Шу мен дірілдің адамға әсері реферат
Тақырыбы: Шу мен дірілдің адамға әсері
Өндірістік орталардағы қолайсыз факторларға шу жатады. Адам ағзасына олардың әсері ең алдымен жаңа жоғары өнімді құралдарды қолдану кезіндегі әртүрлі станоктар мен агрегаттардың жоғары жылдамдықта жұмыс істеулерімен байланысты. Насостар, компрессорлар, трубиналар, пневматикалық құралдар, станоктар және тағыда басқа қозғалыстағы құралдар шудың көзі болып табылады. Сонымен қатар, соңғы жылдардағы қаладағы транспорттардың көбеюіне байланысты, қолайсыз факторлар ретінде шудың әлеуметтік маңызы да зор.
Шудың әсерінен адам ағзасында ең алдымен есту, жүйке, жүрек тамыр жүйесінің өзгерістері дамиды. Олардың айқындылығы шудың параметрлеріне, шу жағдайындағы жұмыс ету стажына, жұмыс уақытындағы шудың ұзақтығына және ағзаның сезімталдығына байланысты.
Шумен байланысты еңбек процесі кезінде, адам денесі мәжбүрлі қалыпта болатынын, белгілі бір бұлшық еттер тобының кернелікте болуын, нервтік-эмоционалдық кернеулікті және осыған қоса дірілдің, шаңның, улы заттардың, қолайсыз метеорологиялық жағдайлардың әсерін ұмытпау керек. Бұның барлығы аурудың клиникасын қиындататын факторларға жатады.
Патогенезі. шудың адам ағзасына әсерінің механизмі күрделі және толығымен зерттелмеген. Шу туралы пікірлер айтылған жағдайларда, ең алдымен есту мүшесіне аса көңіл аударылады. Сонымен қатар шу есту мүшелерінен бөлек терідегі сезімьал рецепторлар арқылы да қабылдануы мүмкін. Ол есту қабілетінен айырылған адамдарда, сипап сезу арқылы дыбыс сигналдарын анықтау мүмкіндіктерінің бар екендігімен бағаланған.
Тері жабындыларындағы дірілді сезетін рецепторлардың дыбыс толқындарын қабылдау қабілеті ағзаның дамуының ерте кезеңдерінде есту ағзасының қызметтерімен жүзеге асуымен түсіндіріледі. Кейінірек эволюциялық даму процесі кезінде, тері жабындыларынан есту ағзасы қалыптасады, ол акустикалық дыбыстарға әсер ете бастайды. Адам құлағының акустикалық тербелістерді қабылдау диапазонының жиілігі кең – 16 – 20 000 Гц. 1000-3000 Гц дыбыс жиілігін қабылдауға есту анализатор-лары өте сезімтал.
Ішкі құлақтың есту анализаторларының шеткі бөлімдерінің шудың әсерінен жарақаттануына байланысты, бірқатар зерттеушілердің тексерулері бойынша, ету ағзасындағы өзгерістердің пайда болуымен түсіндіріледі. Осымен ішкі спирал және спиралды ағзадағы (кортиев) зақымдалған клеткалардың алғашқы орналасқан жерлері түсіндіріледі. Кейбір авторлардың айтуы бойынша ұзақ шудың әсері ішкі құлақтағы тұрақты қан айналымның бұзылыстарына әкеледі, ол лабиринттегі сұйықтықтардың өзгерістерінің себептері болып табылады және спиралды ағзаның сезімтел элементтерінің дегенеративті процестерін тудырады.
Есту ағзасының зақымдануының патогенезінде ОНЖ маңызын еске алу керек. Қарқынды түрдегі ұзақ шудың әсерінен ұлудың нервтік аппаратында дамыған патологиялық өзгерістер қыртысты есту орталықтарына шамадан көп күш түсумен негізделген.
Естудің төмендеуі кейбір биохимиялық процестерге негізделген. Жануарлардың спиралды ағзасын гистохимиялық тексерулер кезінде, гликогенннің құрамындағы нуклеин қышқылдарын, сілтілі және қышқылды фосфатазаны, янтарлы дегидрогеназа және холинэстеразалық өзгерістер анықталған.
Адекватты емес өзгерістердің пайда болуы мен шудың әсерлеріне жауаптары есту анализаторларының анатомиялық физиологиялық байламдарындағы нерв жүйесінің әртүрлі бөліктерінде орналасуға байланысты. Есту анализаторларының рецепторлық аппараты арқылы әсер ететін, акустикалық тітіркендіргіштер, тек қана қыртысты бөлімде ғана емес сонымен қатар басқа ағзалардың да қызметтеріндегі рефлекторлы ығысуларды шақырады.
