Салалас құрмалас сөйлем туралы түсінік.

 

 

Сабақтың тақырыбы: Салалас құрмалас сөйлем туралы түсінік.

Сабақтың мақсаты: Салалас құрмалас сөйлем , оның жасалу жолдары туралы ұғым беру. Өтілген материалдарды қайталай отырып, оқушылардың алған білімдерін жүйелеу, бекіту, алған білімдерін еске түсіру.

Сабақтың дамытушылық мақсаты: Ынта қойып тыңдау, жазу, талдау машықтарын қалыптастыру, сөздік қорын, сөз байлығын дамыту, талдау және салыстыра білу дағдыларын қалыптастыру.

Сабақтың тәрбиелік мақсаты: Елін, туған жерін сүюге, қадірлеуге тәрбиелеу, патриоттық сезімдерін ояту.

Сабақтың әдіс – тәсілдері: интерактивтік оқыту әдісі, сұрақ – жауап, сатылай кешенді талдау жұмыстары.

Сабақтың көрнекіліктері: интерактивті тақта, слайд, плакат, кеспе карталар.

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезі.

1.Оқушыларды тексеру.

2.Оқушыларды топқа бөлу.

Тілімді алса сұлтаным,

Бұл сапарға бармасын.

Бұл олжадан алмасын.

Көп жылады дегейсің,

Үйдегі нашар жолдасың!

Сұлтаныма сәлем де,

Тілімді алса бармасын,

Біз байлаған тұлпарда.

43 күндік кемдік бар?

Үзінді қай жырдан алынған? Қай тұлпар туралы айтылып тұр?(Тайбурыл)

Осы кезде шапқылаған ат дүбірі еміс – еміс естілгендей болды да, іле:  «Қарағым, қарағым!» деген иесінің дірілдеген даусы дәл құлағының түбінен шықты.Ақтық рет ышқынып, басын көтеріп алған ол сары аттан домалай түсіп, тізерлеп отыра кеткен Ақанның құшағына жағын төседі. «Айдалада жалғыз қалдырмай жеттің бе, үлгердің бе? Менің қазам енді жеткен шығар, ризамын саған, бақыл бол!» деп кісінеген оның ашық қалған көзінде  мөлтілдеген жас төгілмей тұнып тұр.Ақанның көзінен бір тамшы жас өлі көзге үзіліп түскенде, жан біткендей дір етті. Ақан аһ ұрып, он жыл серік болған аяулы досының жансыз көзін жапты.

Үзінді кім туралы?(Құлагер)

Ертеңіне бұл хабарды естіген жайлаудағы жұрт, оны көру үшін жан – жақтан ағылып жатты.Соғыс әлі бітпеген, халықтың қам көңіл кезі  ғой, бейне майданнан тағы бір жаралы жауынгер оралғандай ғаріп күйге түскен есіл жануарды көргенде, көздеріне жас алып, жыламаған ешкім қалмады.

Кімнің шығармасы? (Қ.Жұмаділов «Қозыкүрең»)

         

 

І топ. «Тайбурыл»

ІІ топ. «Құлагер»

ІІІ топ. «Қозыкүрең»

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау.

1.Ұяшық астында жасырынған сұрақтарға жауап беру.

 

123
456

1.Сөйлем дегеніміз не? Ол айтылу мақсатына қарай қалай бөлінеді?

2.Сөйлем құрылысына қарай қалай бөлінеді? Жай сөйлем дегеніміз не?

3.Жай сөйлемнің түрлерін ата.Жақты, жақсыз сөйлем дегеніміз не?

4.Жалаң, жайылма сөйлем дегеніміз не?

5.Толымды, толымсыз сөйлем дегеніміз не?

6.Құрмалас сөйлем дегеніміз не? Ол қалай бөлінеді?

2.Жасырынған сөз.

 

 

1С
2И
3Н
4Т
5А
6К
7С
8И
9С

 

1.Тұрлаулы мүше?

2.Екі я одан да көп адамның сөйлескен сөзі.

3.Толықтауыштың бір түрі.

4.Оқшау сөз.

5.Құрмалас сөйлемнің бір түрі.

6.Тыныс белгісі.

7.Жай сөйлемнің бір түрі.

8.Сөздердің байланысу түрлерінің бірі.

9.Сабақтас құрмаластағы тиянақты сөйлем.

