Жас мұғалімдерге көмек (әдістемелік ңұсқау)

 

 

Жас мұғалімдерге көмек

(әдістемелік ңұсқау)

Ұстаздарға арналған жиырма тоқтам:

  1. Бала мектеп үшін емес, мектеп бала үшін жұмыс істейді
  2. Баға құнды емес, бала құнды.
  3. Ұстаз қызметінің мақсаты- өз пәнін жақсы үйретуден гөрі тереңіректе: ол- адамды жасаушы адам.
  4. Сабақ-ұстаз бен шәкірттің адами қарым- қатынасты.
  5.  Сабақтың мақсаты – баланың басқаға ұқсамайтын қасиетін аша білу.
  6. Кісі екеніне күмәнмен қараған баладан кісі шықпайды.
  7. Мұғалімнің өз сбағын білуі жеткіліксіз, оған қоса баланың жанын ұға білсін.
  8. Әр баланың өмір тіршілігі- өзінше бір тағдыр. Баланың тағдырына ойланып қара: сабаққа келмесе, сабағына қызықпаса, иентек болса себебіне үніл. Себебін алдымен өзіңнен ізде.
  9. Баланың ықыласын оята біл, қолынан келетініне сендіре біл.
  10. Мұғалім мен баланың қарым- қатынасы қуанышты әрі пайдалы болсын.
  11. Мұғалімнің сөзі мен ісі жасанды емес, шынайы болуы шарт.
  12. Баланы таң қалдыруды ұмытпа: «даналыққа ұмтылу таң қалудан басталады».
  13. Шәкірттің келешегін көргіш болсаң, ықыласын өлтірсең, жеңісін ізде.
  14. Балаға сыйлы болам десең, баланы өзің сыйла.
  15. Көптің көзінше баланың кемшілігін бетіне баспа. Сеніп айтқан сырын ашпа.
  16. Сабақ үстіндегі тыныштыққа көп ізденіспен, еңбекпен ғана жетуге болады.
  17. Қиын тақырыпты түсіндіре салып, сұрауға асықпа, келесі сабақты қайта түсіндіруден баста.
  18. Импровизация- сабақты жаны.
  19. Баланы сабқтың негізгі кейіпкері ете біл.
  20. Әр бала- табиғаттың ғажайып құбылысы.

Әр бала ханзада және ханша!

 

ХХІ ғасыр мұғаліміне қойылатын талаптар.

Біріншіден, мұғалім жеке көқарасы бар және қорғай білетін жігерлі тұлға және маман мұғалім болуы қажет. Зерттеушілік, ойшылдық қасиеті бар мұғалім ғана түпкі нәтижеге қол жеткізе алады. Осындай мұғалім әрбір күніне есеп беріп отырады, азаматтық ар- ожданың үнемі қорай алады.

Екіншіден, мұғалім педагогтік, психологиялық білімін жетілдіріп үйренумен қатар, сол білімін күнделікті ісінде пайдалана білетін болуы керек. Дүние жүзінде ғаламдану үрдісі жүріп жатқандықтан ақпараттар ағыны көбейді. Мұғалім қай пәннен сабақ берсе де, ол баланың өмірінің әр саласына қатысты кез келген сұрағына жауап беруге дайын болуы керек.

Әр мұғалімнің педагогикалық басты заңдылық. «Адам өзінің шаруашылық өзгерушілік қызметі арқылы адамдармен қарым – қатынас жасайды және жеке ойлау қабілеті зор жеке тұлға болып қалыптасады» дейді. Көп білу үшін көп оқып, тоқу керек. «Интернет» жүйесін меңгеру қажеттігі туындайды.

Үшіншіден, міндетті орта білім беру, стандарты оқулықтарды пайдалану, ақпараттарды көбейту, т.т. мұғалімнің білім берудегі жетекші рөлін жойды. Енді білім негіздерін өз бетінше оқып үйренуге оқушыны баулу міндеті тұр. Өзінің оқушысының өз бетінше білім алуға үйретпеген мұғалім қазір түпкі нәтижеге қол жеткізе алмайды. Жан- жақты даму үшін балаға осы салада мұғалім ғана көмектесе алады.

Төртіншіден, мұғалім ұйымдастырушылық, құрылымдық, бейімділік, сараптамалық қабілеттерімен қатар өз бойындағы педагогикалық жағдаяттарды, дәйектерді, құбылыстарды талдай білуі және солардың пайда болуының себеп- салдарын анықтай білуге де шарт. Соның негізінде күрделі жағдайларда шешім таба алатын дәрежеге жету мүмкін.

