Сын есім.

 

Сабақтың  тақырыбы:   Сын есім.

Сабақтың  мақсаты:

Білімділігі: Оқушыларға  сын есім туралы білімді жете меңгерту,ойлануға  із-денуге жетелеу.

Дамытушылығы: ойын түрлері арқылы оқушылардың тапқырлық, ізденімпаздық қасиеттерін дамыту сөздік қорын молайту, шығармашылыққа баулу, өз ойын тиянақты жеткізуге дағдыландыру,таным қабілеттерін арттыру.

Тәрбиелігі: Тиянақтылыққа, тілді құрметтеуге, достарын сыйлауға, сауатты жазуға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі:  жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап,көрнекілік,ойын .

Пән аралық байланыс: математика,дүниетану,сурет,география

Көрнекілігі: карта ,поезд,сементикалық карта,жыл мезгілдерінің суреті ,

схема

Сабақтың жоспары:

І.Ұйымдастыру

ІІ. Өткенді қайталау (Оңтүстік Қазақстан облысы , Шымкент)

ІІІ. Жаңа сабақ  (Жамбыл қаласы)

ІV.Оқулықпен жұмыс және жазба жұмыстарын орындау (Алматы қаласы)

а) Көркем жазу

б) 1-жаттығу

  1. Сергіту сәті: “Сиқырлы сандар” ойыны.  (Шығыс Қазақстан)                                                                      в ) 2-жаттығу

VІ. Ойын: «Мен қандаймын»  ( Қостанай қаласы)

г) 4-жаттығу(Атырау қаласы)

VІІ. «Кім жылдам?» ойыны ( Ақтөбе қаласы)

 

V ІІІ. Сөздік диктант (Қызылорда қаласы)

XI.Семантикалық карта   (Қарағанды қаласы)

X.Сабақты қорытындылау  ( Астана қаласы)

а) Тест тапсырмалары

XІ.Үйге тапсырма

XІІ.Бағалау

 

 

 

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру

-Балалар ,бүгін сабақ өзгеше болмақ,себебі бізге қонақтар келіп отыр.

Сабақ ел басымыздың мынадай сөзімен басталады. « Сабақтан қалмай сапалы да, саналы білім алу»

— Біз  өз тәуелсіздігімізді  қашан алдық?

— Биыл Тәуелсіздігіміздің неше жылдығын тойладық?

— Иә тәуелсіздік алғанымызға биыл 20 жыл толды.

— Бүгін біз осы Қазақстан Республикасының қалаларына саяхатқа шығамыз.

 

 

Саяхатқа шықпас бұрын көлік таңдап алайық. Қандай көлікпен шығаты-нымызды  мына жұмбақты шешкеннен кейін білеміз.

Жұмбақ шешу

Тауға қарай немқұрайлы,                                                                                                          Ойға қарай сырғыйды.      (поезд)

 

Саяхат бағыты:

  1. Оңтүстік Қазақстан облысы , Шымкент
  2. Жамбыл қаласы
  3. Алматы қаласы
  4. Шығыс Қазақстан облысы , Өскемен, Семей
  5. Қостанай қаласы
  6. Атырау қаласы
  7. Ақтөбе қаласы
  8. Қызылорда қаласы

9.Қарағанды  қаласы

  1. Астана қаласы

(Әр қалада туған ақын-жазушылар  туралы мағлұмат беру)

 

ІІ. Өткенді қайталау  (Оңтүстік Қазақстан облысы , Шымкент)

— Қазақ тілінде неще сөз табы бар?

— Зат есім дегеніміз не?

— Зат есімге қандай сұрақтар қойылады?

— Етістік дегеніміз не?

— Етістікке қандай сұрақтар қойылады?

— Зат есімге бірнеше мысал келтіріңдер?

— Мысалы : аспан,оқушы , жұлдыз

— Енді ,осы зат есімдердің түрін,түсін,сапасын білдіретін сөздерді табайықшы,ол үшін есімізге түсірейік заттың түрін,түсін сапасын білдіретін сөздерге қандай сұрақтар қоямыз?

— Қандай? Қай?

— Көк аспан,тәртіпті оқушы, жарық жұлдыз

— Бұл сөздерге қандай сұрақтар қойылады?

 

ІІІ. Жаңа сабақ  (Жамбыл қаласы)

а)  Сөзжұмбақ шешу

— Бұның басқа сөзжұмбақтардан біраз өзгешелігі бар. Мен сендерге зат есім-дерді айтамын ,ал сендер сол зат есімнің түрін,сапасын,түсін білдіретін сөз-дерді немесе қандай?, қай?сұрағына жауап беретін сөзді  табуларын керек.

1.Қой

  1. Тон
  2. Арқан
  3. көше
  4. жапырақ

6.тау

 

 

7.қыз

жуас
жылы
ұзын

 

кең
жасыл
биік
әдемі

 

Міне, жасырын торкөзден сын есім деген  сөз шықты.

Ереже:Заттың түрін,сапасын,түсін білдіретін сөзді сын есім дейміз.

