Келер шақ

Келер шақ — сөйлеп тұрған кезден кейін болатын іс-қимылды білдіретін шақ түрі. Мысалы: 1. Кітапханага ертең барамыз. 2. Ауылға жол түссе бармақпыз. Келер шақ жасалуы мен мағынасына қарай болжалды келер шақ, мақсатты келер шақ, ауыспалы келер шақ деп үшке бөлінеді.

1) Болжалды келер шақ іс-әрекеттің кейін болатын, болмайтынына болжам, жорамалды білдіреді. Мысалы: Апам бір ақылын табар.

Болжалды келер шақ етістік түбірге есімшенің -ар, -ер, -р, -с жұрнақтарының жалғануы арқылы жасалады.

2) Мақсатты келер шақта етістік арқылы іс-әрекеттің өту, болу мақсаты айтылады. Мысалы: 1. Оқуға баруға ниет етпекпін. 2. Кітапты бугін-ертеңдер бітірмекпін.

Мақсатты келер шақ етістік түбіріне мақ, -мек, -пақ, -пек, -бақ, -бек жұрнақтарына жіктік жалғау жалғануымен жасалады. Шақтың басқа да түрлері сияқты мақсатты келер шақта құрамына қарай дара және күрделі болады.

3) Шақтық мағына сөйлем ыңғайына қарай айқындалатын келер шақ түрі ауыспалы келер шақ деп аталады. Мысалы: Шығарманың қорытындысын ертең айтады.