Бесіншіден, мұғалімнің адамгершілік, саяси- идеялық ұстанымы жұмысында көрініс тауып. Ол ұстанымды бала тәрбиесіне негіз алуы шарт. Қысқасы, бала ықпал ету объектісі емес, ынтымақтаса қызмет ететін тұлға айналуы керек.

Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйініне тоқтасақ, әрбір ұстаз ұлттық құндылықтарды, яғни этнопедагогика мен этнопсихология негіздерін меңгеріп, өз ісінде инновациялық әдістерді пайдалануы қажет – ақ. Сонда ғана ұстаз ұлағатты атқа лайық бола аламыз.

 

Жас ұстаздармен жүргізілетін жұмыстар

 

Жас ұстаздардың кәсіби шеберлігің қалыптасуына әр түрлі бақалаулардың, тексерулердің пайдасы бар. Бақылаулар мен тексерулер әр түрлі болып келеді. Олар, негізінен, мынадай топтарға бөлінеді.

  1. Мектеп басшыларының әкімшілік тарапынан бақылау- тексеру.
  2. Озара бақылаулар мен тексерулер.
  3. Өзін- өзі бақылау.

Әкімшілік тарапынан бақылау- тексерудің бірнеше түрі болады. Олар: арнаулы  бақылау. Белгілі бір тақырып бойынша бақылау, үйретіге қажетті деген мәселелерді анықтау үшін бақылау, біліктігін бақылауүшін ұйымдастырылатын бақылау,мұғалімінің өсу деңгейін анықтау үшін жүргізілетін бақылау.

Арнаулы бақылалар мен тексерулер.

Арнаулы бақылау жұмыстарды жоғары орындардан келген нұсқауларға, бұйрықтарға байланыстыф өткізіледі. Ол оқушылардың білім сапасын пәндер бойынша тексеруден өткізу арқылы мұғалім жұмысындағы ғылыми әдестімелік сипаттағы істердің дұрыс бағытта жүргізілу дәрежесін анықтауды мақсат етеді. Егер бұл жұмыс нәтижелі болмаса, мұғалім жұмысында кемшіліктер бар деп есептеліп, оны қалпына келтірудің шаралары көріледі. Мұндай байқалаулар не бір мектепте, не біренеше мектепте бір саладан өткізілуі мүмкін.

Белгілі бір тақырып бойынша жұмыстың ұйымдастырылуын бақылау- тексеру

 

Оқушылармен  жүргізілетін педагогикалық жұмыстардың бір тарауын (эстетикалық, экологиялық, валеологиялық, еңбек, т.б.) немесе белгілі бір пәндердің мұғалім тарапынан қалай, қай деңгейде үйретіліп жатқанын, білімді тексеру, тестілер жүргізу арқылы мұғалімнің, мектептің жай- күйіне талдау жасау үшін жүргізіледі.

Мұғалімді үйретуде қажетті мәселелерді анықтау үшін бақылау- тексеру

 

Бұл- оқыту мен тәрбиелеудің озат технологияларын үйрету үшін бұған дейін осы мәселелер төңірегінде мұғалімдердің нені білетін аңықтау мақсатымен жүргізілетін әңгіме кеңес, сауалмалар мен сұраныстар. Бұл жекеленген ұжымдарда ұйымдастырылып, соның нәтижесінде семинарлар, іскерлік жұмыстар, курстар арқылы көмектер беруге ыңғайлы.

Мұғалімнің біліктілік жайын аңықтау үшін бақылау- тексеру

            Кейде білім бөлімдері мен біліктілікті  арттыру институты тарапынан да, мектептің өз ішінде де мұғалімдердің кәсіби шеберлігінің деңгейін анықтау мақсатымен бақылау жұмыстарын жүргізуге болады. Ол мұғалімнің баяндамаларын тыңдау немесе бұрын жасаған еңбектерінің  мазмұнымен танысу, шығармашылық есептерін тыңдау, сабақтарға қатысу, педагогикалық оқулардың материалдарын талдау, әріптестерінің ол жөніндегі  пікірлерін салыстыру арқылы жүзге асады.

