Синтаксис тарауы бойынша қайталау сабағы.

 

Сабақтың тақырыбы. Синтаксис тарауы бойынша қайталау сабағы.

Сабақтың мақсаты:

Синтаксис бойынша  теориялық білімдерін  практикада көрсету

Сабақтың міндеті:

Білімділік: Синтаксис бойынша білімдерін жинақтап практикада көрсете біледі. Синтаксистің зерттеу обьектілерін анықтап, ерекшеліктерін баяндайды. (теория→практика→теория)

Дамытушылық: Тапсырма беру арқылы шығармашы-лық  белсенділіктері,  қызығушылықтары  арттырыла-ды.

Тәрбиелік: Өзіндік пікір айтады және қорғай біледі. Басқаның пікіріне құрметпен қарайды.

Сабақтың типі. Білім бекіту.

Сабақтың түрі. Қайталау сабағы.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: Баяндау, сұрақ-жауап, тілдік талдаулар, іздендіру тапсырмалары.

Пәнаралық байланыс. Әдебиет.

Сабақтың барысы.

Үйымдастыру. Оқушы назарын сабаққа аудару.

Жаңа сабақ.

Жаңа сабақты мақсатымен таныстыру. Синтаксис бойынша  теориялық білімдерін  практикада көрсету

Мұғалім:

Бүгінгі сабағымыз синтаксис тарауын қайталау болғандықтан, синтаксистің зерттеу объектісін еске түсіріп алайық. (Сөйлем, сөйлем мүшесі, сөз тіркесі, оқшау сөздер, тыныс белгілер)

Сұрақтар.

І.  Сөйлем дегеніміз не, оның қандай түрлері бар және оның ерекшелігіне тоқтал?

ІІ.  Сөз тіркесінің негізгі белгілерін ата, оның қандай түрлері бар?

ІІІ.  Сөздердің байланысу түрлері мен байланысу

тәсілдері туралы не білесіңдер?

ІV.  Қандай қатынасты предикаттық қатынас дейміз, басқа қандай қатынастарды білесіңдер?

  1. Қазақ тілінде неше сөйлем мүшесі бар?

Сұрақтарға  жауап алынғаннан кейін, сөйлемдерге талдау жасалады.

Алғашқы сөйлем. Сөйлем мүшелеріне талдау.

Үш күндік жолдың бүгінгі соңғы күніне бала шәкірт барын салды.

  • Барын салды.

І.кызметі-баяндауыш (тиянақты);

ІІ. құрылысы-күрделі;

ІІІ. жасалу жолы-жіктік жалғаудың ІІІ жақ тұлғасындағы (қалай жасалды?) есімдік және етістік тіркесінен (неден жасалды?)

Сатылай талдау нәтижесін төменнен жоғары қарай тұтастырып оқыр болсақ, барын салды-жедел өткен шақ және  жіктік жалғауы ІІІ жақ нольдік формасы  арқылы есімдік пен етістіктен жасалған күрделі тиянақты баяндауыш.

  • Шәкірт

І.кызметі-бастауыш;

ІІ. құрылысы-дара;

ІІІ. жасалу жолы-атау септік түлғасындағы (қалай жасалды?)  зат есім (неден жасалды?)

Шәкірт-атау септік арқылы зат есімнен жасалған дара бастауыш.

  • Бала

І. Қызметі-анықтауыш;

ІІ. Мағынасы-сапалық;

ІІІ. Құрылысы-дара;

ІV. жасалу жолы-түбір қалпында (қалай жасалды?) зат есім (неден жасалды?)

Бала-түбір қалпындағы зат есімнен жасалған дара сапалық анықтауыш.

  • соңғы күніне

І.кызметі-толықтауыш;

ІІ. құрылысы-күрделі;

ІІІ.мағынасы-жанама;

ІV. жасалу жолы-қатыстық сын есім мен барыс септігі арқылы зат есім мен сын есімнен жасалынған.

