Сөздердің байланысу тәсілдері

Сабақтың тақырыбы:                              Сөздердің байланысу тәсілдері

Сабақтың мақсаты:

білімділік: Сөздердің байланысу тәсілдері туралы алған білімдерін тереңдету, жаттығу жұмыстары арқылы бекіту

тәрбиелік: Оқушыларды адамгершілікке, еңбексүйгіштікке, ұқыптылыққа, пайымдылыққа, еңбекті бағалай білуге тәрбиелеу

дамытушылық: Оқушы ойын, тілін, сөйлемдегі сөздердің байланысын ажарата білуін дамыту

Сабақтың типі:                                          пысықтау сабағы

Сабақтың түрі:                                          дәстүрлі сабақ

Сабақтың әдіс-тәсілдері:                          сұрақ-жауап, өзіндік жұмыс, талдау, т.б.

 

                                               Сабақтың барысы:

 

І. Ұйымдастыру кезеңі

 

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау

 

Үйге 233-жаттығуға синтаксистік талдау жасап келуге берілген болатын. Үй тапсырмасын дәптерлерінен тексеремін.

Қосымша сұрақтар:

  • Сөздердің бір-бірімен байланысу тәсілдері дегеніміз не?
  • Түрлерін ата
  • Мысал келтір.

 

ІІІ. Өткен сабақты пысықтауға арналған жаттығу жұмыстары

 

1-тапсырма

Төмендегі сөйлемдегі сөздердің тіркестерін анықтап, байланысу тәсілдерін ажыратыңдар.

 

Машиина үшін мен жауап беремін. Келген қоныстанушылардың аттары оған өлең сияқты естілді. Болашақ қаланың көшелері төрт пәтерлі жалғыз қабат ағаш үйлерден тізіле бастады. Мәтібұлақ! Бұл – картаға түспеген жер. Бұл жерге жаңа сатық шаруашылығы орнады. Жібек – сауыншы.

 

2-тапсырма                Өзіндік жұмыс

Бірінші топтағы сөздерді екінші топтағы сөздермен ыңғайына қарай сөз тіркесіне айналдырып, қандай тәсілмен байланысқанын айт.

 

  1. Жазық, бөлінген, мұны, баланың, мамндыққа, көпір арқылы, өндірістік, біз, үйге шейін, машинамен, жұмыстан.

 

  1. Үлескі, дала, естіген, баулу, бас агрономы, бригада, өту, жүгіру, құрылысшымыз, бару, келу.

 

 

3-тапсырма                Сөйлемдерге синтаксистік талдау жасау

 

Бізге орыс әдебиетінен бір жас мұғалима сабақ берді. Бір күні ол сабақ үстінде  маған Марк Твеннің «Том Сойердің басынан кешкендерін» дауыстап оқытты. Өзге балалар ұйып тыңдап отырды. Сабақта біз оны оқып тауыса алғамыз жоқ. Содан бастап менің ермегім тек қана кітап болуға айналды.

 

ІҮ. Қорытынды

 

Ү. Бағалау

 

ҮІ. Үйге тапсырма:            Өткенді қайталау, көрскем әдебиеттен 5 сөйлемге синтаксистік талдау жасап келу