Дауысты дыбыстар
Дауысты дыбыстар
Сабақтың мақсаты: дауысты дыбыстар туралы түсінік беру.
Сабақтың дамытушылық мақсаты: дұрыс, анық сөйлеуге жаттықтыру.
Сабақтың тәрбиелік мақсаты: оқушыларды сауатты жазуға дағдыландыра отырып ұқыптылыққа, білімділікке тәрбиелеу.
Сабақтың типі: білік пен дағдыны қалыптастыру .
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, талдау, жаттығу орындау, ойлау, дәлелдеу.
Сабақтың көрнекілігі: интербелсенді тақта, слайдттар.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен амандасып, түгендеп, сабаққа даярлау. Екі топқа бөлу
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:
- 239-жаттығуды шарты бойынша орындау
2.Басқа тілдердегі әліпбидегі әріптердің санын біліп келу (Сұрақ-жауап әдісі)
ІІІ.Жаңа сабақ:
- топ Бастауыш сыныпта алған білімдерін еске түсіріп, оқулықтағы ереже арқылы толықтырып жаңа сабақты өздігімен меңгеру. Қорытындысы ретінде мынадай кестені толтыру
2 топ. Бастауыш сыныпта алған білімдерін еске түсіріп, оқулықтағы ереже, Б.Ш. Кәтен- баева «Қазақ тілі оқулығына әдістемелік нұсқау», М.Ә.Қараев «Қазақ тілі», Б.Қ.Қапасова «Оқушы анықтамасы» қосымша әдебиеттерден іздену арқылы толықтырып жаңа сабақты өздігімен меңгеру. Қорытындысы ретінде мынадай кестені толтырып, топтар бір-біріне түсіндіреді.
Тапсырма: 1 топ. Дауысты дыбыстан басталатын сыныптағы оқушылардың есімін дәптерлеріне жазу. Ол дыбыстарға сипаттама беру
Үлгі: Әлия — ә -дауысты дыбыс, жіңішке
- топ. Дауысты дыбыстардан басталатын өзен-көлдердің аттарын жазыңдар. Ол дыбыстарға сипаттама беру.
Үлгі: Алакөл – а –дауысты дыбыс,жуан
Тапсырма:
1топ: «Мұғалім» сөзіне фонетикалық талдау жасау. Бұл қай тілден енген сөз.
2 топ: «Жарлық» сөзіне фонетикалық талдау жасау. Бұл қай тілден енген сөз.
Тапсырма: 2 топқа да
Бірыңғай дауыстылардан басталатын мақал-мәтелдер жазамыз. Қай топ, тез және көп мақал- мәтел жазып айтады.
Мысалы: Ырыс алды – ынтымақ.
ІҮ.Бекіту. Сұрақтарға жауап беру
1.Фонетика дегеніміз не?
2.Монофтонг дыбыстар қандай?
3.Дифтонг дыбыстарды ата
4.Дауысты дыбыстарды айтқанда ауа өкпеден қалай шығады?
5.Дауысты дыбыстардың саны қанша?
Ү. Үй тапсырмасы: Әдебиеттен тек қана дауысты дыбыстан басталатын өлең шумақтарын жазып келу.
ҮІ. Бағалау: топ басшылары бағалайды