Сабақтың тақырыбы: Ж.Смақов «Айтшы әжетай»

Сабақтың тақырыбы: Ж.Смақов «Айтшы әжетай»

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі: Оқушыларды Ж.Смақовтың «Айтшы әжетай» өлеңімен таныстыру және мазмұны мен идеясын меңгерту.


Дамытушылығы: Оқушыларды сауатты ,мәнерлі,әсерлі оқуға баулу.Шығармашылықмен жұмыс істеуге ықпал ету,ойлау шеберлігі мен сөйлеу мәдениетін дамыту.

Тәрбиелігі: Туған жерін қастерлеуге,адамгершілікке,білімділікке тәрбиелеу.Еңбекке баулу.Үлкендердің еңбегін бағалауға,құрметтеуге үйрету.

Сабақтың типі: Жаңа білімді меңгеру

Әдіс –тәсілдері: СТО технологиясының тәсілдері,түсіндіру,сұрақ-жауап.

Көрнекілігі: Интериактивті тақта,слайд.


Пән аралық байланысы:  Дүниетану,музыка,еңбекке баулу.

Сабақтың барысы: Ұйымдастыру:

Психологиялық дайындық:

(Слайд)                         «5» болсын алар бағамыз

Білімнен бақыт табамыз

                                      Өнерменен өрістеп,

Өсе берсін санамыз

Үй тапсырмасымен жұмыс: «Мысық пен тышқандар»

  1. Ертегіні мәнерлеп оқыту
  2. Мазмұнын айтқызу
  3. Тәрбиелік мәнін ұғындыру

Өткен сабақты бекіту:

(Слайд) Өткен сабақ бойынша қысқаша түсінік беріп, жаңа сабақпен байланыстыру.

(Слайд) Сөзжұмбақ шешу:

әже
ата
карындас
аға
немере
  1. Әкеңнің шешесі кім?
  2. Әкеңнің әкесі кім?
  3. Ер баламен бірге туған жасы кіші қыз бала?
  4. Бірге туған, өзіңнен жасы үлкен ер бала?
  5. Ұлдың баласы?

Жаңа сабақ: «Айтшы әжетай»

Сабақтың мақсатымен таныстыру

(Слайд) Мақсаты: Еңбекке баулу. Үлкендердің еңбегін бағалауға,                                            құрметтеуге үйрету.

Белгілі балалар ақыны Жақан Смақов туралы мәлімет

(Слайд) Автор суреті,Ж.Смақов 1932ж Қарағанды облысы,Жаңаарқа ауданы,Ынталы ауылында дүниеге келген.Ж.Смақовтың «Сыйлық», «Қаз-қаз бас», «Жастық сыры», «Ойындар мен жұмбақтар» өлеңдер жинағы басылды.Бұлардан басқа «Біздің атай Түсекең», «Қартаймайтын кісі екен», «Менің бөпем», «Ғажайып бұлттар», «Саяхат» деп аталатын сурет кітапшаларын бастырды.

Нақыл сөздермен жұмыс:

(Слайд)

Ата –асқар тау.

Ана-бауырындағы бұлақ,

Бала –жағасындағы құрақ.

Нақыл сөздің мағынасын түсіндіру.

Ой  қозғау: Осы нақыл бойынша қандай сурет салуға болады?

(Слайд) Тау,бұлақ суреті

Оқулықпен жұмыс:

«Айтшы әжетай»

(Слайд) Әже мен бала

Ж.Смақовтың «Айтшы әжетай» өлеңін мәнерлеп оқу.

Мазмұнын түсіндіру

А) Іштей оқу

Ә) Тізбектей оқу

Дәптермен жұмыс:

Ақтабан-белгілі бір аттың жеке аты.

Қаракөл қойы-қойдың түрі

(Слайд) Сергіту сәті:

Қорбаңдаған аюдың

Құлпынайы көп екен

Теріп-теріп алайық

Қалтамызға салайық

(Слайд) Кестемен жұмыс:

Туыстық атауы                                                                Мамандығы
Атасы                                                                               Тәрбиеші

Нағашысы                                                                        Монтер

Жеңгесі                                                                             Жылқышы

Ағасы                                                                               Сауыншы

Жиен ағасы                                                                      Құрылысшы

Апасы                                                                               Егінші

Жездесі                                                                             Қойшы

Туыстық атауларын үлгі бойынша топтастыр.

Ауызша: Әке жағынан туыс                                    Шеше жағынан туыс

Оқушыларға сөйлету

Топтық жұмыс:

1-топ Өлеңнен  туыстық қатынастарды білдіретін сөздерді теріп жазу.

2-топ Ұлттық тағам түрлерін ата,жаз

3-топ Мамандық атауларын жаз

Сабақты бекіту:

Өз туыстарың мен жақындарыңның мамандықтары туралы әңгімеле.

Біз не үйрендік?

Оқушыларды бағалау

Үйге тапсырма: «Айтшы әжетай» мәнерлеп оқу.