Кәсіби кереңдіктің клиникасы. Шулардың адам ағзасына қолайсыз жағдайларының клиникасындағы маңызды белгілерге естудің кохлеарлы тип бойынша баяу үдемелі төмендеулері жатады. Екі құлақта бір деңгейде зақымданады. Есту ағзасының профессионалды себебін анықтау үшін, науқастың шағымдарын, жұмыс орындарындағы басқа адамдардағы аурудың кездесулерін, сонымен қатар жұмыс істейтін орнының санитарлық гигиеналық жағдайларын анықтаймыз. Естудің профессионалды төмендеулері кезіндегі отоскопиялық картиналардың ерекшеліктері жоқ.
Шудың нәтижесіндегі есту ағзасының зақымданулары алғашында есту қадамының 4000 Гц жиілікке жоғарлауымен сипатталады. Бұл өзгерістер алғашында естуді қабылдауға әсер етпейді, сондықтан жұмысшылар есту қабілеттернің төмендегенін байқамайды. Естудің төмендеулерінің субьективті көріністері дыбысты қабылдау аймақтарының 500, 1000, 2000 Гц жиілікке дейін төмендеулерімен сипатталынады, ол баяу дамып, осы мамандық бойынша жұмыс істеу стажына байланысты ақырындап өседі. Аудиометриялық тексерулер кезінде жоғарғы жиіліктерді қабылдайтын аймақтарда (4000-8000 Гц), сөйлеу диапазонының жиілігі (500, 1000 және 2000 Гц), және естудің одан да төмен жиілікке дейін төмендеуімен (125-250 Гц) сипатталады.
Барлық дыбыс диапазоны бойынша дыбыстың өткізілуінің бұзылулары сүйек және ауа арқылыда бірдей. Шу және шудың вибрациясының әсерін бір уақытта алатын, «шулы» мамандықта жұмыс істейтін адамдардың есту қызметінің жағдайындағы клиникалық аудиологиялық көрнісі бірдей. Жалпы алғанда «шулы» мамандықта жұмыс істейтін жұмысшылардың барлық топтарының 4000, 6000, 8000 Гц жоғары жиіліктегі дыбысты қабылдау аймақтарының біршама төмендегенін байқаймыз. Алғашқы 5 жылыдқта осы аймақ бойынша естудің алғашқы қадамдарын жоғарлату бойынша жұмыстың нәтижесі онша жоғары емес. Олардың жоғарғы көрсеткіштері 10-40 дБ аралығында болады. Кейінірек естудің жоғарлауы 500, 1000, 2000 жиілікте таралады. Осыған қарамастан мамандық бойынша жұмыс стажының өсуіне байланысты естудің төмендеуі дыбысты қабылдайтын 4000, 6000, 8000 Гц жиіліктер деңгейінде қалады. Аз мөлшерде 500, 1000, 2000 Гц жиіліктегі дыбысты қабылдау деңгейіне төмендейді, және 125-250 Гц жиіліктегі дыбысты есту төмендейді.
Диагностикасы. Кохлеарлы невриттің салыстырмалы диагностикасын жүргізеді: науқастың шағымдары, аурудың анамнезі, аурудың дамуы мен ерекшеліктері (шумен байланысы, байланыстың ұзақтығы), отоскопиялық сипаты және есту қызметінің клиникалық аудиологиялық тексерулері, босағалық және босаға үстілік тонды мәліметтерді қоса отырып, естудің ультрадыбыстық аймақтарының жиіліктерін тексеру жатады.
Аурудың анамнезі мен отоскопиялық көріністің сипатына негізделе отырып сүлелі іріңді немесе адгезивті отиттің диагнозын анықтау қиын емес. Шудың әсерінен пайда болған профессионалды кохлеарлы невритті пайда болу себебінде шудың әсерлері жоқ аурулар, яғни отосклероз және басқа невритпен салыстырудың қиындығы бар.
Кәсібиге қарағанда басқа себептен пайда болған кохлеарлы невриттің дамуы жедел және кез келген деңгейдегі айқындықта болуы мүмкін. Естудің зақымданулары бір жақты немес екі жақты болуы мүмкін. Ауру белгілі бір себепке байланысты дамиды: тұмау, нейроинфекция, менингит, контузия немесе ототоксикалық дәрілік заттрады (стрептомицин, мономицин, хинин және т.б) қолданудан кейін.
Отосклероз кезінде профессионалды кохлеарлы невриттегі сияқты естудің төмендеуі бачу жүреді. Кәсіби кохлеарлы неврит үнемі екі жақты болса, ал отосклероз бір жақты және жас әйелдерде кездеседі. Осы жағдайларда салыстырмалы диагностика дыбыстың сүйектен және ауадан өтуін зерттеудің динамикасына негізделген (динамикалық аудиометрия).
Отосклероз және басқа себептен пайда болған невриттердің арасындағы салыстырмалы диагностика аудиометриялық зерттеулердің мәліметтеріне негізделген.
Кәсіптік кереңдік кезінде жоғарғы жиілікті қабылдаудың бұзылулары (4000-8000 Гц) аудиомтриялық қисықтың төмендеуімен сипатталады, ал аурудың өршуі кезінде орташа және төменгі диапазонның жиіліктерін қабылдауда қатысады. Кез келген этиологиялы кохлеарлы неврит кезінде дыбысты қабылдау жиілігінің жоғарлауы, барлық дыбыстың диапазонында және әртүрлі деңгейдегі айқындылықта болуы мүмкін, кереңдікке дейін. Осы және басқада жағдайларда ауалық және сүйектік дыбысты өткізу бір деңгейде зақымданады.