Соңғы күніне-барыс септік арқылы зат есімнен жасалған күрделі жанама толықтауыш.

  • Бүгінгі

І. Қызметі-анықтауыш;

ІІ. Құрылысы-дара;

ІІІ.мағынасы-сапалық;

ІV.жасалу жолы-сын есім тудыратын журнақ арқылы (қалай жасалды?) үстеуден (неден жасалды?)

Бүгінгі-сын есім тудыратынын журнақ арқылы үстеуден жасалынған дара сапалық анықтауыш.

  • Жолдың

І.кызметі-анықтауыш;

ІІ. құрылысы- дара;

ІІІ.мағынасы- иелік;

ІV. жасалу жолы-ілік септік тұлғасындағы (қалай жасалды?) зат есім (неден жасалынды?)

Жолдың-ілік септігіндегі зат есімнен жасалған дара иелік анықтауыш.

  • Үш күндік

І.кызметі-анықтауыш;

ІІ. құрылысы-күрделі;

ІІІ.мағынасы- сапалық;

ІV. жасалу жолы- іргелес орын тәртібі арқылы  (қалай жасалды?) сан есім мен зат есімнің тіркесуі арқылы (неден жасалды?)

Үш күндік-сөз тіркесі арқылы жасалынған күрделі сапалық анықтауыш.

Алғашқы сөйлем. Сөйлемдегі сөздердің байланысу ерекшеліктерін айқындау.

Үш күндік жолдың бүгінгі соңғы күніне бала шәкірт барын салды.

  • Шәкірт барын салды

І. Синтаксистік қатынас-предикаттық (бастауыш-баяндауыштық), өйткені бұлар сөйлемдегі бас мүшелер.

ІІ. Байланысу тәсілі-қосымша арқылы: оның ішінде байланыс басыңқы сөз (баяндауыш) құрамындағы жедел өткен шақ және  жіктік жалғау нольдік форма арқылы жүзеге асқан.

ІІІ. Байланысу түрі-қиысу, өйткені байланыс жіктік жалғау және атау септік  арқылы жүзеге асқан.

ІV.Синтаксистік бірлік-сөйлем. Өйткені тұрлаулы мүшелер ғана қамтылған, оның үстіне сөздер предикаттық қатынаста ғана тұр.

Шәкірт барын салды-(І саты) предикаттық қатынаста, (ІІ саты) жіктік жалғау қосымшасы арқылы (ІІ саты) қиыса байланысқан (ІV) сөйлем

  • соңғы күні

І. Синтаксистік қатынас-анықтауыштық;

ІІ. Байланысу тәсілі-орын тәртібі іргелес;

ІІІ. Байланысу түрі-қабысу;

ІV.Синтаксистік бірлік-сөз тіркесі есімді

соңғы күніне-анықтауыштық қатынаста іргелес орын тәртібі арқылы қабыса байланысқан есімді сөз тіркесі.

  • жолдың соңғы күні

І. Синтаксистік қатынас-  анықтауыштық қатынас;

ІІ. Байланысу тәсілі-қосымша арқылы бірінші сыңары (-дың) ілік септікте, екіншісі (-і) тәуелдік жалғау арқылы.

ІІІ. Байланысу түрі-матасу;

ІV. Синтаксистік бірлік-сөз тіркесі, есімді.

жолдың  соңғы күні-анықтауыштық қатынаста ілік септігі мен тәуелдік жалғауы арқылы матаса байланысқанесімді сөз тіркесі.

  • бала шәкірт

І. Синтаксистік қатынас- анықтауыштық қатынас;

ІІ. Байланысу тәсілі-орын тәртібі арқылы;

ІІІ. Байланысу түрі-қабысу;

ІV.Синтаксистік бірлік-сөз тіркесі есімді

бала шәкірт-анықтауыштық қатынаста іргелес орын тәртібі арқылы қабыса байланысқан есімді сөз тіркесі.

