Әкем, шешем және мен

Тақырыбы:  «Әкем, шешем және мен»

Мақсаты:    Ата — ананың  мектеппен тығыз байланысын арттыру. Баланы

халықтық педагогика негізінде тәрбиелеу. Мұғалім мен ата –

ананың бірлескен жұмысын нығайту.

Көрнекілік: Нақыл сөздер, мақал — мәтелдер, суреттер, қол өнер бұйымдары. Сабақтың жоспары: 1.Мен және менің отбасым

2.Ұрпағын тек деп өсірген

3.Отбасы және өнер

4.Бала тілі-бал

5.Ата-баба дәстүрі асыл қазына

6.Аталар айтқан асыл сөз

Кіріспе сөз. Қош келдіңіздер,құрметті ата-аналар!

Сәлем,ата –алтын күн

Сәлем, қарты халқымның!

Бақытты балғын балалар

Ашық болсын  күніңіз

Жайнай берсін жүзіңіз,-дей келіп,

«Әкем,шешем және мен» деп аталатын тәрбие сағатымызды бастаймыз. Бүгінгі  тәрбие сағатымызға халықтың төл тәрбиесін ұл-қыздарының бойына сепкен ата-аналар мен қадірменді әжелеріміз қатысып отыр.

1.Әр отбасының таныстыруы.

  1. «Ұрпағын тек деп өсірген» бөлімінде ата-аналарға сұрақтар беріледі

тақпақ,ән орындалады.

  1. «Отбасы және өнер» бөлімінде  балалары неге икемді екендігі айтылып,өнерлерін көрсетеді.
  2. «Бала тілі-бал» бөлімінде баланың есте қалған қызық қылығы әңгімеге арқау болса, «Ата дәстүрі –асыл қазына» шарты бойынша отбасылар 1-минут ішінде  10-сұрақтың нешеуіне жауап беретіні сарапқа салынады.
  3. «Аталар айтқан асыл сөз» бөлімінде мақал-мәтелден сайысқа түсті. Яғни, мақалдың басы айтылып, соңын өздері жалғастырады. Олар төмендегілер!

Батамен ел көгерер…(жаңбырмен жер көгерер)

Жанұяға қарап бала өседі….(қарағайға қарап тал өседі)

Өнер білім  бұлағы…(білім өмір шырағы)

Сіз деген әдеп…(біз деген көмек)

Ұл өссе-ұрпақ…(қыз өссе өріс)

Жердің сәні-егін….(ердің сәні-білім)

Дәулетіңнің қадірін ұлың өскенде білерсің….

(абыройдың қадірін қызың өскенде білерсің)

Батыр бір рет өледі…(ез мың рет өледі)

Әдептілік белгісі….(иіліп сәлем бергені)

Жақсыдан үйрен…(жаманнан жирен)

Білекті бірді жығады….(білімді мыңды жығады)

Қына тасқа бітеді…(білім жасқа бітеді)

Еңбектің наны тәтті…(жалқаудың жаны тәтті)

Балапан ұяда не көрсе…(ұшқанда соны іледі)

Әдепті бала –арлы бала…(әдепсіз бала-сорлы бала)

Әке көрген оқ жонар…(шеше көрген тон пішер)

Әдепті бала ата-анасын мақтатар….(әдепсіз бала ата-анасын қақсатар)

Өнер бұлақ…(білім шырақ)

Отбасы мүшелеріне мына сұрақтар қойылып, жауап алынады.

Үш дана.     Абай,Ыбырай,Шоқан.

Тәттімбеттің күйі.   Сарыарқа.

Ұлыс күні жасалатын тағам.  Наурыз көже.

Жеті ата. Ата, әке, бала, немере, шөбере, немене, шөпшек.

Мойынға салатын алтын бұйым.  Алқа.

Қалаға берілетін енші. Бәсіре.

Жүнен жасалатын бұйым. Текемет.

Абайдың пірі. Бекет.

Қырық өтірік айтқан бала. Тазша.

Үш байлық. Денсаулық,ақ жаулық,он саулық.

Төрт түлік малдың жайылымы. Өріс.

Киелі  сандар. 13,7.9.

Жылқы етінен жасалатын тағамдар. Қазы-қарта,жал-жая.

Үш  жұрт. Өз жұрты,нағашы жұрт,қайын жұрт.

Сүйекті пайдаланып ойнайтын ойын.   Ақсүйек.

Қыз ұзатылғанда киетін бас киім.   Сәукеле.

Екі ақынның өнері.   Айтыс.

Мұсылман дінінің пайғамбары.    Мұхамбет.

Ұясы жоқ құс. Көкек.

Төрт  құбыла. Шығыс, батыс, оңтүстік, солтүстік.

Құрманғазының күйі.  Адай.

Сиырдың пірі.   Зеңгі  баба.

Үш  би.    Төле, Әйтеке, Қазбек.

Қазақ әдебиетінің күлдіргіш кейіпкері.  Алдар.

Қазақ ішекті ұлттық аспабы.   Домбыра.

Маңғыстаудағы әулие саны.  362.

Адасқанға бағыт көрсететін жұлдыз.   Темірқазық.

Адайдан  шыққан аты аңызға айналған қыз.  Ақбөбек.

Жыл басы не?.      Тышқан.

Көшпелі қазақтың ұлттық баспанасы.    Киіз үй.

Қуаныш  айғағы ретінде жасалатын салт.  Шашу.

Бала өмірге келгенде  берілетін қонақ асы.    Қалжа.

Үш арсыз не?.   Ұйқы, күлкі, тамақ.

Жылқы  малының атасы.   Қамбар.

Жаңа киімге берілетін жоралғы.   Байғазы.

Ағаштан   жасалған су тасуға арналған құрал.  Иінағаш.

Көшіп келген үйге берілетін қонақасы.     Ерулік.

Сиыр сүтінен жасалатын құрт.   Ежегей.

Түнде ұшатын құс.    Үкі.

Қазақ тарихындағы тұнғыш көркем фильм қалай аталады?                       (Амангелді. 1938 ж.)

Қазақтың ұлы күйшілері.  Құрманғазы, Дина, Тәттімбет, Дәулеткерей.

Қолөнердің қандай түрлері бар. Ұсталық, зергерлік, тігіншілік, етікшілік, тоқымашылық, аспаздық.

Қазақтың ән өнерін шетелге танытқан әнші.   Әміре Қашаубаев.

Абай атамыздың әндері.  Сегіз аяқ, Айттым сәлем, Қаламқас, Көзімнің қарасы, Желсіз түнде жарық ай.

Жылды басынан бастап ата.  Тышқан, сиыр, барыс, қоян, ұлу, жылан, жылқы, қой, мешін, тауық, ит, доңыз

Мемілекеттік әнұранның авторлары.  Ж.Нәжімеденов, Ш.Қалдаяқов, Н.Назарбаев.