Отосклероздың тимпаналды түрі сүйек арқылы дыбысты қабылдаудың сақталуы кезінде, ауа арқылы дыбысты қабылдаудың төмендеуімен сипатталады. Отосклероздың кохлеарлы түрінде сүйек және ауа арқылы өткізілудің арасында айырмашылық болмауы мүмкін немесе аз мөлшерде, және аудиограмманың мәліметтері дыбысты қабылдайтын анализаторлардың бөліктерінің нейросенсорлы кереңдіктеріне ұқсайды. Бұндай жағдайларда қосымша зерттеу әдістері керек: босағңалық тестер, естудің ультрадыбыстық диапазонындағы жиілігін.
Басқа себепті кохлеарлы невритте қалыпты жиіліктегі ултрадыбыстық диапазонын қабылдау кезінде ФУНГ1 оң және Si=Si тесті оң болады, ал профессионалды неврит кезінде салыстырмалы ажыратуды жүргізу кезінде, қазіргі кезде кеңінен қолданылатын босаға үсті тестерін тоналды аудиометриялық тексерулер қосымша көрсеткіштер болып табылады. Отосклероздың кохлеарлы түрі бар науқастарда ФУНГ оң болады. Сонымен қатар сөзді 100% қабылдайды және ультрадыбысты қабылдау қалыпты немесе аздап төмендеген (90-100 кГц).
«Шулы» мамандығы бар жұмысшылардағы естуді бағалау критерилері. Шудың әсерін зақымдайтын адекватты көрсеткіштерге есту ағзасындағы естудің төмендеуі жатады.
Аудиометриялық тексерулердің көрсеткіштерін ескере отырып, құлақтың жағдайын динамикалық бақылау кезінде және әсіресе, еңбек ету сұрақтарын шешу кезінде, «шулы» мандықтағы жұмысшылардың естулерінің төмендеу деңгейін бағалаймыз. Тондық аудиометрия мәліметтері бойынша «шулы» мамандықтағы жұмысшылардың сөзді қабылдайтын аймақтағы есту қабілеттерінің төмендеуімен жүретін өзгерістер, құлақтың есту жағдайларын көрсетеді. Сондықтан есту қызметінің жағдайын бағалаудағы маңызды тексерулерге 4000 Гц жиіліктегі және сөзді қабылдау аймағындағы есту босағасының орташа көрсеткіштері болып табылады.
Аудиометриялық тексерулерді дәрігердің бақылауымен орташа медицина қызметкері жүргізе алады.
Аудиометриялық тексерулердің үш әдісі бар:
- Әдіс. Әр бір құлақтар үшін жеке сүйектік және ауалық дыбыстық өткізулерді 125, 250, 500, 1000, 2000, 3000, 4000 және 8000 Гц жиіліктерде құлақтың есту қабілетінің жоғалуын анықтаймыз. Шудың әсерінен естуді төмендету кезінде 500, 1000, 2000 және 4000 Гц жиіліктерді анықтаудың маңызы зор. Қосымша аудиометрияның босаға үстілік тексерулері жүргізіледі. Осындай экспертизаларды жүргізуге құқығы бар медициналық мекемелерде еңбек сараптамасын жүргізу үшін қолданылады.
- Әдіс. Әр бір құлақтар үшін жеке сүйектік және ауалық дыбыстық өткізулерді 125, 250, 500, 1000, 2000 және 4000 Гц жиіліктерде құлақтың есту қабілетінің жоғалуын анықтаймыз. Алдын ала және кезеңді түрдегі медициналық тексерулер кезінде қолданылады.
- Әдіс.Әр бір құлақтар үшін жеке сүйектік және ауалық дыбыстық өткізулерді 125, 250, 500, 1000, 2000 және 4000 Гц жиіліктерде құлақтың есту қабілетінің жоғалуын анықтаймыз. Шулы өндірістерді қараған кезде, медициналық мекемелерде есту ағзасына бастапқы шудың әсерін анқтау үшін қолданылады.
Аудиометриялық тексерулер үшін тондық аудиометрия қолданылады, босағалық деңгейдің экиваленттері ГОСТ 13655-75 деңгейіне сәйкес келеді. Аудиометриядағы тондардың өзгерістері біркелкі және баспалдақты болу керек, 5 Дб артық болмау керек.тексерулер үшін қолданылатын аудиометриялардың ГОСТ 8.002-71 бойынша мемлекеттік тексеру куәліктері болу керек. Аудиометрияның кезеңді тексерулері жылына бір рет жргізіледі. Тексерулерлер алдында аудиометриялық аппараттың инструкция бойынша дұрыстығын тексеру керек, сонымен қатар кем дегенде 5 адамның «биологиялық» калибровкалары жүргізілді.
