Жоғары сынып оқушыларының дене тәрбиесінің ерекшеліктері

Жоғары сынып оқушыларының дене тәрбиесінің ерекшеліктері

 

Жоғары сынып оқушыларының қатарына 9 – 11 сыныпта оқитын 16 – 18 жастағы оқушылар жатады. Осы жастағы оқушылардың дене тәрбиесі міндеттері төмендегідей:

 

  • Денені мақсатты түрде жан – жақты, үйлесімді дамыту; дене тәрбиесі жаттығуларын, гигиеналық және сыртқы әсерлерін денсаулықты нығайтуға қолдану іскерлігін, қобалжуға (стресс) қарсылық мүмкіншіліктерін қалыптастыру; жоғарғы денсаулық деңгейінің, жан – жақты дене қуаты дайындығының қазіргі қоғамға да, өзі үшін де қажет екеніни саналарында қалыптастыру;
  • Негізгі базалық спорт түрлері (жеңіл атлетика, гимнастика, спорттық ойындар, шаңғы тспорты, суға жүзу) жаттығуларын ары қарай үйрену, жетілдіру, жоғары қимыл ептілігіне дейін меңгеру;
  • Дене қуаты қасиеттерін, күшті, күш – жылдамдығын, төзімділікті, икемділікті, қозғалыс әрекеттерін тез басқадай құра алуептілігін, ағзаның тез қалпына келе алу қабілеттілігін т.б. қасиет, қабілеттерді ары қарай дамыту;
  • Қозғалыс белсенділігінің, спорттық жаттықтырудың заңдылықтары туралы, д.т.жаттығуларының келешек өмірлеріндегі еңбек етулеріне, әскер қатарында болатын кездеріндегі, әке – ана қызметтерін орындайтын кездеріндегі маңызы туралы, білім негіздерін қалыптастыру;
  • Д.т.ж/мен, өздерінің айналысып жүрген спорт түрлерімен тұрақты , жүйелі жаттығу әдеттері мен дағдыларын қалыптастыру, бекіту;
  • Өнегелілік, көпшілдік, өмірге дұрыс көзғарас, өзін – өзі бақылай білу қасиеттерін қалыптастыру, алдыға қойған мақсатқа ұмтылушылық, өзіне сенімділік, шыдамдылық, ұстамдылық, сабырлық қасиеттерін дамыту;
  • Тұлға ретінде псехикалық және өзіндік қасиеттерін ары қарай дамытуға көмектесу, псехикалық өзін – өзі реттеу негіздеріне үйрету.

 

Жоғары сынып оқушыларының дене   дамуының ерекшеліктері. Жоғары сынып жасындағы оқушылардың дене өсуі мен дамуы үрдісі біртіндеп ары қарай жалғаса береді. Оқушы ағзасының мүшелері мен жүйелері бірқалыпты жағдайда дами береді. Жыныстық жетілу осы кезеңде толық аяқталады. Осы жас кезеңінде бойларының өсуі ақырындап, кеуде кеңдігі,  дене салмағы көбірек өсе бастайды. Жасөспірім ұл балалар қыздарды бой және салмағы жағынан қуып жетіп асып кетеді. Олардың бойлары қыздардан  10 – 12 см биік, салмақтары  5 – 8 кгартық болады. Олардың жалпы дене көлемімен  салыстырғандағы бұлшық ет көлемі қыздардікіне қарағанда  13% көп, ал тері астындағы май тканы 10% аз болады.  Жасөспірім ұлдардың қыздарға қарағанда кеуделері қысқа, ал аяқ, қолдары ұзын болып келеді.

