Өткен шақ. Жедел өткен шақ
Сабақтың тақырыбы: Өткен шақ. Жедел өткен шақ
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Етістіктің шақтары туралы алған білімдерін кеңейту, өткен шақ, оның түрлері, жедел өткен шақ туралы білім қалыптастыру.
Тәрбиелік: Оқушыларды қонақжай, дархан халқының даихын оқи отырып, кішіпейіл, кең болуға, әдебиетті сүюге тәрбиелеу.
Дамытушылық: Оқушы ойын, тілін дамыту, дүниетанымын кеңейту.
Сабақтың типі: Аралас сабақ
Сабақтың түрі: Дәстүрлі сабақ
Сабақтың әдіс-тәсілдері: Сұрақ-жауап, түсіндірмелі, талдау, мәнерлеп оқу
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау
Үйге 141-жаттығуды көшіріп жазып, келер шақ етістіктердің астын сызуға берілген болатын. Үй тапсырмасын тексеремін.
ІІІ. Өткен сабақты қорытындылау
- Осы шақ түрлерін ата.
- Нақ осы шақ дегеніміз не? Неге нақ осы шақ деп аталады?
- Ауыспалы осы шақтың нақ осы шақтан айырмашылығы неде деп ойлайсың?
- Келер шақтың түрлерінің жасалу жолдарын түсіндіріңдер.
ІҮ. Жаңа сабақ
Іс-әрекеттің сөйлеп тұрған уақыттан бұрын істеліп кеткенін білдіретін етістіктің шағы өткен шақ деп аталады.
Өткен шақ
Жедел өткен шақ Бұрынғы өткен шақ Ауыспалы өткен шақ
Іс-әрекеттің таяуда
болғанын білдіреді.
Етістік + -ды, -ді
-ты, -ті ж.ж.
Ү. Жаңа сабақты бекіту
145-жаттығу Ауызша
- Мәнерлеп оқу
- Мәтіннен жедел өткен шақты білдіретін етістіктерді тауып, жасалу жолын түсіндіру.
147-жаттығу
- Мәтінді мәнерлеп оқу
- Радловтың қазақ тілі үшін сіңірген еңбегіне назар аударту.
- Сөйлемдероге синтаксистік талдау жасау.
146-жаттығу Өзіндік жұмыс
- Берілген етістіктерді жедел өткен шаққа айналдыру
- Сөйлем құрау
ҮІ. Қорытынды
Ү. Бағалау
ҮІ. Үйге тапсырма:
- Оқу
- 148-жаттығу бойынша мәтінге сүйене отырып, Потанинге мінездеме беру