Аудометриялық тексерулер мекемелерде жүргізіледі, шулардың деңгейі аспау керек: 1 әдіс үшін – 15 дБА және 50 ДБА; 2 әдіс үшін – 30 дБА және 65 дБА; 3 әдіс үшін 35 дБА және 70 ДБА. Шуды арнайы шумомермен өлшейді оның класы ГОСТ 17187 – 71 бойынша 2 төмен болмау керек. Бөлмеде эксперементті жүргізетін адам және тексерілетін адамнан басқа ешкім болмау керек.
Аудиометриялық тексерулерді 80 дБА жоғары деңгейі бар кәсіпорындарда есту қабілетін қалыптастыру үшін 14 сағат ішінде жүргізеді. Есту босағалырының уақыттық ығысуларын шудың әсері тоқтағаннан кейін 5-ші минутта жүргізеді. Тексерулер кезінде арнайы шарттар бар, ол тексерілуші аудиометрияның панелін көрмеу керек және манипуляцияны жүргізетін адамның түрін көрмеу керек.
Есту босағасын анықтауды келесі келесі дыбыс жиіліктерін өткізу тәртібімен жүргізген дұрыс: 1000, 2000, 3000, 4000, 6000, 8000, 1000, 500, 250 және 125 Гц — 1 әдістер үшін; 1000, 2000, 4000 — 2 әдіс үшін; 1000 және 4000 Гц 3 әдіс үшін.
Есту босағасын анықтау дыбысты ауалық өткізумен арнайы оң және сол құлақтарға сәйкес әрбір құлақтар үшін аудиометр телефондары арқылы анықталынады, ал 1 әдісті қолданған кезде сүйектік телефонды қолданады. Тексерілуші әр жиіліктегі тондардаың естілулерімен таныс болу керек. Дыбыс пайда болған кезде сигнал кнопкасын басады (саусағын көтереді), ол жоғалған кезде кнопканы түсіреді. (саусағын түсіреді); жауаптардың дұрыстығын сигналдардың үзілістерімен тексереді.
Егер нәтижесінде 3 сәйкестік болса, есту босағасы осы жиілікте бекітілген болып саналады.
Аудиомериялық тексерулердің ұзақтығы 30 минуттан аспау керек.
Жұмысшылардың есту жағдайлары кереңдікке байланысты анықталады, естудің аудиометриялық тексерулер нәтижесі кестедегі естудің сандық критерилері бойынша анықталады.
Есту қызметтерін бағалау критерилері
Естуді жоғалту деңгейі | Тондық баспалдақты аудиометрия |
Сыбырлап сөйлеуді қабылдау
| |
500, 1000 және 2000 Гц дыбыс жиіліктерінде (орташа арифметикалық мәні) ести алмау(дБ) | 4000 Гц және тербелістердің мүмкін болатын шегінде ести алмау (дБ) | ||
Есту ағзаларын шудың әсер ету белгілеріЕстудің жеңіл дәрежелі төмендеуімен кохлеарлы неврит Естудің шамалы төмендеуімен кохлеарлы неврит Естудің ауқымды түрде төмендеуімен кохлеарлы неврит | 10 дейін 11-20 21-30 31-45 | 50±20 60±20 65±20 70±20 | 5±1 4±1 2±1 1±0,5 |
1 дәрежесі – есту ағзасына шудың әсер ету белгілері. Қарқынды өндірістік жағдайында шумен жұмыс істейтін жұмысшыларда осы түрі қолданылады. Естудің бұл жағдайы сөзді қабылдау аймағында естудің босағасы 10 дейінгі дБ жоғарлауы, 4000Гц — тен 50 дБ(±20); сыбырлап сөйлеуді қабылдау 5м дейін (±1).
2 дәрежесі — Естудің жеңіл дәрежелі төмендеуімен кохлеарлы неврит. Осы дәрежедегі естудің төмендеуі сөзді қабылдау аймағындағы есту босағасының 11 ден 20 дБ жиілігінде, 4000 Гц 60-қа дейін дБ (±20) қабылданғанда, және сыбырлап сөйлеудің 4 м (±1) дейін естудің төмендеуінде қалыптасады.
3 дәрежесі — Естудің шамалы төмендеуімен кохлеарлы неврит. Осы дәрежедегі естудің төмендеуі сөзді қабылдау аймағындағы есту босағасының 21 ден 30 дБ жиілігінде, 4000 Гц 65 дБ (±20) қабылданғанда, және сыбырлап сөйлеудің 2 м (±1) дейін естудің төмендеуінде қалыптасады.
4 дәрежесі – айқын дәрежелі естудің төмендеуімен кохлеарлы неврит. Осы дәрежедегі естудің төмендеуі сөзді қабылдау аймағындағы есту босағасының 31 ден 45 дБ жиілігінде, 4000 Гц 70 дБ (±20) қабылданғанда, және сыбырлап сөйлеудің 1 м (±0,5м) дейін естудің төмендеуінде қалыптасады.
