«Жаңа технологияларды қолдана отырып, биология сабағында үлгерімі төмен оқушылармен жасалатын жұмыс түрлері»

«Жаңа технологияларды қолдана отырып, биология  сабағында үлгерімі төмен оқушылармен жасалатын жұмыс түрлері»

 

 

Мақсаты:Үлгермеуші оқушыларды анықтау және оның түзету жолдарын қарастыру.

Білім беру – жекелеген құбылыс немесе дағды емес, ол оқушылардың оқуға қабілетін жақсартуға мүмкіндік беретін педагогикалық тетіктердің біртұтас кешені деп айқындалған. Бағдарлама жалпы алғанда әлемдік дәрежеге жету мақсатын көздей отырып, жаңаша қырда қолданылатын технологияларды тиімді пайдалану.

Қазіргі кезде білім беру жүйесінде оқушының дамуындағы оның үлгерімінің үлкен мәні бар. Баланың жеке басын жан-жақты дамытуға бүгінгі таңда білім беру саласындағы оқу процесіндегі оның үлгерімі негізгі роль атқарады. Мектепте оқушылардың оқу мен тәрбиелеу бағдарламалары және жағдайлары бірдей болғанмен, білімді игеруде барлығы бірдей емес. Оқушылардың үлгерімінің көрсеткіштері, оқу міндеттеріне қатынасы, тәрбиелері, даму деңгейлері әртүрлі болып келеді. Білім беру орындарында оқушыларды тәрбиелеу мен оқыту бойынша қоғам мен мемлекеттің алдында, олардың үлгермеушіліктерін уақытылы жою міндеттері тұр. Олардың көптеген себептері болуы мүмкін.

Мұғалім өзінің пәнін жетік білуі керек. Біліктілігі жоғары, жан –жақты іздену, жұмыс түрлерін түрлендіруі, сабақты қызықты өткізу керек сонда оқушылардың пәнге үлгермеушіліктері азайып немесе мүлдем болмайды. Барлығы мұғалімнің шеберлігімен, оқушының қызықғушылығына байланысты.

Психолог ғалым А.М.Гельмонт оқудағы үлгермеушілік себептерді оның категорияларына байланысты бөлуді міндет етіп қойған. Ол оқу пәндерінің саны мен үлгермеушілік тұрақтылығына байланысты үлгермеушіліктің 3 түрін бөліп көрсеткен.

  1. Жалпы және тұрақты үлгермеушілік — ұзақ уақыт бойы барлық немесе көптеген пәннен үлгермеу.
  2. Жекелеген, бірақ салыстырмалы тұрақты үлгермеушілік – бұл бір немесе екі үш қиын пәндерден үлгермеу.
  3. Эпизодтық тұрғыдағы үлгермеушілік – бірде жеңіл пәннен бірде екінші пәннен үлгермей қалу.

I категория себептері ретінде: оқушының алдыңғы дайындығының төменгі деңгейі әр түрлі себептерге байланысты қолайсыз жағдайлар (дене кемістіктері, ауру, тұрмыс жағдайының нашарлығы, ата-ананың қамқорлығының жоқтығы); оқушы тәрбиесінің жетіспеушілігі (жалқаулық, тәртіпсіздік); ақыл – ойының дамуының әлсіздігі.

II категория алдыңғы сыныптардағы кемшіліктер, оқылатын пәнге деген оқушының қызығушылығының жетіспеушілігі, оқудағы қиындықтарды жеңуде ерік әлсіздігі;

III категория дұрыс оқытпау, оқудағы бақылаусыздық, сабаққа дұрыс қатыспау, сабақтағы зейінсіздік, үй тапсырмаларын жүйелі орындамау.

  1. Ең алдымен балаға зерттеу жүргізу керек

Оқу үлгерімін тежейтін қиындықтар мен кедергілер

Оқу үлгерімін тежейтін себептер өте көп, олардың ішінен негізгі жеті кедергіні атап өту орынды.