            Мұғалімнің кәсібіи шеберлігі деңгейін бақылау- тексеру

Бұл мұғалім жұмысына баға беруді көздеп жүргізіледі. Өйткені мұғалімдер аз ба, көп бе шығармашылық қасиеттен құр алақан болмайды. Оның барлық күнделікті әрекеттері балалар мен басқа ұстаздардың, ата- аналар мен жұртшылықтың алдына өтіп жатады. Оның шығарамашылық есебі тыңдалған кезде олар қатысып, өз пікірлерін, өз көзқарастарын баяндайды. Аттестациялау кезінде бұлар есепке алынып оның еңбегіне баға беріледі. Осы баға оның ұстаздық кәсіби қалыптасуының бағасы болады.

Осы айтылдарғандардан басқа әр түрлі жоспарлы бақылаулар да болады. Ол оқу- тәрбие жоспары бойынша өтіп, мұғалімнің сабақ беруін, тәрбие жұмысын жүргізуін, оқушылардың білім көлемін байқау мақсатында жүргізіледі. Бұл жұмыс аз уақыт ішінде тексеріліп, қорытынды жасалып, кемшіліктерді жоюға бағытталған шаралар қолға алынады. Егер ойдағыдай болса, жақсы іс өзінің жалғасын тауып, дамытылады.

Аталған бақылаулар ішіндегі үйретуді мақсат еткен бақылау жұмысы тексеруден гөрі үйрету басым болып, жұмыстың соңғы жағы іскерлік жұмыстарды қамыған мәжіліске айналауы ретті деп есептеледі. Бұл бақылыау- тексеру жұмыстары министірліктің, облыстық, қалалық білім бөлімдері мен кадрлар біліктілігін арттыру институтының тарапынан немесе мектептің жұмысына байланысты жүргізілуі де мүмкін. Ол үшін мектеп басшылары мына үлгіде ұстаз шеберлігін есепке алу кеспесін жасайды.

Мұғалімнің оқу- тәрбие жұмысын жүргізуге дайындығы
Оқу бағдарламасын білуіОқулықтармен толық қамтама-сыз етуіБілім тексе-руге арнал-ған құралдарының болуыДидак. материалдың жеткілігіОқу- әдістемелік әдебиет- терСыныптардың жабдықталуыТехникалық құралдарының болуы

 

 

Мұғалімнің жұмыс сапалары
Қоғамдық жұмысқа қатыс тыТапсырмаларды орындауыОқушының сабаққа қаты суыСыныптан тыс жұмыс ұйымд. шебер лігіАта- аналрмен қосымша жұмыс ұйымдЖеке оқушымен қосымша жұмыс ұйымд.Шәкіртердің тәрбиелігі

 

 

Мұғалімнің шығармашылық жұмысы
Тәжіри бе алмасуыБаспасөз бетінде мақалалары ның жариялануыПедагогика лық

оқуларға қатысуы

Оқу құрал -дар жазуға қатысыСайыс тар мен жарыс

тарға қаты-сы

Тәжіри бе тарату ға ат салы суы

 

Мұғалімнің жұмыс нәтижесі
Жоспарлы жұмыстардың орындалуыБалалар үлгерім көрсеткішіОқу техникасыОқушының сауаттылығыОқушы каллиаграфиясыДәптерлерді ұстау сапасыЖарыстарға, сайыстарға қатысы

 

Мұғалімнің өз  білімін жетілдіруі
Өз бетімен оқуыБілім көтеру жоспарының болуыСырттай оқуыЗерттеу үшін алынған тақырыптарКурстан өтуіСеминар, маслихаттарға қатысыКітапхана лармен байла ныс

 

Оқу үрдісін тиімді басқару және оны ұйымдастыру
Оқытуды оқушының жауабы арқылы басқаруОза оқыту (алдын- ала түсінік беру)Тірек сызбаларды қолдана отырып оқытуДеңгейлік саралап оқытуЖекелеп және топтап оқыту Компьтерлік оқыту

Ұсынылп отырған бақылау- тексеру кестерлерін жүргізу кезінде оны ұйымдастырушылар + не – белгілерін қойып, соңынан сапасын бес балдық жүйемен  немесе пайыз мөлшерімен көрсетуге болады, бірақ қай ретпен қорытындыланса да, екі- үш сөйлеммен тұжырымда жасалып отырылу керек.