Ағзаға шудың арнайы емес әсері. Күшті шу деңгейлері орталық жүйке жүйесіне жарақаттық әсер етуі мүмкін және естен тану жағдайларын, эпилепсиялық ұстамаларды, психикалық бұзылыстарды шақыруы мүмкін. Осындай жағдайдағы жұмысшыларда дисциркуляторлы энцефалопатия синдромы бақыланды, ол церебралды микроорганикалық симптоматикалармен сипатталып, басқа этиологиялы энцефалопатиялардан ерекшеленбеді. Соңғы он жылдықта тәжірибеде шудың осы ақаулары кездеспейді.
Жұмысшыларды тексеру кезінде орталық жүйке жүйесіндегі шудың арнайы емес өзгерістері шамалы айқындықтағы неврастения синдромы түрінде және сирек вегетативтік-тамырлық дисфункция (нейроциркуляторлы дистония) түрінде анықталынады. Қарқынды шу жағдайларында ұзақ уақыт жұмыс істейтін адмдарда тұйық сипаттағы маңдай және самай аймақтарындағы бастың аурулары; көбінесе жұмыстың соңында немесе одан кейін ауыспалы сипаттқа көшеді. Сонымен қатиар тітіркендіргіштік, жылауықтық, ұйқысының бұзылулары(жиі үзікті ұйқы, ұйқысыздық, сирек ұйқысының келуі), жоғары шаршағыштық, жүрек айсағындағы ауырсыну, басының айналуы(денесін басқа жағдайға ауыстырған кезде көзінің қарауытуы), есте сақтау қабілетінің төмендеуі, тершеңдік. Ер адамдарға қарағанда әйелдер шуға бейім болып келеді.
Терең зерттеулер нәтижесі бойынша үлкен стажы бар жұмысшыларда вегетативті жүйке жүйесі жағынан өзгерістер болады. Симпатикалық жүйке жүйесі жағынан көрінетін өзгерістерге пиломаторлы рефлекстің төмендеуі (Дрогичина Э.А., 1957ж), адреналинді тері ішіне енгізген кезде тері реакциясының әлсіреуі (Милков Л.Е., 1963ж), несептегі тәуліктік катехоламиндердің құрамы төмендейді (Макотченко Л.Е және т.б., 1978).
Шудың әсерінен вестибулярлы, көру және тері анализаторларының қызметтері өзгереді, қолды созған кезде саусақтардың треморы байқалады, айқын жағдайларда көзді жұмып Ромберг позасында тұрған кезде тұрақсыздық байқалынады.
Аяқ қолдардың дисталды бөліктерінде ауырсыну сезімдері анықталуы мүмкін. Қабылдау вибрациясының арнайы рецепторлары болып саналатын вибрациялық сезімталдықтың төмендеуі. Жүрек тамыр жүйесіндегі өзгерістер жүрек аймағындағы ауырсынулармен, жүрегінің қағуларымен, тұрақсыз пульс және артериялды қысыммен, жүректе функционалды шулардың пайда болуымен, тамырлардың бұлшық ет түріндегі күшті жабысқақтық қабілетінің жоғарлауы перифериялық қарсылықтың жоғарлауларымен көрінеді (Шаталов Н.Н., 1971ж). Көз түбінің артерияларының шамалы тарылулары анықталынады. М.Е. Хаймович және С.В. Кныш (1979) зерттеулері бойынша қарқынды шудың әсерлерінен пайда болған қанның систолалық және минуттық көлемдерінің ұлғаюлары түріндегі орталық гемодинамика көрсеткіштерінің ығысулары анықталған. Гиперкинетикалық жүрек синдромдарына тән ығысулар анықталынады. Осы авторлардың мәліметтері бойынша қарқынды шудың әсерлерінен пайда болған, жүрек тамыр жүйесіндегі бұзылыстар экивалентті шу жағдайында жұмыс істейтін жұмысшыларға қарағанда жиі кездеседі.
Ұйымдастырылған және ұйымдастырылмаған тұрғындардың арасында кеңінен таралған, арнайы емес сипаттары бар, естудің профессионалды төмендеулерінің белгілері болмаған кездеріндегі шудың әсерінен жүрек тамыр жүйесіндегі және жүйке қызметтерінің бұзылуларының байланыстары қиындайды.
Емі. Шудың себебінен пайда болған кохлеарлы неврит кезінде консервативті емдеу әдісі қолданылады; ол лабиринттің рецепторларының қызметін жақсартуға бағытталған. Емдеу әдістері медикаментозды, физиотерапиялық, дауысты белсендіретін болуы мүмкін, рефлексотерапияда қолданылады.