  1. Іс-әрекеттің табиғи қарқыны.
  2. Регресс.
  3. Антиципация.
  4. Артикуляция.
  5. Көрудің кеңістігі.
  6. Зейіннің деңгейі.
  7. Жады.

Аталған себептердің әрқайсысы оқу қарқынына әсер етеді. Сондықтанда мұғалімнің міндеті үлгерімі төмен оқушылармен жекелеген жұмыстарды жүргізуі қажет.

Биология пәнініен үлгерімі төмен оқушылармен әр түрлі жұмыс жүргізуге болады. Топтық жұмыс, жұптық жұмыс, жеке дара жұмыс түрлерін жүргізу арқылы оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын ояту керек. Жаттығулардың түрлері өте көп, сол жаттығулардың түрлерін орындату арқылы білім сапасын жоғарлату қажет. Биология сабағы ауысша сабақ болғанымен кейбір күрделі тақырыптарды балал көз алдына елестете алмайтын тақырыптарда кездеседі.

  1. Сондықтан ең алдымен тапсырамаларды меңгере алатындай, сұрақтарға дұрыс жауап іздей алатындай етіп қою керек. Сол кезде сабақ күтілген нәтижеге қол жеткізеді.
  2. Мұғалім оқыту кезінде билік жүргізу әдісінен арылуы керек.
  3. Оқыту үрдісі кезінде сабақтағы басты тұлға білім беретін мұғалім

емес, осы білімді қызыға қабылдауға дайын оқушы болуы тиіс.

  1. Балалардың оқуға деген ынтасын күшейту керек
  2. Өз дербестігін, белсенділігін дамыту қажет.
  3. Оқу, дамыту жұмысын ұтымды жүргізу үшін баланың табиғи талабын,

қасиетін дер кезінде айқындау керек.

  1. Үлгерімі төмен оқушылармен деңгейлік тапсырмалардың жеңіл түрлерін өткізуге болады. Оқушылардың үлгерім деңгейінің төмен немесе жоғары болуына мұғалімнің жауапкершілігі мол.

А) Оқушылардың қызығушылығын ояту үшін Бірінші,  тренинг өткізерде сыныптың көңіл күйін білу. Егер оқушылар шаршаңқы көрінсе, көңіл көтеретін тренинг өткізу. Себебі, балалар шаршап отырғанда сабаққа белсене ат салыса алмайды. Мысалы, түрлі билер, гимнастика т.б.

Ә) Жаңа сабқатың мақсаты қол жетімді «SMART» (ақылды)   болуы шарт.

  • Сабақты бастар алдында қойылатын сұрақ бала ұғымына сай болуы керек.
  • Бала оны өмірде қолдана білуі керек.
  1. Үлгерімі төмен оқушылармен жасалатын бір жылға арналған жоспар болу керек.

Мақсаты:  пән бойынша игере алмаған тақырыптар негізінде білім, білік, дағдыны қалыптастыру үшін қосымша жұмыс ұйымдастыру, білім сапасын арттыру.

Міндеттері:

1.Еріктілікті дамыту, танымдық қиыншылықты жеңуге баулу;

2.Танымдық қызығушылығын арттыру, пән бойынша білім, білік, дағдыны қалыптастыру;

3.Оқушылардың өздерінің жетістіктерін өздеріне талдатып, өздік бағалау әрекеттерін ұйымдастыру;

4.Өздік бақылауға, тәрбиелеуге жетелеу, жауапкершілікті арттыру.

Үлгерімі нашар оқушыларға арналған

жылдық жұмыс жоспары

(2014-2015 оқу жылы)

 

Жұмыстың түрі МерзіміЖұмыс қорытындысы
1Үлгерімі нашар оқушыларға арналған жылдық жұмыс жоспарын құруҚыркүйекЖоспар
2Өткен оқу жылының негізгі бөлімдері бойынша сынып оқушыларының білімдерін бақылау кесіндісін өткізу.

