«Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» эстафеталық ойын
Тақырыбы: «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» эстафеталық ойын
Мақсаты: 1.Салауатты өмір салтын насихаттай отырып эстафета
спорттық ойынын дамыту және спортшылар арасында достық
қарым-қатынасты нығайту.
- Оқушылардың дене дайындығын арттырып, денсаулығын
нығайту.
І. Салтанатты іс-шараның ашылу салтанаты.
1- жүргізуші: Құрметті қонақтар, жарысқа қатысушылар, жанкүйерлер. Бүгін өткізгелі отырған «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» жарысына қош келдіңіздер!
2- жүргізуші:
Салауаттық өмір салтын қолдаймыз,
Жамандықтан жанымызды қорғаймыз.
Денсаулықты жанымызға серік қып,
Болашаққа аманат қып жолдаймыз! –дей келе ортаға қатысушы командаларды шақырамыз.
Спорт алаңына: (музыкалық әуен)
6а, 7а сынып оқушылары «Алау» тобы
6б, 7б сынып оқушылары «Тұлпар» тобы
1-жүргізуші:
Ал енді спорт заңы бойынша қазылар алқасымен таныстырып өтейік:
- Чильменбетова Айгуль Катымтаевна-бастауыш сынып мұғалімі
- Тулемисова Эльмира Бимухамбетовна –ұйымдастырушы-педагог
- Оналбаева Надира Маратовна-деффектолог
Ұйымдастыру кезеңі
Саптағы жаттығулар (бас, қол, бел, аяқ жаттығулары)
Секіру, жүгіру жаттығулары жаттығулары
2- жүргізуші:
Бағдарламадағы ойындар тізбегі бойынша таныстырып өтелік.
- Таныстыру (топтың аты, ұраны, төс белгі, реферат)
- Кім жылдам?(себетке доп тастау)
- Кім мықты? (велосепедпен жүру)
- Кім күшті? (берілген доптарды құлатпай алып жүру)
- Кім епті? (кенгурумен секіру)
- Кім озар? (футбол добын аяқпен алып жүру)
- Кім ер жүрек (ракеткамен шар алып жүру)
- Кім батыр? (арқан тартыс)
1-жүргізуші
Құрметті ұстаздар мен оқушылар! Елбасы Н.Ә.Назарбае «Қазақстан 2050» жолдауында біздің болашақ балаларымыз. Салауатты өмір сүру өз қолымызда. Осы мақсатта біз бүгін «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» эстафеталық жарысын ұйымдастырып отырмыз. Олай болса кезеңдерге көшелік.
І кезең таныстыру кезеңі. Ортаға
6а, 7а сынып оқушылары «Алау» тобы
6б, 7б сынып оқушылары «Тұлпар» тобы
2- жүргізуші:
Шынықсың аяқ,
Қатайсын нық қол.
Жақсы ойын баскетбол
Күштіге жуық бол! -демекші ендігі ІІ кезеңіміз Кім жылдам?(себетке доп тастау) жарысы. Бұл жерде допты себетке лақтыру.
1 жүргізуші:
Көктен түскен жоқ шығар,
Қосылып ду дүбірге.
Биіктерде жанады от,
Доп қуыпта бүгінде,- дей отырып ІІІ кезеңіміз Кім мықты? (велосепедпен жүру) кезеңі. Берілген қаптармен секіріп өту..
2 жүргізуші:
Ал ендігі ІҮ кезеңімізді бастайық. Кім күшті? (берілген доптарды құлатпай алып жүру) сайысы. Бұл сайыста үш баскетбол добын кеглилардың арасымен алып жүру керек.
1 жүргізуші:
Ендігі Ү кезеңіміз Кім епті? (кенгурумен секіру). Әр оқушы өзіне берілген тапсырманы орындау керек. Берілген заттарды, себетке жинақтау.
2 жүргізуші:
Ендігі ҮІ кезеңіміз Кім озар? (футбол добын аяқпен алып жүру). Әр оқушы өзіне берілген тапсырманы орындау керек. Допты қолмен ұстамай, аяқпен алып жүруі керек.
1 жүргізуші:
Ендігі Ү кезеңіміз Кім ер жүрек? (ракеткамен шар алып жүру). Әр бір оқушы шарды жерге түсірмей, уақытылы шарды мәреге алып келуі керек.
2 жүргізуші:
Ендігі ҮІ кезеңіміз Кім батыр? (арқан тартыс). Бұл сайыста барлық оқушы арқанды дұрыс ұстай арқылы арқанды тартуы керек.
1 жүргізуші:
Ал, спорт сүйер қауым, асыға күтіп отырған боларсыз, бүгінгі сайысымыздың жеңімпаздарын анықтауды қазылар алқасына тапсырайық. Қорытынды сөз.