Кохлеарлы невриті бар науқастарға ототоксикалық әсерлері бар дәрілерді қолдануға болмайды, әсіресе аминогликозид қатарының антибиотиктерін.шудың әсерінен пайда болған кереңдіктің медикаментозды емі кезінде, И.Б.Солдатов және А.Я.Миркин бойынша (1979), төрт енгізгі бағытта әсер беретін дәрілік заттардың комплексін тағайындаған дұрыс: 1). Жүрек жүйесіне әсер ететін, церебралды және ішкі құлақ артериясындағы қан айналымды жақсартатын; 2). Жасушалық және тіндік метаболизмге әсер ететін; 3). Ішкі құлақтың рецепторлы аппаратын тонуста ұстайтын және жүйке импулстарының өтімділігін жақсартатын; 4). Бас миының үлкен жартысындағы қыртыстағы негізгі жүйке қатынастарының реттелуі. Ұлудың қан айналымын папверин, платифиллин, эуфиллин жақсартады.
Егде жастағы адамдарға профессионалды неврит кезінде стугерон, девинкан немесе винкапанды тағайындаған дұрыс. Емдеу курсы 3-4 апта А және Е витаминдерімен бірге жүргізіледі. Алмасу процестерін жақсарту үшін витамин препараттарын қолданамыз. Осы мақсатта В1, В6, В15 витаминдерін қолданады. Кокарбаксилаза, АТФ, А витаминін қолдану көрсетілген. Биостимуляторлардан кеңінен алоэ экстрактысы қолданылады, ФиБС- 30 күн бойы тері астына, гумизоль 2 мл бұлшық етке және апилак 0,01г ішке 20 күн бойы.
Нерв импулстерінің өтімдігін жақсарту үшін және лабиринт рецепторларына тонусты әсер мақсатында аз мөлшерде дибазол (10-14 күн бойы бұлшық етке 0,5 % 1мл), антихолинэстеразды препараттар (галантамин, прозерин, оксазил). Аталған заттардың ішінде ең нәтижелісі галантамин (20 күн бойы тері астына 0,5 мл 1 %), ол гематолабиринтті және гематоэнцефалды барьер арқылы өтіп, есту анализаторларының шеткі бөліктеріне ғана емес сонымен қатар орталық бөліктеріне де әсер етеді. Профессионалды кохлеарлы неврит емінде нейродинамикалық бұзылыстардың қалыптасуына көңіл аударылады. Осы мақсатта бром, валериан, кофеин және транквилизаторлық препараттар көрсетілген (элениум, седуксен, мепробамат, тазепам және т.б).
Шудың әсерінен пайда болған кереңдікті емдеу кезінде М-холинолитикалық (атропин, платифиллин, красавка препараттары) және Н-холинолитикалық (ганглиоблокаторлар) әсері бар холинолитикалық заттарды қолданулар кезінде нәтижесі оң болады. М-холинолитикалық белсенділігі бар беллоид және беллатаминал заттарына үлкен көңіл аударылады, олар ағзаның орталық және шеткілік адренергиялық және холинергиялық жүйелерінің қозғыштықтарын төмендетеді, құлақтағы шуды азайтып, сол арқылы естуді жақсартады.
Арнайы емес шудың әсерінен пайда болған патологияларды емдеу кезінде, неврастения және вегетотамырлық дисфункциялық сипаттағы нейродинамикалық және вегетативтік-тамырлық бұзылыстар қалыптастыруға бағытталған. Осы мақсатта жалпыбекітетін, седативті, вегетотропты препараттар, транквилизаторлар, инелік ем, электросон, гидротерапияны қолданады.
0,5% галантамин ертіндісімен, 0,05% прозерин ертіндісімен, 0,5-1% никотин қышқылының ертінділерімен эндоуралды электрофорез оң нәтиже береді.
Профессионалды кереңдікпен соған қосымша жүретін ауруларды ерте емдеу ұсынылады. Емнің нәтижесін бекіту үшін комплексті емнің курсын қайталау керек.
Алдын алу. Қарқынды өндірістік шулардың әсерінен пайда болған маңызды алдын алу шараларына, шуға қарсы қолданылатын индивидуалды қорғаныс заттары жатады, оны қолданылатын жағдайлар: 1) параметрлер рұқсат етілген деңгейден жоғарлаған кезде; 2) техникалық заттар және шуды төмендететін әдістерді қолдану мүмкін емес жағдайларда немесе олар қауіпсіз деңгейге дейін шуды төмендете алмайды; 3) қарқынды шу жағдайларына жұмысшылардың үздіксіз келуі кезінде.
Жеке қорғаныс заттарына шуға қарсы қолданылатын құлаққа тағатындар және шлемдер жатады. Шуға қарсы қолданылатын заттарға қойылатын бірқатар талаптар бар, олар шудың әсерін төмендетіп, қолдануға ыңғайлы болу керек. «Шудан жеке қорғаныс заттары. Гигиеналық талаптар» ГОСТ 1576270 олардың нәтижелігін бағалау, шуға қарсы заттар немесе әдістерді таңдау, талаптар жазылған.
