Білімді ұрпақ — жарқын болашақ кепілі

Білімді ұрпақ — жарқын  болашақ  кепілі

Еліміздің өркениетті алпауыт мемлекеттерден қалыспай, тең қадам басуы үшін болашақтың тұтқасын ұстар білімді ұрпақ тәрбиелеу – бүгінгі күннің міндеті. Елбасы осындай жан-жақты дамыған білімді, елжанды, еңбекқор, өзінің атқарған ісіне жауапкершілікпен қарауды азаматтық парызы санайтын ұрпақ тәрбиелеуді білім беру саласы қызметкерлеріне жүктеді. Бұл үшін мемлекет тарапынан барлық жағдай да жасалуда.

Елбасымыздың  «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты жолдауының басты мақсаты – Қазақстанның ең дамыған 30 мемлекеттің қатарына қосылуы. Ол – «Мәңгілік Қазақстан» жобасы, ел тарихындағы біз аяқ басатын жаңа дәуірдің кемел келбеті. Жасампаз Жолдаудың басты бағытының бірі – білім саласы. ХХІ ғасырда қоғам мен мемлекет дамуының басты тетігі білім беру болып отыр. Рухани, мәдени саламыздың нығаюына, адами қасиеттердің жоғарылауына, жеке адамның сапалық ерекшелігінің өрлеуіне білімнің ғана құдіреті жететіні күннен күнге айқындалып келеді. Әрбір елдің өркендеуі, тұғырының берік болуы да білімге келіп тіреледі.  Заңғар  жазушы М.Әуезовтің сөзімен айтар болсақ, «Халықпен халықты, адам мен адамды теңестіретін білім» болмақ.

Жоғарыда  айтып  өткеніміздей, Елбасының сындарлы саясатының арқасындадамып  келе  жатқан  білім саласы жылдан жылға жақсы нәтижелерге қол жеткізуде. Сапалы  білім мен саналы  тәрбие  бере  алған  білім  ордаларының  түлектері қоғамның дамып өркендеуіне  өз  үлестерін қосуда. Соның  бір  айғағы Манғыстау облыстық техникалық және  кәсіптік  білім  берудің  оқу — әдістемелік  кабинетімен Қайнар  колледжінің  ұйымдастырумен 28 ақпанда өткен «Білім  беру  мекемесінде  жастарды конфессияаралық және этносаралық толеранттылықта  тәрбиелеу»атты  студенттік  ғылыми-тәжірибелік конференцияға  қатысып студенттеріміздің  жүлдемен  оралуы.

Конференция мақсаты қоғамдағы толеранттылық  пен конфессияаралық диалогты дамытудағы  қазақстандық жастар  ролін айқындау, түрлі мәдениеттер  мен  діндердің   ұстанатын  жастар  арасындағы  өзара  түсіністік пен ынтымақтастықты нығайту, білім  беру  жүйесінде  жастардың толеранттылығы  мен ұлтаралық  мәдениетін тәрбиелеудің тиімді жолдарын іздестіру. Осы  мақсатта  Бейнеу  гуманитарлық-экономикалық колледжінің  студенттері де өздерін  жаңа  қырынан көрсете білді. Бейнеу  гуманитарлық – экономикалық  колледжінің қазақ тілі мен  әдебиеті пәнінің  оқытушысы  Адилов Серіктің  жетекшілігімен  Тәрбие  жұмысын ұйымдастыру мамандығының  студенті Мухаматдинова  Мөлдір «Мәңгілік тәуелсіз  қазақ  еліндегі  мәңгілік бірлік»  атты ғылыми жұмысы үшін үздік дипломмен  марапатталды. Сонымен  бірге тарих  пәнінің оқытушысы Сазанбаева Ағиланың жетекшілігімен дайындалған «Жас ұрпақтың толеранттылық  пен ұлтаралық мәдениетін  тәрбиелеуде мектепке дейінгі  мекемелердің, мектептің, жанұяның, үкіметтік  емес мекемелердің өзара  байланысы» атты ғылыми жұмысы үшін Сұлтанмұратова Айдана үздік дипломмен марапатталса, физика пәнінің оқытушысы Мектепова Лизаның  жетекшілігімен «Жастар  ортасында  толеранттылық  идеясын дамыту» тақырыбында ғылыми жұмысы Алғыс хатпен марапатталды.

Осындай  мол  жетістіктермен  оралған студенттерімізге, колледж  ұжымына алдағы  уақыттарда  да  білім, ғылым  салаларында  мол  табыстарға  жете  берулеріне  тілестеспін