Бақылау кезінде адамгершілік қағидаоларға сәйкес қарым- қатынастың дұрыстық деңгейі сақталып отырылуы орынды болмақ. Мектеп басшысы немесе оның тапсырмасын орындау міндетін алған адам бақылау жасап отырған кісінің ар- ұжданын ескере отырып, қандай жағдайда да өте ұстамдылықпен жетістік туралы да, кемшілік туралы да ортақ пікірге келіп отыруы парыз. Жас ұстаздың кәсібі шеберлігін шыңдаған кезде осы бір ақиқат естен шықпаса, оның болашағына салған жол есебінде түсініледі. Өйткені дұрыс түсінік, жанға желеу берген сөздер алға жетелейді . мақсатқа жетелейді.

Өзара бақылау-  тексеру.

Мұғалімнің өсу деңгейі теориялық, іскерлік дайындағымен өлшенеді. Мұның алғашқысы істен де, сөзден де байқалса, кейінгісі негізгі жұмыста ғана көрініс береді. Оны да есепке алу үшін әдіскерлер, мектеп басшыларынын орынбасарлары, әріптестері уақыт бөліп зерттейді. Бұл кезде олар өздерінің байқағандары бойынша қорытынды жасап отырады. Соның нәтижесінде ғана оған көмек ете алады.

Мектептерде оқытудың жаңа бағыттары пайда болып, факультативтік қурстар мен таңдаулы пәндер, үйірме жұмыстары, көне жазуларды үйрету қолға алынуда. Соған сәйкес тағы да зерттеулер, бақылаулар жүргізіп, бұл жұмыстағы жас маманның сұраныстарын анықтап, оған көмектесудің жолдары құрастырылады.

Мектеп басшылары жас маман үшін арнаулы дәптер жүргізіп, оның жетістігін, кемшілігшін, дамуын, шеберлікке шыңдалуын  жазып, ұсыныстарын тіркеп, жинақтап, аракідік қорытындылар жасап, оны өзіне хабарлап отырады.

Жас маманның жұмысын бақылауда оның сабақтарына, сыныптан тыс өткізген шараларына қатысып, талдау  орынды. Талдау жұмысын әр жұмыстан кейін ұйымдастырып отыру қажет. Өйткені ұстаз жетістігін, кемшілігін сол бойда естіп, бағасын алғысы келеді.

Мектеп басшылары берген ұсыныстардың орындаулуын жүйелі бақылап отыру істің сапалы шығуына көмегін тигізеді.

Бұл жұмыстардың барлығы жүргізіліп болған соң тиісті қорытынды бөлек жазылып, шаралар белгіленеді. Шаралардың  сан алуан түрлері белгілі. Ұстаз мектепте жалғыз емес. Ең аз дегенде 4-5 адам бастауыш сыныптарда ұстаздық етеді. Сонымен бірге пән мұғалімдері де оның ақылшы, кеңесшісі, тәлімгер досы. Өйткені 4- сыныпты бітіргеннен кейін шәкірттер пәндік жүйемен оқытылады. Сондықтан да пән мұғалімдері, әсіресе, 5- сынып мұғалімдері бұған немқұрайлы қарай алмайды. Олар болашақ өздері жұмыс істейтін шәкірттерінің қандай дәрежеде келе жатқан білмекке талапты келеді. Мұны білмек үшін пікірлеседі, сабаққа кіреді, оқушының сауыттылық дәріжесімен, жалпы дүние танымдарымен, мұғалім шеберлігімен танысады. Былай қарағанда, айтылғандар жай байқау болғанымен, ұстаз үшін бақылау.

Ата- аналар да солай. Мұғалім жұмысын тексермесе де, баласының хал жағдайын білу үшін олар сабақтарға кіріп, пікірлесіп, кейде өздерінің талап- тіліктерін білдіріп отырады. Міне, осының бәрі, сайып келгенде, жан- жақты бақылау  болып есептеледі. Аталған бақылаулар үйрету, көмектесу, мақсатымен ұштасып жатса, жас ұстаз көмекші, сүйеніш, ақылшы болады.