Мақсаты: а) оқушылардың нақты білім деңгейін анықтау

Б)оқушылардың білімдерінде жылдам жоюды талап ететін кемшіліктерін анықтау

Қыркүйек
3Ағымдағы тоқсанда үлгермейтін оқушының білім алуына кедергі келтіретін жағдайларды анықтау және оларды жою бойынша іс шара жоспарын құру.

 

Қыркүйек
4Әр сыныпта үлгерімі төмен оқушыларға психологиялық мониторинг жүргізуҚыркүйек ББД диагностикасы
5Сабақта жеке жұмысты ұйымдастыру барысында саралау, оқу үлгерімі төмен оқушыға күшейтілген жеке тапсырмаларды енгізуОқу жылы барысындаОқушылардың белсенділігі
6Тақырыптар бойынша оқушыларға дидактикалық материялдар жасақтау есептер, карточкалар дайындап беруСабақ сайынЖинақ папкасы
7Оқушылардың танымдық деңгейіне байланысты деңгейлік тапсырмалдар дайындауСабақ сайынСабақ жоспары

 

Осылайша біздің мектебіміздің биология пән мұғалімдері үлгерімі төмен оқушылармен әр түрлі жұмыс түрлерін өткізеді. Бұл жұмыстар өз нәтижелерін беруде. І тоқсанмен салыстырғанда біраз сыныптарда ІІ тоқсанда білім дәрежесі көтеріледі. Бұл жетістіктер мұғалімнің жұмысының нәтижесі деп ойлаймын. Мұғалім, оқушы, ата-ана әрқашан бірігіп жұмыс атқаруы керек.

Қазіргі инновациялық технологиялар – білім сапасын арттырудың кепілі. Оны өз дәрежесінде пайдалану – оқушыны шығармашылыққа төселдіруге ықпалы өте зор. Оқытудың тиімділігін арттыру үшін өз сабақтарымда жаңа технологияларды қолданамын. Жаңа технологиялардың ерекшелігі – оның оқушыға жан — жақты ықпал етуі. Яғни тек білімді немесе оқу бағдарламасын меңгертіп қоймай, жеке тұлғаның танымдық қабілеттерін, танымдық процестерін (есту, көру), өзін — өзі өзектендіру, бекіту, шығармашылық қабілеттерін қалыптастыру, белсенді сөздік қорын дамытуға, өз бетімен білім алуға, ізденуге деген ықыласы мен іскерлігін, оқу — танымдық ынтасын жетілдіру, әрі жеке тұлғаны жан — жақты дамытуға жетелейді.

Заман талабына сай әрбір ұстаз сабақтарында оқушылардың біліктілігін арттыру үшін оқытудың жаңа әдіс — тәсілдерін кеңінен пайдалану керек деп ойлаймын. Өз біліктілігін көтеру мақсатында әрбір мұғалім кәсіби шеберлігін шыңдап, білімін жетілдіріп отыруы керек.

Сонда ғана өзін — өзі дамыта алатын, өзін — өзі жетілдіре алатын қоғамның белсенді, білімді жеке тұлғасын қалыптастыра алады.

Бәсекеге қабілетті ұрпақ дайындау білім бағдарламасының негізгі мәселесі болып отыр. Ең басты нәрсе — жеке тұлғаның қабілетін ашу. Жеке тұлғаны жан — жақты дамыту арқылы олардың бойынан:
— адамгершілікті, ізгілікті, дүние танымды
— белсенділікті, қабілетті тұлғаны
— жоғары мәдениеттілікті көре аламыз

Сондықтан мұғалім жаңашыл, жан — жақты болу керек.

Қазақстанның білім беру жүйесінің даму деңгейіне кері әсер ететін жайттар баршылық. Дарынды ұстаз К. Д. Ушинский: «Қызығушылығын туғызбайтын оқу бірте — бірте оқушының білімге деген құмарлығын жояды, ал тек қызығушылыққа негізделген оқу оқушының еркін, күш — жігерін тәрбиелемесе мәнін жояды» деген екен.