 

                                                       Сын  есім

 

 

Мағынасына қарай           Тұлғасына қарай              Құрамына қарай

 

Сапалық
  Негізгі
  Дара
  Күрделі
  Туынды
Қатыстық

 

 

 

 

 

тұзды арманды ақшалы
кең  суық

жақсы

кіші   мол

тар

қысқы таулы өткір
қызыл ала ұзын бойлы ойлы-қырлы
қара жеңіл үлкен

 

 

 

 

 

 

ә) Қазақ тілі –өте бай тіл.Оның құрамында әлденеше мыңдаған сөздер бар.Сол сөздер құрамына,қызметіне қарай бірнеше топқа бөлінеді,яғни сөз табына бөлінеді.

Зат есім заттың.құбылыстың атын білдірсе,етістік сол заттың қимылын, іс-әркетін білдіреді,ал сын есім сол заттың түрін,түсін,сапасын білдіреді.

Міне,осындай қорытынды шығаруға болады.

    Сын есім

 

 

 

Заттың түрін,

түсін білдіреді

 

Заттың  көлем-дік,салмақтық белгісі
Заттың дәмін,

иісіне сипатталатын белгілері

Қимыл,іс-әрекетіне,мезгіліне қатысты сынды білдіреді
Заттың сапа-лық  белгісі,

сипатын білдіреді

 

 

 

 

 

 

Ақ

сұр

қызыл

Ащы

Тәтті

жұмсақ

Балалы,тасты,

жазды, аспалы,

білімді

Биік

Кіші

ұзын

Жақсы,жаман

тентек,зерек,

ақылды, жалқау

 

 

 

 

 

 

ІV.Оқулықпен жұмыс және жазба жұмыстарын орындау (Алматы қаласы)

А) Көркем жазу. Ққ қыран,астық

1-жаттығу(жұмбақты оқып,шешуін табу)

Сырты жасыл,қап – қатты,

Іші қызыл,тәп –тәтті.

-Жұмбақтың  шешуін табуға қандай сөздер көмектесті?

— Олар заттың несін білдіріп тұр?

  1. Сергіту сәті: “Сиқырлы сандар” ойыны. ( Шығыс Қазақстан облысы , Өскемен,Семей)
12345678910
атщіыксқұр
10
9
7
8
5
2
7
5
5
3
1
6
4
2

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2-жаттығу .(Керекті сөздерді пайдаланып ,сұрақтарға жауап беру.)  Күн қандай?

Аспан қандай?

Жапырақтар қандай?

Керекті сөздер: көңілді, ашық,көк,көгілдір,жасыл,сары,жабысқақ,нәзік.

 

VІ. Ойын: «Мен қандаймын»  ( Қостанай қаласы)

Ойынның шарты:  Сыныптағы  әр  оқушы  өзінің  аты  қандай  әріптен бастал-са,оған сол әріптен басталатын сын есім сөзін қосып айтамыз. Мысалы:

Жұлдыз – жақсы,

Әйгерім – әдепті,

Сая –салмақты,

Асанәлі –ақылды,

Мерей – мейрімді,

Назерке –нәзік.

4-жаттығу(Өлеңді мәнерлеп оқып,сын есімдерді табу) (Атырау қаласы )

Барқыт тау,жасыл дала,зеңгір аспан,

Күміс көл ,ерке өзен алып қашқан.

Құмартып келем саған бала жастан,

Дариға жер бар ма екен сенен асқан?

 

VІІ. «Кім жылдам?» ойыны   ( Ақтөбе қаласы)

Төмендегі сын есімдерді жылдың төрт  мезгілінің суретінің астына  қатыстырып жазу:

Суық, ыстық, ызғар, боранды, батпақты, жаңбырлы, дымқыл, салқын, шуақты, жылы.

 

 

 

Қыс                           Көктем                        Жаз                   Күз

…                                  …                               …                       …

 

 

V ІІІ. Сөздік диктант (сөз құрамына талдау) Қызылорда қаласы

Көкшіл,келеді,жұмыспен,теңізші,достық, әжемнің.

 

XI.Семантикалық карта   (Қарағанды қаласы)

 

СөздерСөз табы
Зат есімСын есімЕтістік
Оқушы
Тәртіпті
Келеді
Кітап
Оқып отыр
қызыл

 

X.Сабақты қорытындылау  ( Астана қаласы)

Тест тапсырмалары:    

1.Етістік дегеніміз не?

а) заттың сынын білдіреді?

ә) заттың іс-қимылын білдіреді.

2.Сын есімді тап.

а) өнер       ә) сұлу   б) бес

  1. «Биік» деген сөз қай сөз табына жатады?

а) сан есім       ә) етістік   б) сын есім

  1. Сын есім болатын сөзді тап.

а) үш       ә) жасыл   б) санады

5.Сын есімді тап.

а) қызыл, әдемі, тәтті

ә) дәрі, парта, ойын

б) барды, келді, оқыды.

 

— Сын есім дегеніміз не?

— Қандай сұрақтар қойылады?

ХІ. Үйге тапсырма: 5- жаттығу, ереже жаттау

 

ХІІ. Оқушылардың білімін бағалау