 Ұстаздың өзін- өзі бақылауы

Мұғалім өзіне өзі бақылау жасап, өз жұмысына талдау беріп отырады. Талдаулар түріне қарай өзгеріп, мазмұны өз шеберлігін ұштауға бағытталады. Мысалы, мұғалім өзінің осы мамандыққа дайындаған, оны шын ниетпен атқарып жүргендігін үнемі сезінетіндей болуы керек. Өзін- өзі бақылау бәрінен де қиын. Мұнда көлгірсу, бос мақтап шүкіршілік ету аз да , өзін- өзі тексеру, сынау, өзін өзгемен салыстыру, нәтижеге үңілу басым болуы керек. Бір қатар ұстаздар сабақ беріп, жоспарлы тәрбие жұмысын жүргізімен шектеледі. Бұлар жылдар өткен соң «Бізді ешкім көрмейді, пәлендей жыл ұстаз болдық, жүздеген шәкірт тәрбиеледік, өңірімізге қадаған мақтау белгіміз жоқ. Ескірілмедік, босқа еңбек еткен екенбіз» деп айтып жатады. Бұл, ойлап тұрсақ, ол жұмыс істеген ортаға да, өзіне де толық қатысты.  Сондықтан жас ұстаз қандай жұмыс істесе де, жетістігін, толғанысын, жұмыстағы қол жеткен табысын, жазған баяндамаларын, мақалаларын, істеген  заттарын жинақтап жүру керек. Педагогикалық оқуларды, пікір таластарға, тың бағдарламалар мен оқу құралдарын, оқыту құралдарын жасауға қатысу қажет. Жоғарыда айтылған бақылаулар, яғни, өз ісіне талдау жасаулар осындай істерге жетелейді.

Ұстаздардың өзіне өзі бақылауы сан алуан. Олар мыналар:

  1. Теориялық дайындық мәселелері. Мұнда ол өз пәні бойынша жеткілікті білімі болып, ол ілімге қосылған жетістіктері оның қолданылу деңгейін жете білуі талап етіледі.
  2. Әдістемелік әдебиеттерді білуі. Бұл мәселе сабақ беру, тәрбие жұмысын жүргізудің сан алуан жолдарын баяндайтын құралдарын мазмұнымен таныс болуын көздейді.
  3. Әдісін жетілдіру.

Жас ұстаз өз жұмысында өзімдік қолтаңбасын көргені дұрыс. Ол үшін өз жұмысында әр тәсілдің орнымен жұмсалуын есепке алып отыруы тиіс. Әдістерді салыстыра пайдалана отырып, оның тиімділігін анықтаған абзал. Ұтымдыларын саралап, теріп алып, ойда сақтап, оны жұмыстың орынды жерінде қолданса құба-құп.

Сонымен мұғалімнің кәсіби шеберлігің қалыптастыруда бірнеше кезеңдер бар деп есептеуге болады:

  1. Мұғалімдік жұмыстың мазмұны мен мәнін түсіну, оның қоғамға қажеттілігін, орнын бағалай білу, ұстаздыққа жол іздеу, зерттеу, байқау кезеңі.
  2. Ұстаздық жұмыста белгілі бір мақсатқа жету үшін теориялық, іскерлік шеберлігін тәжірибелеп, оқыту мен тәрбие жұмысының сара жолын іздестіру кезегі.
  3. Шығармашылықпен еңбек ету кезеңі.
  4. Барлық кезеңдерге талдау жасап, баға беру, әдіс, тәсілдерді сұрыптап, ең таңдаулысын аңықтауға талпыныс кезеңі.
  5. Өз тәжірибесін жинақтап, көпшілікке ұсынар кезеңі. Жас маманың кәсіби шеберлігін қалыптастыру үшін өзінің ынталылығы, шығармашылығы, білімділігі, іскерлік қағілезділігі аса қажет. Біз бұл мақалада болашақ мамандығы мектеп қабырғасында тәрбиелеп, оқу орындарында бағыт беріп, мектепте оны жан- жақты жетілдірудің жолдарын ғана әңгімеледік.

Сабақты өзіндік талдау бағасы

Мұғалімнің аты- жөні___________________ пәні__________

Қласы ______________________

3 балдық жүйемен бағаланды. Баға тиісті торға қосу белгісімен қойылады:

  1. Өзіндік талдау айқындалағандар.

