Осы шақтың түрлері. Нақ осы шақ

Сабақтың тақырыбы:                  Осы шақтың түрлері. Нақ осы шақ

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Етістіктің шақ категориясы туралы алған білімдерін тереңдету, осы шақ, оның түрлері, нақ осы шақтың жасалу жолы жайында білім қалыптастыру

Тәрбиелік: Оқушыларды еңбексүйгіштікке, ерлікке, шыдамдылыққа, тазалыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу

Дамытушылық: Оқушы ойын, тілін, сөздік қорын дамыту, сөздерді талдай білуге үйрету

Сабақтың типі:                               Аралас сабақ

Сабақтың түрі:                               Дәстүрлі сабақ

Сабақтың әдіс-тәсілдері:               Түсіндірмелі, сұрақ-жауап, талдау, ауызша тіл дамыту, өзіндік жұмыс, т.б.

 

Сабақтың барысы:

 

І. Ұйымдастыру кезеңі

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау

Үйге етістіктің шақтары туралы оқып келуге және 121-жаттығу бойынша «Аққу – құстың төресі» деген тақырыпқа эссе жазып келуге берілген болатын.

Үй тапсырмасын тексеріп, бағалаймын.

Қосымша сұрақтар:

  • Шақ дегеніміз не?
  • Шақтың түрлерін ата.
  • Оларды бір-бірінен қалай ажыратуға болады?

 

 

ІІІ. Өткен сабақты қорытындылау

 

ІҮ. Жаңа сабақ

 

  1. Осы шақ іс-әрекеттің сөйлеп тұрған кезде болып жатқанын білдіреді.
  2. Әрдайым болып тұрған іс-әрекетті білдіреді.

 

Осы шақ

 

 

Нақ осы шақ                                                 Ауыспалы осы шақ

 

 

Нақ осы шақ қимылдың, іс-әрекеттің сөйлеп тұрған сәтте болып жатқанын білдіреді.

Құрамына қарай:

  1. жалаң: 4 қалып етістігі: отыр, тұр, жатыр, жүр
  2. күрделі: негізгі етістік + -ып, -іп, -п                     + жіктік жалғауы

-а, -е , — й

 

Ү. Жаңа сабақты бекіту

 

122-жаттығу                         Ауызша

  1. Мәнерлеп оқу
  2. Осы шақты білдіріп тұрған етістіктерді атау

 

123-жаттығу

  1. Мәнерлеп оқу
  2. Нақ осы шақты білдіріп тұрған етістіктерді теріп жазып, тұлғасына талдау жасау
  3. Ауызша тіл дамыту

Тақырып неліктен «Ер ана» деп аталғанын әңгімелеу

 

124-жаттығу

  1. Мәнерлеп оқу
  2. Көшіріп жазып, нақ осы шақтың астын сызу
  3. Морфологиялық талдау жасау

 

125-жаттығу              Ауызша тіл дамыту

  1. Мәнерлеп оқу
  2. тақырып қою
  3. Нақ осы шақ етістіктерді тауып, дәлелдеу

 

126-жаттығу                          Өзіндік жұмыс

Берілген сөздерді қатыстырып, сөйлем құрау

 

ҮІ. Қорытынды

ҮІІ. Бағалау

ҮІІІ. Үйге тапсырма:

  1. Оқу
  2. 125-жаттығу