Қорқыт ата тағылымдарының мәніне философиялық сипаттама

Қорқыт ата тағылымдарының мәніне философиялық сипаттама

1.1 Қорқыт ата кітабының халықтық ұғымы

Тарих пен әдебиет бір-біріне тығыз байланыста деп тұжырымдасақ, онда біздің арғы дүниеміз тарих болып қалса, сондай ерекше зерттеуге тура келген, арғы  ата-бабамыздың  тарихы — оғыздар тайпасы.Оғыз мемлекеті.

Оғыз мемлекеті – орта ғасырларда Орталық Азияда өмір сүрген түркі тектес халықтар. ІХ-  Х  ғасырларда   Сырдың орта, төменгі ағысында, сонымен қатар Батыс Қазақстанды да қосып алатын территориясында оғыз тайпаларының саяси бірлестігі құрылды. «Оғыз» деген терминнің этимологиясы әлі де анықталмаған. Махмуд Қашқари, Марвази енбектерінде, оғыздарға жататын руларды атап кеткен: қынық, баят, язғыр, имур, қарабулақ, тутырка, т.б. Оғыздар 2 экзогамды фрактриядан құрылған. Бұлар — бузук және үшүк (учук). ХІІІ  ғасырдың  ортасында түргештер мұрасы үшін қарлұқтармен болған күресте оғыздардың едәуір бөлігі Жетісуды тастап, Шу алқабына кетеді. Осы жерде олардың «Көне Гузия» деп аталатын ордасы болды. ІХ  ғасырдың  бас кезінде оғыздардың көсемі қарлұқтармен, қимақтармен одақтасып, қанғар-печенег бірлестігін күйретеді, сөйтіп Сырдың төменгі жағы мен Арал өңірі мен даласын басып алады. ІХ ғасырдың  соңында олар хазарлармен одақ құрып, печенегтерді жеңеді де, Орал мен Еділ арасын қоластына қаратады. Печенегтермен соғыс олардың саяси бірлігін күшейтіп, тайпалардың оғыздық одағын құруға мүмкіндік берді. Оғыздар құрамына Сырдария алқабы мен Арал-Каспий далаларының үнді-европа, финн-угор тектес ежелгі компоненттері және Жетісу мен Сібірдің халаджылар, жағарлар, чаруктер, қарлұқтар, имурлер, байандұрлар тайпалар кірді. Оғыздардың этникалық қауымдастығының құрылуы ұзақ процесс болды. Оғыздар туралы алғашқы деректер  ІХ- Х  ғасырлардың басында  араб деректерінде мысалы, әл-Якубидің (  ІХ ғасыр) еңбегінде   де айтылады.Орта Азия мен Шығыс Еуропаға және Орталық Азияға баратын керуен жолдарының тоғысқан жерінде жатқан Янгикент қаласы  Х  ғасырда  оғыз мемлекетінің астанасына айналды. Оғыз мемлекетінің халқы — түркі және иран тілінде сөйлеген. «Жабғы» атағы бар жоғарғы билеуші — Оғыз мемлекетінің басшысы болған. Оғыз жабғыларының орынбасарларын  Күл-еркін деп атаған. Жоғарғы билеушілер өкіметі мұрагерге — «иналамиға» — беріліп отырған. Жабғы мемлекетінде оғыз әскерінің «сюбаши» деп аталатын бас қолбасшысы маңызды роль атқарған. Оғыздар мал шаруашылығымен айналысты. Отырықшылықта қатар дамыды. Жент, Сауран, Қарнақ, Сүткент, Фараб, Сығанақ деген қалалары болды. Құл саудасы дамыды. Оғыздар  мәжусилер  болып,  бақсы-балгерлерге  табынды. Біртіндеп ислам діні де ене бастады. Осындай тарихы терең жатқан қарабайыр  тайпаның өзіндік мәдениеті  мен әдебиеті болған.Олардың әдебиеті түрлі тастарға қашалып, жыр, дастан болып қалып отырған. Өзінің іргетасын қалаған соң оғыздардың жауы да, досы да көбейді. Жер мен ұлыс үшін талас кезінде ерлік көрсеткен батырларын оғыздар жырға қосып, оларды таста қалған жазуларда бейнелеп отырған.Олар жайында Орхон ескеркіштері де сөйлеп бере алады.

…… Өлімнен қырық жыл бұрын Қорқыт қашқан,

Қазылған көрді көріп, қатты сасқан.

Тағдырдың тақымына тәнті болмай

Ажалмен арпаласып жан таласқан.

(Әлқуат Қайнарбаев «Қорқыт»)

Тарихшылардың айтушы бойынша дана Қорқыт Мұхаммед пайғамбардың замандасы екен. Сыр бойында туған. Қорқыттың бейті бүгінде Қызылорда облысының  Қармақшы станциясынан 18 шақырым жерде тұр.

Анасы –қыпшақ қызы. Оғыз-қыпшақтар -қазақтардың  арғы аталары болып саналады. Рашид әд-Дин «Жамиғ Ат-Тауарих» атты тарихи шежіресінде Қорқыт Атаны қайы тайпасынан шыққан десе, Әбілғазының «Түрік шежіресінде» оның тегі баят екендігі, оғыздардың елбегі болып,  95 жасқа келіп қайтыс болғандығы айтылады.  Әбілғазы ханның айтуынша «Қорқыт оғыз-қыпшақтардың арғы атасы, оғыз ұлысынан шыққан сәуегей, ақылшы, кеңесші. Ол оғыз заманында үлгі айтып, билік құрған, дана әрі данышпан кісі болған».В.В.Бартольд пен В.М.Жирмунский: «Қорқытты қадірлеудің Сырдария жағасында мың жылдық өнегесі бар»- деген. [2.113] Ә.Қоңыратбаевтың зерттеулерінде Қорқыт ата                     ХІ  ғасырдың басында дүниеден өткен делінсе, Ә.Марғұланның еңбектерінде ол ҮІІ – ҮІІІ ғасыр аралығында өмір сүрді деген пікір айтылады.