  • үш күндік жол

І. Синтаксистік қатынас- анықтауыштық қатынас;

ІІ. Байланысу тәсілі-орын тәртібі арқылы;

ІІІ. Байланысу түрі-қабысу;

ІV.Синтаксистік бірлік-сөз тіркесі есімді

 

Жолдың  соңғы күні-анықтауыштық қатынаста бірі ілік септік, екіншісі тәуелдік жалғау арқылы матаса байланысқан есімді сөз тіркесі.

Алғашқы сөйлем. Сөйлемнің құрылымдық, мағыналық ерекшеліктерін айқындау.

Үш күндік жолдың бүгінгі соңғы күніне бала шәкірт барын салды.

І. І.1.Айтылу сазы-хабарлы.

ІІ.2. Айтылу мақсаты-хабарлау.

ІІ.2.1. Орындалу нәтижесі-болымды. (өмірде жүзеге асқан әрекет баяндалады)

2.2. Уақытқа қатысты-ашық рай, өйткені баяндауыш жедел өткен шақта тұр.

ІІІ. Құрамына қарай-жай сөйлем: өйткені бір предикаттық орталық бар. Шәкірт барын салды.

ІV. Құрылысына қарай: жай сөйлем.

4.1.1. жайылма: тұрлаусыз мүшелер бар.

4.1.2. толымды: жасырын тұрған мүше жоқ.

4.1.3. жақты: бастауыш бар, бастауыш баяндауышпен ІІІ жақта қиыса байланысқан;

4.2. бірыңғай мүше, жалпылауыш сөз жоқ.

4.3. айқындауыш мүше жоқ.

4.5. оқшау сөздер-жоқ.

Екінші сөйлем. Сөйлем мүшелеріне талдау.

Ағыбай мен Төреқұлды табыстырған тағдырдың өзі-ерекше тарих.

  • Тарих

І.кызметі-баяндауыш (тиянақты);

ІІ. құрылысы-дара;

ІІІ. жасалу жолы-жіктік жалғаудың нольдік формасындағы (қалай жасалды?) зат есімнен (неден жасалды?)

Тарих-жіктік жалғаудың ІІІ жақ нольдік формасы арқылы зат есімнен жасалған тиянақты дара баяндауыш.

  • Тағдырдың өзі

І.кызметі-бастауыш;

ІІ. құрылысы-күрделі;

ІІІ. жасалу жолы-атау септік түлғаысндағы (қалай жасалды?) сөз тіркесінен

(неден жасалды?)

Тағдырдың өзі-атау септік арқылы есімді сөз тіркесінен жасалған күрделі бастауыш.

  • Ерекше

І.кызметі-анықтауыш;

ІІ. құрылысы-дара;

ІІІ.мағынасы-сапалық;

ІV. жасалу жолы-түбір қалпында (қалай жасалды?) сын есім (неден жасалды?)

Ерекше-түбір қалпында сын есімнен жасалған дара сапалық анықтауыш.

  • Табыстырған.

І. Қызметі-анықтауыш;

ІІ. Құрлысы-дара;

ІІІ. Мағынасы-сапалық;

ІV. Жасалу жолы-есімше тұлғадағы етістіктен жасалған;

Табыстырған-есімше тұлғадағы етістіктен жасалған дара сапалық анықтауыш.

  • Ағыбай мен Төреқұлды

І.кызметі-толықтауыш;

ІІ. құрылысы-күрделі;

ІІІ.мағынасы-тура;

ІV. жасалу жолы-табыс септік арқылы (қалай жасалды?) бірыңғай зат есімнен (неден жасалды?)

Ағыбай мен Төреқұлды-табыс септігі арқылы бірыңғай зат есімнен жасалынған тура күрделі толықтауыш.

Үшінші сөйлем. Сөйлем мүшелеріне талдау.

