз.
ІІІ Оқулықпен жұмыс:
162-жаттығу. Мәтінді оқып, құрамындағы есептік сан есімдерді теріп жазып, олардың құрамын анықтау. Сұрақ қою.
Жаттығу үлгіге қарай отырып ауызша орындатылады.
Үлгі: екі жүз тоғыз – есептік сан есім, құрамына қарай күрделі, сұрағы – қанша?
164-жаттығу. Берілген есептік сан есімдерден реттік сан есімдер жасап, оларды сөзбен жазу.
Мысалы: жеті-жетінші, он-оныншы
ІІ бөлім: Қазақстан-бүгін…
Бақтың құсы әр адамға қонып бір,
О Тәңірім, бізді баққа жолықтыр!!..
Бүгін, міне, Тәуелсіздік ағайын,
Әр Қазақтың жүрегі боп соғып тұр!..
(Слайдттар көрсетіледі)
ІV Тақтамен жұмыс
- Электронды оқулықтан бейнежазба көрсетіледі. Сан есімдерді теріп
жазу.
15 млн, 2 млн 724, 9, 1991, 16, 100 т.б
- «Білім мен дәстүр» сыны ойыны
Есептік және реттік сан есімдерді тауып,төмендегі сызбаға орналастырыңдар.
Есептік: 40, 7, 4, 9, 319
Реттік: 5-інші, 13-інші, 3-інші
у
Е
Р
40 жылқы 7 дос 5-сынып 4 үй 3- орын 9 адам 319 оқушы 13-қатар
сандарға байланысты халқымыз қазақ ұғымында 1,3,5,7,9,40 секілді сандардың бәрін киелі деп есептеген. Сондықтан сідерге төмендегідей сұрақтар қоямын:
- Жеті атаңды ата (ата, әке, бала, немере, шөбере, шөпшек, немене)
- Халқымыздың кие тұтқан сандарын ата (7,9)
- Үш арсызды ата (ұйқы, тамақ, күлкі)
- Жігіттің үш жұрты (өз жұрты, қайын жұрты, нағашы жұрты)
- Төрт түлік (қой, сиыр, жылқы, түйе)
- Ер қаруы бес қару (найза, садақ, шоқпар, қылыш, айбалта)
Қазақпын, еңселі елмін егеменді,
Кеңейттім кең әлемге керегемді.
Мұхиттың ар жағында жатқан жұрттар
Таныды тепе-тең деп тереземді.
Қазақпын, қойнауы-құт, жері-дархан,
Әнімді бес құрлықтың бәрінде айтам.
V Шығармашылық жұмыс
Тәуелсіз елім менің, Қазақстан,
Өткен жолын жалғаған ұлы дастан.
Болашағыңа қарасам көз жіберіп,
Аумайсың атылмақшы жас барыстан-дей отыра ендігі сіздерге берілетін тапсырма «Болашақ біздің көзімізбен…» тақырыбында ойтолғау, шағын шығарма, әңгіме, өлең құрастыру. Ішінде есептік және реттік сан есімдердің болуын ескеру.
VІ Жеке оқушылармен жұмыс
Семантикалық карта
| Мысалдар
| Есептік | Реттік |
| Бесінші | ||
| Он алты | ||
| Екі мың бірінші | ||
| Сегіз | ||
| Қырық жеті |
Сәйкестендіру тесті
| Арманда | алтыншы сыныпта оқимын |
| Мен | бес кітап бар |
| Биыл | сабақты беске оқиды |
| Ол | Тәуелсіздікке 22 жыл |
| Қазақстанда | екі мың он үшінші жыл |
VІ Бекіту
Қорытынды сұрақтары:
- Сан есім дегеніміз не? Сұрағы қандай?
- Құрамына қарай сан есім нешеге бөлінеді?
- Есептік сан есім дегеніміз қандай сан есім? Мысал келтір.
- Реттік сан есім ше? Мысал келтір.
VІІ Үйге тапсырма:
166-жаттығу. Ережені жаттау.
VІІ Бағалау.
Сабаққа белсенді қатысқан оқушылар бағаланады.