Жеке қорғаныс заттарын қолдану кезінде белгілі бір деңгейде ыңғайсыздық болуы мүмкін, сондықтан жұмысшылар үйрену үшін белгілі бір уаұыт қажет. Ішкі және ортаңғы құлақ, бет терісімен бастың қабынбалы аурулары кезінде шудане қорғанатын қорғаныс заттарын қолдануға жол берілмейді. Тәжірибеде көрсетілгендей тәжірибеде шудың қолайсыз әсерлеріне қарсы күрес жүргізу және гигиеналық талаптар бойынша жеке қорғаныс заттарын қолдануды енгізу, бірқатар жағдайларда профессионалды кохлеарлы невриттің дамуын азайтады.
Еңбек ету қабілетінің сараптамасы. Есту ағзаларының профессионалды зақымданулары кезіндегі әртүрлі деңгейдегі айқындылықтағы естудің төмендеуінде жұмысшылардың еңбек қабілетін анықтау үшін, келесі жағдайларды ескеру керек: 1) еңбек жағдайы мен істейтін жұмыстың сипатын (санитарлық-гигиеналық мәліметтер бойынша жұмыс жағдайының жұмыс орнындағы шу параметрлерінің көрсеткіштерімен сипаты); 2) барлық жыл бойындағы кәсіптік маршруты бойынша жұмысшының негізгі кәсібінің еңбек ісәрекеті (еңбек кітапшасының көшірмесі); 3) есту қызметтерінің және ЛОР ағзаларыың тексеру нәтижелері (аудиометрия мәліметтері); 4) «шулы» мамандығындағы жұмыс кезінде және шу жағдайындағы жұмысқа дейінгі есту қабілетінің төмендетуіне әкелетін, бұрындары басынан кешкен аурулары; 5) сандық критерилер бойынша бағалау мәліметтері. Аурудың ағымы мен сипатын, естудің төмендеуімен даму ерекшеліктерін әрбір маңызды жағдайларда ескеру қажет.
Есту жағдайының төрт категориясын қарайтын естуді бағалау критерилері, «шулы» мамандықтағы жұмысшылардың есту жағдайын салыстырмалы бағалау үшін, кәсіптік естудің төмендеуін дер кезінде алдын алу және еңбек ету сараптамасының қабілеттерін шешу кезінде қажет. Жұмысшыларда есту дің төмендеуінің І деңгейі анықталған кезде, естудің төмендеуінде кәсіптік ауру шешімі қойылмайды және осыған сәйкес шұғыл хабар парағы толтырылмайды. Есту қабілетінің төмендеуінің І деңгейі бар жұмысшылар өз мамандығы бойынша жұмысты жалғастыра береді және міндетті түрде шуға қарсы заттарды қолданады, жылына бір рет есту қабілетінің жағдайын тексеріп отырады.
Егер кохлеарлы невритпен естудің ІІ деңгейлі төмендеуі қойылса (жеңіл), жұмысшы есту жағдайы бойынша өз мамандығымен еңбек ете беруге болады. Бірақ келесі жылдарындағы аудиометриялық тексерулердегі есту босағасының көрсеткіштері тұрақты болып қалса. Егер динамикалық бақылау кезінде есту босағасы жоғарлайтын болса, есту жағдайының 3 жағдайы бойынша бағаланады.
Егер жұмысшыларды кохлеарлы невритпен естудің ІІІ деңгейлі төмендеуі қойылса (шамалы), шулы жағдайда 10 жыл жұмыс істеу нәтижесінде дамыған болса, оны ДЕСК бағыттайды. Үлкен стажы бар маманданған жұмысшыларда естудің төмендеуімен кохлеарлы неврит дамыса жәнеөршуі болмаса, жұмысшылар өз мамандығы бойынша жұмыс істей береді. Егер кереңдіктің өршу белгілері болса, жұмысшыларды шудың әсерінен шығарып ДЕСК бағыттайды.
Егер кохлеарлы неврит айқын естудің төмендеуімен (ІҮ деңгей) жүрсе, қарқынды шу жағдайында жұмыс істеу көрсетілмейді. Жұмысшыларды ДЕСК бағыттайды және өндірістік шу жағдайынан шығарады. ІІ,ІІІ,ІҮ деңгейдегі естудің төмендеулері анықталған кезде, есту ағзасының кәсіптік аурулары туралы шұғыл хабар беріледі.
Есту қабілетінің сараптамасының принциптері, біздермен ұсынылған есту қабілетінің жоғалту деңгейінің жіктелуіне негізделген. Берілген еңбек ету қабілетінің сараптамасының сұрақтарын шешу тек, І-ІҮ деңгейдегі естудің төмендеуімен кохлеарлы невриті бар «шулы» мамандықтағы жұмысшылар үшін арналған. Бұл сұрақтарды жеке және есту қабілетінің жоғалуын ғана емс жіне басқа ағзалар жағынан өзгерістердің айқындылығын, тұрақтылығын, және ең бірінші орталық жүйке жүйесі және жүрек тамыр жүйесі жағынан өзгерістерді ескеру керек.
Барлық жағдайларда жұмысшының басқа жұмысқа ауыстыру кезінде зақымдану деңгейінің жеке медициналық көрсеткіштер ғана емес, сонымен қатар жасын, шудың әсері жоқ мамандықта жұмыс істеу мүмкіндігін де ескеру керек.