 

 

ІІІ.Жаңа сабақты түсіндіру.

1.Құрмалас сөйлем туралы, оның түрлерін еске түсіру.(плакатты пайдалану)

2.Салалас құрмалас сөйлем,оның жасалу жолдары туралы айту.

А ) Құрамындағы жай сөйлемдерінің баяндауыштары тиянақты болып, өзара тең дәрежеде байланысқан құрмалас сөйлемнің түрін салалас құрмалас сөйлем дейміз.

Мысалы: Қазақ мемлекеті өз тәуелсіздігін алғаннан бері әлемдік қауымдастықтың біразына мүше болды, көптеген елдермен елшілік қарым – қатынас орнатты.

Ә ) Салаластың құрамындағы жай сөйлемдер өзара  2 түрлі жолмен байланысады.

1)Мағыналарының жақындығына қарай іргелес тұрып та, ұласпалы(тиянақсыз)  интонация арқылы да байланысады.

Мысалы: Мен тәуелсіз елімнің гүлденуіне, көркейе беруіне өз үлесімді қосамын, халқымның жарқын болашағына сенемін.

2)  Салаластың құрамындағы жай сөйлемдер өзара жалғаулық шылаулар арқылы байланысады.

ШылауларСалаластың түрлері
1

2

 

3

4

5

 Да,де,та,те,әрі,және

Бірақ,алайда,дегенмен,сонда да,әйтсе де

Өйткені,себебі,сондықтан,неге десеңіз

Не болмаса

Кейде,бірде,біресе

Ыңғайлас мәнді

Қарсылық мәнді

 

Себеп – салдар мәнді

Талғау мәнді

Кезектес мәнді

Мысалы: 1.Тәуелсіздік арқасында қазақтың асыл арманы әнге айналды және өзге дербес елдермен тереземіз теңесті.

2.Еліміздің болашағы келер ұрпақтың қолында, сондықтан қазіргі қазақ жастары терең білім алуға, мәдениетті адам болуға ұмтылуы тиіс.

ІV.Сабақты бекіту.

1.Кітаппен жұмыс.

96-жаттығу.

1)Берілген мақал – мәтелдердің екінші сыңарын өздерің ойлап тауып, салалас құрмаласқа айналдырып жазыңдар.

І  топ. 1 – 5 сөйлем.

ІІ топ. 6 – 10 сөйлем.

ІІІ топ. 11 – 15 сөйлем.

2) Тұрлаулы мүшелердің астын сызыңдар.

2.Талдау жұмыстары.

І топ.Синтаксистік сатылай кешенді талдау жасау.

1991 жылы Қазақстан өз Тәуелсіздігін алды, бірінші президент сайланды.

ІІ топ. «Тәуелсіздік» сөзіне дыбыстық мінездеме бер.

ІІІ топ. Синтаксистік сатылай кешенді талдау жасау.

Біз Қазақстанда тұратынымызды мақтан етеміз.

 

  1. «Білімпаздардың қалашығы». Сәйкестендіру тесті.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

4.Шығармашылық жұмыс. «Мен Тәуелсіз елдің ұланымын» деген тақырыпқа ойтолғау жазу.

5.Кеспе картамен жұмыс.

№1 кеспе карта.

1.Сөйлем дегеніміз не?Ол қалай бөлінеді?

2.Құрмалас сөйлем дегеніміз не?

№2 кеспе карта.

1.Құрмалас сөйлем қалай бөлінеді?

2.Салалас құрмалас дегеніміз не?

№3 кеспе карта.

1.Салалас құрмалас сөйлем қалай жасалады?

2.Жалғаулықты салалас құрмалас сөйлем қандай жалғаулық шылаулар арқылы байланысады?

6.Жұмбақ сұрақтар.

1.Синтаксистік бір атау, күрделі ойды білдіреді,үш салаға бөлінеді.

2.Әрбір жай сөйлемі тең тіркеседі.

Бірінен – бірін бөліп айтса да,

Әрқайсысы жеке ойды көрсетеді.

3.Алдыңғысы соңғысына ереді,

Тиянақты жағы тірек болып келеді.

Бұлай байланысқан  сөйлемдерде ,

Қайсысының мағынасын

Қайсысы ашып береді?

 

 

V.Үйге тапсырма.

1.Салалас құрмалас сөйлем.

2.96 – жаттығуда бірыңғай мүшелі сөйлемге айналдыру.