Сан есім.

Сан  есім.

Заттың санын, мөлшерін, шама-шарқын, ретін білдіретін сөз табын сан есім дейміз. Сан есім қанша? неше? нешінші? нешеу? деген сұрақтарға жауап береді. Сан есім заттың санын анықтайтындықтан зат есіммен тіркеседі. Сан есімдердің ерекшелігі басқа сөз таптарынан жұрнақ жалғау арқылы жасалмайды. Тілдегі бар 20 сан есім өз ішінен құрамы жағынан дара және күрделі сан есім құраса, мағыналық жағынан 6 түрге жіктеледі. Сан есімдер септік, көптік, тәуелдік жалғауды қабылдаса, зат есімге айналады. Мысалы: Үшінші орнынан турды. Кім тұрды? — үшінші.

 

Дара және күрделі сан есімдер

 

Дара сан есімдер деп бір түбірден құралған сан есімдерді айтамыз. Мысалы: он бола, екі үй, жиырма қалам, жүз кітап т.б.

Күрделі сан есімдер — дара сан есімдердің. тіркесуі, қосарлануы арқылыжасалатын сан есімдер. Мысалы: бір мың тоғыз жүз оныншы жыл, жиырма бес сөз, жүз он төрт шақырым т.б.

 

  1. Төмендегі сөздерді сөзбен жазып, оларды дара және күрделі түріне ажыратыңдар.

Үлгі: Дара сан есімдер: үш, … .

Күрделі сан есімдер: қырық бір, … .

3, 41, 68, 7, 5-6, 50-60, 4, 27, 9, 1000, 50, 70, 1597, 878, 2525, 5.27, 20.

 

  1. Берілген тірек сөздерді қатыстырып, сан есімі бар сөйлемдерден мәтін құраңдар.

Үлгі: Атам мен әжемнің екі – үш сиыры, он – он бестей қойы бар.

Атам мен әжем. Жеке меншік мал. Бақташы. Ұжым малы. Кезектесіп бағу. Малдың күтімі. Ауыл өмірі. Еңбек адамдары. Көңілді сәттер. Балалардың бірлігі.