1.1. Оқушылардың сабақ үстіндегі оқу еңбегі, олардың өзін- өзі ұйымдастыру, тәртіпке, дербестікке талпынуы;

1.2. Мұғалімнің педагогтық қимылы, оны ұйымдастырушы коммуникативтік, жобалаулық конструтивтік, диагностикалық- біліктілік дәреже- бұл әрекеттердің сабақ барысында имандылық, адамгершілік қарым- қатынас орнықтыруға, түбегейлі нәтижелерге жетуге тигізген әсарі;

1.3. Оқыту әдісін және оқушылардың танымға деген талпынысын ұйымдастыру формаларын оптимальды таңдауын орындылығы;

1.4. Сабақтың  жүйелі ұйымдастырылуы және оның талпынуы /дидактикалық бірліктер, олардың байланысы/, педагогикалық жаңа технологияның ендірілуі;

  1. Оқушы тәрбиесі мәселелерінің көтерілуі, сабақ барысында ұжымдық шығармашылыққа тәрбиелеу.
  2. Ынтымақтастық педагогикасы мен демократияландыру негізінде сабақты басқару дәріжесінің көрсетілуі.
  3. Сабақты түбегейлі нәтижесін, мұғалім мен оқушылардың нәтижелерін еңбекті ғылыми ұйымдастыруды бағалаудың әділеттілігі.
  4. Мұғалімнің әлеуметтік, жас ерекшелігі және педагогикалық психология, оқыту методикасы тұрғысына біліктілігі.
  5. Сабаққа өзіндік талдау жасағанда ақыл мен сөлеу  мәнерінің байқалуы жүйелік, мәнерлік, суреткерлік, анықтылық, түсініктілік, сөз байлығы, мәдениеттілік, айқындылық.

 

Балл жиыны_____________________________

 

Жас  мұғалім мектебі

 

 

шаралармерзімі жауаптылар
1.09 дейін стажерлі практикалық бұйрықты жазу.қыркүйекДиректор
Стажерлі мұғалімдерге семинар. Тақырыбы «Біркелкі педагогикалық талаптарды сақтау».

A.  Іс- құжаттармен жұмыс, журналдарды, күнделіктерді жүргізу. Оқушылардың іс- қағаздарын жөндеу.

B.   Ауызша,  жазбаша жұмыстарға және дәптерлерді жүргізуге бірыңғай талаптарды іске асыру.

«Жас мұғалімдерге көмек» жұмысын ұйымдастыру. І тоқсанОІМ Тәлімгер
Кеңесте қаралатын сұрақтар.

· Оқушылардың үйлеріне барып тұру;

· Мұғалімдер мен оқушылардың, мұғалімдер мен ата- аналардың арасындағы қарым қатынас;

· Оқушыларды бақылау күнделігін жүргізу;

Желтоқсан
Сабақтағы дифференциялдық және жұмыстарының формасы:

·  Оқушыларға ұй тапсырмасының берілуі;

·  Сыныппен қалай жұмыс жүргізу керек;

·  Жас мұғалімдер арасында он күндік жүргізу;

Жас мұғалімдердің аудандық  саминарға қатысулары;Ұйымдастырушы
Сынып жетекшілерінің секциялық жұмыстарына қатысу;
Ата-аналармен жеке жұмыс. Жұмыс барысындағы қиындықтарын анықтау үшін (1-5 жыл). Мұғалімдер арысында анкет а жүргізу.Жылына 4 ретОІМ
СЕМИНАР: Сабаққа дифференциялдық материалдар жекеленген дайындық психологиясы.1ОІМ
Сарамандық жұмыс. Дидактикалық материалдар, жинау әдістері. Сөздікпен, кітаппен жұмыс істеуді үйрену.2ОІМ
Сарамандық жұмыс.
Ата- аналрмен жеке жұмыс жоспарын құру.4Ұйымдастырушы

 

 

Өткізілген сабақты талдау үшін жүргізілетін анкета

 

  1. Хабарланған сабақтың көлемінде барлық әрекет түрлері  ұсталынды ма?
  2. Сабақтың мақсаты және міндеті дұрыс анықталған ба?
  3. Осы сабақтың барысында оқушыларда оқу әрекетін қалыптасу тәсілдері таңдалған ба?
  4. Оқу әрекеттік ұйымдастыруда әдістер, тәсілдері формалары дұрыс жүзеге асты ма?
  5. Сабақтың бқліктеріне сәйкес уақыт дұрыс бөлінді ме?
  6. Бақылаудың міндеті, орны, фомасы және тәсілдері дұрыс анықталған ба?
  7. Мұғалімнің және оқушылар оқушының ауызекі сөйлеуі дұрыс құрылды ма?
  8. Үй жұмысы дұрыс ұйымдатсырылды ма?
  9. Оқушының өзіндік жұмысы қалай жүзеге асты?
  10. Сабақ мақсатының жетістік деңгейі қандай?