Есімдіктің сөйлемдегі қызметі. Етістіктің шақтары

Сабақтың тақырыбы: Есімдіктің сөйлемдегі қызметі.  Етістіктің шақтары

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Есімдіктердің түрлену ерекшеліктері жайла алған білімдерін тереңдете отырып, есімдіктердің сөйлемдегі қызметі жайлы білім қалыптастыру.

Тәрбиелік: Жаттығу мәтіндерінің мазмұны арқылы ұстамдылыққа, бос сөздерден аулақ болуға, пайымдылыққа, табиғатты аялай білуге тәрбиелеу.

Дамытушылық: Оқушының қоршаған орта туралы дүниетанымын кеңейту, ойын, тілін, талдау дағдыларын дамыту

Сабақтың типі:                                          Аралас сабақ

Сабақтың түрі:                                           Дәстүрлі сабақ

Сабақтың әдіс-тәсілдері:                                      Сұрақ-жауап, түсіндірмелі, талдау, өзіндік жұмыс, мәнерлеп оқу

 

                                               Сабақтың барысы:

 

І. Ұйымдастыру кезеңі

 

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау

 

Үйге көркем әдебиеттен болымсыздық, жалпылау есімдіктері бар сөйлемдер теріп жазып, тұлғасына қарай ажыратып келуге берілген болатын. Үй тапсырмасын тексермін.

 

ІІІ. Өткен сабақты қорытындылау


ІҮ. Жаңа сабақ

 

Есімдіктер түрленіп, сөйлемдерде әр түрлі сөйлем мүшелерінің қызметін атқарады.

 

  1. Есімдіктер, әсіресе жіктеу есімдіктері А.С-де тұрып, бастауыш болады.

 

Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін.

 

  1. Б.с., Т.с., Ж.с., Ш.с., К.септіктерінің бірінде келіп толықтауыш болады.

 

Мен киноға сенімен бірге бармақшымын.

 

  1. Есімдіктер ілік септігінде тұрып немесе сын есім, сан есімдердің орнына жұмсалып, анықтауыш болады.

 

Біреудің кісісі өлсе, қаралы ол.

 

  1. Есімдіктер мезгіл, мекен мағынасында үстеудің орнына қолданылса, пысықтауыш болады.

 

Бүгін ешқайда бармайсыңдар.

 

  1. Есімдіктер жіктеліп қолданылса, баяндауыш болады.

 

Сөйлеп тұрған кезге байланысты іс-әрекеттің өту кезеңін білдіру етістіктің шағы деп аталады.

 

  Етістіктің шақтары

 

Осы шақ                                Келер шақ                             Өткен шақ

 

Сөйлеп тұрған кезде            Іс-әрекеттің сөйлеп                         Іс-әрекеттің сөйлеп тұрған

болған іс-әрекет                   тұрған кезден            кейін                         кезден бұрын болғаны

болғаны

 

Етістіктің шақтары көсемше, есімше формалы етістікке

  • –ды, -ді, -ты, -ті,
  • -мақ, -мек, -бақ, -бек, -пақ, -пек жұрнақтарының жалғануы арқылы жасалады.

 

 

*   Шақтық мағына білдіретін етістіктер көбіне жіктелеп келеді.

*   Жіктік жалғау шақ көрсеткіштерінен кейін жалғанады.

 

            Оқы – ған – мын

 

Күрделі етістікте жіктік жалғауы көмекші етістікке жалғанады.

 

 

Ү. Жаңа сабақты бекіту

 

109-жаттығу

  1. Сөйлемдерді көшіріп жазып, морфологиялық талдау жасау.
  2. Есімдіктерді тауып, түрлену ерекшелігін анықтау, сөйлемдегі қызметін ажырату.

 

110-жаттығу

 

  1. Сөйлемдерді көшіріп жазып, синтаксистік талдау жасау
  2. Есімдіктерді тауып, қай сөз табының орнына қолданылып тұрғанын ажырату

 

111-жаттығу

  1. Мәтінді мәнерлеп оқу
  2. Есімдіктерді тауып, теріп жазу, мағыналық түрін, сөйлемде қай сөйлем мүшесі қызметін атқаратынын анықтау

 

113-жаттығу

Сөйлемдерге синтаксистік талдау жасау

 

122-жаттығу

  1. Мәнерлеп оқу
  2. Әңгімелеу
  3. Дәптермен жұмыс

Етістіктерді теріп жазып, мағынасын анықтау

 

 

ҮІ. Қорытынды

 

ҮІІ. Бағалау

 

ҮІІІ. Үйге тапсырма:     112-жаттығу