Анам-оқымаған, қарапайым қазақ әйелі- бүкіл ауылға ортақ ана сияқты болатын, сондықтан ауыл жұртшылығы ерекше құрмет тұтатын.

1) Ана сияқты болатын.

І.кызметі-баяндауыш;

ІІ. құрылысы-күрделі;

ІІІ. жасалу жолы- жіктік жалғаудың ІІІ жақ нольдік формасы арқылы (қалай жасалды?)  сөз тіркесінен (неден жасалды?) жасалған тиянақты күрделі баяндауыш.

Ана сияқты болатын- жіктік жалғаудың ІІІ жақ нольдік формасы арқылы   сөз тіркесінен жасалған тиянақты күрделі баяндауыш.

2) Анам.

І.кызметі-бастауыш;

ІІ. құрылысы-дара;

ІІІ. жасалу жолы-атау септік  арқылы (қалай жасалды?)  зат есімнен (неден жасалынды?)

Анам-атау септігіндегі зат есімнен жасалған дара бастауыш.

3) Құрмет тұтатын

І. Қызметы- баяндауыш;

ІІ.құрлысы-күрделі;

ІІІ. Жасалу жолы- жіктік жалғаудың ІІІ жақ нольдік формасы арқылы (қалай жасалды?)  сөз тіркесінен (неден жасалды?) жасалған тиянақты күрделі баяндауыш.

Құрмет тұтатын -жіктік жалғаудың ІІІ жақ нольдік формасы арқылы   сөз тіркесінен жасалған тиянақты күрделі баяндауыш.

3) ауыл жұртшылығы

І.кызметі-бастауыш;

ІІ. құрылысы-күрделі;

ІІІ. жасалу жолы-атау септігі арқылы (қалай жасалды?)  есімді сөз тіркесі  (неден жасалды?)

Ауыл жұртшылығы-атау тұлғадағы зат есімнен жасалған күрделі бастауыш.

Үшінші сөйлем. Сөйлемнің құрылымдық, мағыналық ерекшеліктерін айқындау.

Анам-оқымаған, қарапайым қазақ әйелі- бүкіл ауылға ортақ ана сияқты болатын, сондықтан ауыл жұртшылығы ерекше құрмет тұтатын.

І.1.1. Айтылу сазы-хабарлы;

1.2.Айтылу мақсаты-хабарлау:

ІІ.2.1. Орындалу нәтижесі-болымды;

2.2. уақытқа қатысы-ашық рай.

ІІІ. Құрамына қарай-құрмалас сөйлем: екі предикаттық орталық бар. 1) Анам-ана сияқты болатын. 2) Ауыл жұртшылығы құрмет тұтатын.

ІV.4.1. Жасалу тәсіліне қарай- салалас. Бірінші сөйлемнің баяндауышы тиянақты.

4.2. жасалу жолына қарай –баяндауыштары тең дәрежеде байланысқан, жалғаулықты салалас. (сондықтан)

4.3.Компоненттердің мағыналық қатынасы бойынша-себеп-салдар салалас.

4.4.Бірыңғай мүше «оқымаған, қарапайым» бар

4.5. Жалпылауыш сөз жоқ.

4.6. Оқшау сөз – жоқ.

4.7. Айқындауыш мүше- бар «оқымаған, қарапайым қазақ әйелі»

Анам-оқымаған, қарапайым қазақ әйелі- бүкіл ауылға ортақ ана сияқты болатын, сондықтан ауыл жұртшылығы ерекше құрмет тұтатын-сөйлемі хабарлы, болымды, ашық райдағы, бірыңғай мүше, жалпылауыш сөз жоқ, оқшау сөз қатыспаған, айқындауыш мүше бар себеп –салдар салалас құрмалас.

 

Үйге:

“Абай жолы” роман- эпопеясынан 3 сөйлем жазып, талдап келу.

Ережелерді қайталап, еске сақтау.

Оқушыларды бағалаймын.