 

 

Жоғары сынып оқушыларының негізгі сүйектері өздерінің өсіп болу, қатаю кезеңдеріне келе бастайды. Атап айтқанда 18 жаста, топқан жілік немесе иық сүйектері 20 – 25 жаста қатаяды. Кәрі жіліктің қатуы  20 – 25 жаста жігіттерде, 17 – 20 жаста қыздарды аяқталады.  Шынтақ  сүйегінің өсуі жігіттерде 18 – 20 жаста аяқталады, бой жеткендерде сәл ерте қатады. Балалар мен жастардың аяқ киімдерінің өкшесі  1,5 – 2 см  болғанда табан күмбезі жақсы болып,  табан еттері мен  сіңірлері жақсы дамиды. Осы кезеңде сүйектері қатайған жастар ағзасы үлкен жүктемелерді төзімді қабылдайды және бұлшық еттерінің күші мен төзімділігін дамытуға тиімді уақыт.

15 – 17 жас кездерінде оқушылардың сыртқы ортаны танулары толық қалыптасады. Ойлау қызметтері жоғары деңгейге көтеріледі. Олардың қозғалыс құрылысын түсіну қабілеттілігі жоғарылайды.  Кеңістік, уақыттық қимыл әрекеттерді жекелей ұғыну, дәл қайталау, бүкіл қозғалысты тұтас орындау мүмкіншілігі қалыптасады.

Жоғраы сынып оқушыларының алдыға қойған мақсаттарға жетуге ұмтылушылығы, қажырлылығы, шаршаған, болдырған кездерде шыдау қабілеттіліктері секілді ерік – жігерлік қасиеттері пайда бола бастайды. Бірақ олардың басқа мектеп жасындағы оқушыларға қарағанда дене қуаты қасиеттері даму пайыздары азырақ болады.

 

Дене тәрбиесі әдістемесінің ерекшеліктері. Жоғары мектеп жасында дене тәрбиесі сабақтары қыздар мен ұлдар арасында бөлек жүргізіледі. Олардың ағзаларының анатомиялық, физиялогиялық және психологиялық өзгешеліктері, ерекшеліктері дене тәрбиесі жаттығуларын үйрету, дене қуаты қасиеттерін дамыту амалдары мен әдістерін әр түрлі түрде таңдауды, жүктемені әр түрлі беруді, сабақты бөлек ұйымдастыруды талап етеді.

Қыздарға қарағанда жасөспірім жігіттердің жүктеменің көлемі мен қарқынын ұзақ, жоғары деңгейде орындауларының функционалдық  мүмкіншіліктері көп. Олар үлкен жүктемелерді жүрек соғу жиілігі аз, қан қысымы жоғары жағдайда орындайды. Осы жүктемелерден кейінгі ағзаның қалпына келуі қыздарға қарағанда жас жігіттерде аз уақыт алады.

Жоғары мектеп жасындағы оқушыларға сабақ бергенде ең алдымен күш, күш жылдамдығы жаттығуларына, күш төзімділігіне, аэробты төзімділікке көп көңіл аудару қажет. Қимыл үйлесімділігі қабілеттілігін дамыту жаттығуларының арасынан қимыл әрекетті тез, басқаша құра алу, тепе – теңдікті ұстай, бұлшық еттерді босаңсыта білу жаттығуларына назар аударса дұрыс болады.  Жоғары сынып жасындағы оқушылармен  өткізілетін дене тәрбиесі сабақтары көбінесе жаттықтыру түрінде жүргізіледі. Жаттығуларды ойын әдісімен орындаулар азайтылып, сабақтарда көбінесе  жарыс әдістері қолданылады. Осы жас кезеңінде олардың дене құрылыстарын, дене қуаты және техникалық дайындықтарын ескеріп, жеке тапсырама әдістерін көбірек қолданамыз. Қосымша жаттығулар беру арқылы олардың жаттығулар техникасын тез меңгерулеріне, дене қуаты қасиеттерін дұрыс деңгейде дамытуларына көмектесеміз.

Мектеп бағдарламасындағы оқу материалдарын үйрену және меңгеру дұрыс ойластырылып, сабақтар бір – біріне байланысты, сабақтасты болып жүргізілуі қажет.