«Оқушы ойы мен сөйлеу қабілетін дамытудағы диалогтың маңызы».
Коучинг сессиясының жоспары
| Сабақ тақырыбы: | «Оқушы ойы мен сөйлеу қабілетін дамытудағы диалогтың маңызы». |
| Мақсат: | Диалогтық оқытудың заманауи түсінігімен таныстыру.Диалогтің оқушы ойы,сөйлеу дағдысы мен таным деңгейіне тигізетін әсерін түсіндіру. |
| Сілтеме: | Мұғалімдерге арналған нұсқаулық 98-102 бет
|
| Оқу нәтижесі: | Коучинг барысында мұғалімдер диалог, жоғары дәрежелі сұрақтарды құрастыруға үйренеді; диалог- оқушылардың сөйлеу, ойлаужәне таным дағдыларын дамытатын оңтайлы тәсіл екенін түсінеді. |
| Сабақта қолданылатын материалдар: | Интербелсенді тақта, бейнероликтер, флипчарт, стикер, маркер, бағалау парақтары, А4 парақтары
|
Сабақ барысындағы коуч пен мұғалімдердің іс-әрекеті:
| І. Жағымды психологиялық ахуал туғызу 3 мин | Коучтың іс-әрекеті | Мұғалімдердің іс-әрекеті |
| Сергіту сәті | Сергіту сәтін орындайды, жақсы көңіл-күймен сабаққа ынталанады | |
| Топқа бөлінуді ұйымдастыру 3 мин | Түстер арқылы (қою-ашық) | Қатысушы мұғалімдер 2 топқа бөлініп, орындарына жайғасады. |
| Атжалман видеоролигін көрсету 5 мин | -Бейнежазбаның негізгі идеясы қандай? -Сабақ не туралы болады деп ойлайсыздар? | Сұрақтарға жауап береді
|
| ІІ. «Ой қозғау» 1 Егіздердің бір-бірімен сөйлесулерін көрсету (5 мин) | — Сәбилер бір-бірін түсінді ме? -Түсінуге қандай әрекет жасады? -Бейнежазбаның негізгі идеясы қандай? | Бейнежазбалны көреді, ойларын дәлелдейді.
|
| 2 «Диалог» тренингі. 5 мин | Үш жағдайда бір-бірімен әңгіме айтып көруді ұсыну. Тренингтің соңында қай жағдайда әңгімелескен ыңғайлы екенін айту | Бірінші жағдай бір-біріне теріс қарап тұрып әңгімелесу, екінші жағдай бірі төмен, екіншісі жоғарыдан, үшінші жағдай бетпе бет. |
| ІІІ Диалогтың үш түрі сұрақтардың дәрежелерімен таныстыру 10 мин | .Power Point презентациясын ұсынады. | Жаңа материалды тыңдайды. (Бас бармақ арқылы бағалау) |
| Мультфильмінен үзіндіні көрсету
(10 мин)
| — Осы бейнеролик үлгісінде диалог дайындаңыз 1 т Әңгіме — дебат 2 т Куммулятивтік -әңгіме 3т Зерттеушілік әңгіме | Диалогтін 3 түрі бойынша диалог құру Жұптық жұмыс (Смайликтер арқылы бағалау) |
| Жасырын бейне 10 мин | «Мен кіммің?»
| Бір-біріне сұрақ қойып, диалогқа түседі, өзінің кім екенің анықтайды. (А Ә Б В карточкалары арқылы бағалау) |
| Сергіту сәті | Түстер терапиясы | Өздері таңдаған түстер арқылы мінездеме алады |
| VІ. Қорытындылау | Ақылдың 6 қалпағы» Диалогтік оқыту әдісі тиімді ме?» | Жұптық жұмыс |
| Бағалау | Стикерлер арқылы бүгінгі сабақты бағалау | Берілген бағанға өз стикерлерін жапсырады |
| VІII. Рефлексия «Интервью алу» (5 мин) | Сабақтан алған әсерлері мен ұсыныстарын жазу үшін кері байланысты интервью алу парақтарын таратып ұйымдастырады.
| Сабақтан алған әсерлері мен ұсыныстарын интервью парағына жазып тапсырады.
|