Қарқынды өндірістік шуы бар цехтарға орналасудағы адамдарды кәсіптік таңдау. Бұл жағдайда жеке адамдардың шудың әсерлеріне сезімтелдығын анықтайды. Тестің көмегімен жұмысқа алушылардың арасынан қарқынды шуға сезімталдығы жоғары адамдарды анықтауға болады. Қарқынды шудың ұзақ әсеріне тексерілушінің қандай әрекет жасайтынын, кәсіптік тексерулер кезіндегі алынған мәліметтер бойынша алдын ала болжауға мүмкіндік беретін тестерге орасан зор көңіл аударылады. Шын мәнінде есту адаптациясын немесе шаршау мөлшерін оқиды.
Есту анализаторларының қайтымды және қайтымсыз өзгерістерінң даму механизмінің біркелкілігін болжауға кәсіптік таңдау кезіндегі шудың ұзақ уақыт әсерінен шаршау тестерінін қолдану кезіндегі нәтижелері хабаршысы болып табылады. Қарқынды шудың үздіксіз реакцияларының есту босағасының ығысуы және есту босағасының тұрақты ығысуы түріндегі естудің шаршауы, немесе тұрақты кереңдік байланыстарының сұрақтарын шешуде, бәсекелестік тудырады. Есту қызметіне қандай ұзақтықтағы шудың қалай әсер етуі туралы көптеген авторлар (S. Ward, B. Glorin және т.б)есту ағзасының шуға сезімталдығымен немесе дыбыс тондарының тітіркенулерінен кейін есту босағаларының уақытша ығысуларының Я.С Темкин (1973), В.Е Остапкович (1977) мәліметтері бойынша талқылауға мүмкіндіктер береді. Олар босағаның уақытша ығысуларымен және тұрақты кереңдік арасында аналогияны жүргізеді.
Алайда осы қарастырылып отырған тестер шын мәнінде есту ағзасының шуға немесе дыбысқа әсер етулерінің сезімталдығын тексеруге мүмкіндік береді. Бұл сезімталдық көп жағдайларда босағаның дискофорт деңгейі мен рекруитмент феноменінің жеткілікті анықталуына байланысты, бірақта олар біркелкі есту босағалары кезінде, кейде қалыпты жағдайдың өзінде де әртүрлі болуы мүмкін.
15-16 жастағы жасөспірімдерде шудың әсерінен есту сезімталдығы мен басқада функционалды жүйелерде айқын өзгерістердің пайда болатыны туралы барлығымызға мәлім.осыған байланысты цехтарға жұмысқа жаңа кадрларды алу кезінде жастың маңызы зор. В.Е Остапкович, Н.И Пономорев, И.В Крамаренко (1971, 1973) 15-19 жас және 21-30 жас аралығындағы жұмысқа жаңадан орналасқан немесе оқып жүрген жұмысшылардағы есту қызметінің жағдайына ретроспективті анализ жүргізген кезде, шу негізгі қолайсыз факторлардың бірі болып табылған.
Шулы өндірістерге жұмысқа орналасқан жастарда әртүрлі жағдайларда есту қабілетінің төмендеулернің кездесу жиіліктерінің көрсеткіштері жоғары болған. 15 жасынан тігінші болған 11-20 жылдық стажы бар жұмысшыларды 79%, ал 18 жасынан бастап жұмыс істегендерде 51% жағдайларда есту қызметінде өзгерістер анықталған. Соңғыларынды естудің төмендеуінің ІІІ және ІҮ джеңгейі болмаған, ал алғашқыларында 32% жағдайда кездескен. өндірістік шудың әсеріне 16-17 жасынан бастап жұмыс істегендер 15 жасынан бастап жұмыс істегендерге қараған да тұрақты болды және 18 жастарынан бастап жұмыс істегендерге қарағанда тұрақтылықтары аз болып саналды.
Осы зерттеулердің нәтижесіне келетін болсақ, егер жасөспірім неғұрлым жас болса, шу жағдайында жұмысты алғаш бастаған болса, соғұрлым ішкі құлақтағы нерв элементтерінің дистрофиялық өзгерістері дамиды.
15 жасынан немесе 30 жастан жоғары алғаш рет жұмыс бастаған адамдар арасында қарқынды шудың әсерінен естудің тереңдігі кеңінен тараған. Бірақта бұл жағдайда дамыған ақаулардың себептері біркелкі емес. Есту қызметтерінің жас кездерінде бұзылуларының кеңінен тарауы есту анализаторларының және жүйке жүйесінің әлі толық қалыптаспауымен байланысты. 21-30 жас аралығында қарқынды шуы бар цехтарға алғаш рет жұмыс істеуге келген адамдарда есту қызметтеріндегі өзгерістер 15 жылдан кейін дамыған. Осыған байланысты 15-18 жас аралығындағы жасөспірімдерді қарқынды шулары бар цехтарға жұмысқа алуға болмайды және жұмысқа тек 35 жастан жоғары адамдар ғана алынады.