«Әділеттілік- адамның рухани арқауы»
Сабақтың тақырыбы: «Әділеттілік- адамның рухани арқауы»
Сабақтың мақсаты: Студенттерге әділеттілік және әділдік туралы түсінік беру, осы қасиеттерді күнделікті өмірде қолдануға үйрету;жетелеуші сұрақтар, ойындар ойнату арқылы студенттерге ойлау
қабілетін, сөздік қорын дамыту; студенттерге әділетті болуға, әділ шешім айтуға тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап,тест.
Барысы: I Ұйымдастыру кезеңі.
II Негізгі бөлім.
2.Талдау сұрақтары.
- Әкесі ұлдарына қандай сауал қойды?
- Әкесі кенже ұлына не үшін мұрасын табыс етті?
- Әкесінің өз мұрасын кенже ұлына беруі әділеттілікке жата ма?
- Сенің өмірің туралы заң
5-бап. Басқаны қинауға, оған қатал қарауға, кемсітуге және
ренжітуге ешкімнің құқығы жоқ.
12-бап. Біреудің атына кір келтіруге, жеке басының тіршілігіне
араласуға, рұқсатсыз үйіне кіруге, жазысқан хаттарын оқуға
ешкімнің құқығы жоқ.
19-бап. Әрбір адам өз пікірі болуына және ойындағысын еркін
айтуға құқықты.
26-бап. Сенің мектепке баруға, ақысыз оқуға және мамандық
алуға құқығың бар.
4.Ой тұжырым
Әділетті болу деген, ешкімнің сөзіне
еліктемей, шындыққа сүйене отырып,
ешқандай жағдайларға қарамастан, дұрыс,
адал көзқараста болу.
Әділ болу деген — өзінің де, өзгенің де сөзін
қорғай білу.
- Шығармашылық тапсырма
1.Сенің інің мен қарындасың бар. Сен
қарындасыңа ылғи кәмпит бересің, ал ініңе
бергің келмейді. Неге? Осы әділ ме?
- Сен сабаққа дайын емессің, бірақ оның
белгілі бір себептері бар. Мұғалім саған
жаман баға қойды. Бұл әділ ме? Әділ екеніңді
қалай дәлелдеуге болады?
6.Нақыл сөздер
- Әділет тілесең, атаңның болсын айыбын айт.(М.Әуезов)
- Алдыңа келсе, әділдігіңді аяма- аймағың кетпес алдыңнан. (Ы. Алтынсарин)
- Әділдік жоғалған кезде адамдар өмірін мәнді ететіндей ештеңе де қалмайды.
(И. Кант)
7.Тексеру тесті
“Адамды әділетті деуге бола ма, егер…..?”
а) Сыныптағы балалардың бәрі бір балаға жабылып,
ызаландырып тиіссе,…
ә) Басқалар туралы ешқашан жаман пікір айтпаса,…
б) Ненің жаман, ненің жақсы екенін айыра білетін болса,…
в) Әлсізді біреу ренжітіп жатқанда, оған ара түспесе,…
г) Әрқашан өзінде барды тең бөліссе,…
ғ) Жіберген қателігіне лайықты жаза алуға дайын болса,…
III “ Адамды әділетті деуге бола ма, егер…..?”
а) Сыныптағы балалардың бәрі бір балаға жабылып,
ызаландырып тиіссе,…
ә) Басқалар туралы ешқашан жаман пікір айтпаса,…
б) Ненің жаман, ненің жақсы екенін айыра білетін болса,…
в) Әлсізді біреу ренжітіп жатқанда, оған ара түспесе,…
г) Әрқашан өзінде барды тең бөліссе,…
ғ) Жіберген қателігіне лайықты жаза алуға дайын болса,…
IV «Біз не үйрендік?»