Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілетін дамыту

Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілетін дамыту

Бастауыш сынып- оқушысы тұлғасы мен санасының дамуы қуатты жүретін, ерекше құнды қайталанбас кезең.  Сондықтан бастауыш білім- үздіксіз білім берудің алғашқы басқышы, қиын да жауапты жұмыс.  Бастауыш мектеп балаға белгілі бір білім беріп қана қоймай, оны жалпы дамыту, яғни сөйлеу, оқу, қоршаған орта жөнінде дұрыс көзқарас қалыптастыру, талдау жасауға үйрету, ойын дұрыс айтуға, салыстыра білуге, дәлелдеуге, сөйлеу мәдениетіне үйретеді. Дамыта оқытудың ең басты мақсаты- баланы оқыта отырып, оны шығармашылық бағытта жан-жақты дамыту. Оқушылардың шығармашылық қызығуын ояту, ана тіліне сүйіспеншілігін  қалыптастыру өте маңызды іс. Мұндай іс мұғалімнен көп ізденуді талап етеді.  Шығармашылық дегеніміз- адамның өмірінде өзін-өзі таңуға ұмтылуы, өз бетінше ізденуі. Өмірде дұрыс жол табу үшін адам дұрыс ой түйіндеп, өздігінен сапалы дәлелді шешімдер қабылдай білуге үйренуі керек.

Шығармашыл адам жаңашыл, ізденімпаз болады, алдына қойған мақсаттарын жүзеге асыру барысында кездескен кедергілерді жеңе алады, үздіксіз ізденіп отырады. И. Д. Левидовтың пікірінше, оқушылардың шығармашылық қабілеттері деп іс-әрекет қорытындысында жаңа бір нәрсені үйренулері және оқушылардың даралық бейімділіктерінің, қабілеттерінің, тәжірибелерінің көрінуі болып табылады. Оқушылардың шығармашылық қабілетін танып білу үшін олардың қабілет деңгейін әр алуан болатынын ескеру керек. Қабілетін анықтау үшін психологиялық тесттер қолдануға болады. Көптеген психологтар оқушылардың жасы өскен сайын нерв жүйелерінің мүмкіндіктері кеңейіп, қалыптастырып отыратындығын, бірақ оқушының дамуы үшін ең қажетті,  құнды қасиеттерінің біртіндеп жоғалып отыратындығымен түсіндіре отырып, бала қабілеттерінің дамуы үшін ең қымбатты кезеңді тиімді пайдаланып алуға асығу керектігін ескертеді. Бастауыш сынып оқушыларының жас ерекшеліктеріне сай зейіні тұрақсыз, қабылдау мүмкіндіктері де әр алуан болады.

Бейімділік – бұл адамның белгілі бір іс — әрекетпен айналысуға бет бұрысы, оған көңілінің аууы, оянып келе жатқан қабілеттің алғашқы белгісі. Сондықтан да біздінше, балалық кезде ерекше көзге түсетін бейімділіктердің келешекте олардың қабілеттерінің көрсеткіштері екенін ескеріп, оқушылардың бейімділіктерін дер кезінде көре біліп, оларды соған сәйкес қабілеттерді дамыту біздің міндетті борышымыз екенін ұмытпауымыз керек.

Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілеттерін дамыту жөнінде И.П.Волновтың айтқан пікірі өте құнды. Ол балалардың әр саладағы қабілеттерін айқындау, дамытуға қажетті, тиімді жағдай туғызуы, бірінші сыныптан бастап балалардың қабілеттерін, бейімділіктерін дамытатын дербес, өздігінен орындайтын шығармашылық тапсырма жүйесін құру, оны сыныптан тыс жұмыстар арқылы да жүзеге асыруға болады дейді. Сондықтан да бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық жұмыс қабілеттерін олардың өз беттерімен меңгерген білімдерін, іскерліктерін, дағдыларын пайдалана отырып, өздеріне бұрыннан белгісіз жаңадан бір нәтиже алуы деп түсінеміз.

Оқушының шығармашылықпен айналысуына қоршаған ортасы, ата – ана, мектеп қолайлы жағдай туғызуы керек. Мұғалімнің міндеті шығармашылық бағыт – бағдар беріп отыру. Шығармашылықпен жеке дара оқушы емес, сыныптағы барлық оқушылар айналысу үшін мүмкіндік керек. Мұндай іске белгілі бір тақырыпта пікір – сайыстар өткізудің маңызы зор. Күнделікті сабақта өтілген тақырып бойынша оқушының ойын білу, сол тақырып бойынша көзқарасын білдіруі, шығарманы талдауы – шығармашылық қабілетті арттырудың бір жолы. Шығармашыл қабілетті дамытуды ең алдымен, қарапайым нәрселерді суреттей білуден бастаған жөн. Бала күнделікті өмірде өзі көріп жүрген оқиғаларды баяндай білуі, оған өз түйсігімен қарап, өд жүрегімен сезініп, ішкі жан дүниесіндегі тебіреністі әңгімелей білуге үйрету керек.

Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытуда логикалық тапсырмалардың да маңызы зор. Логикалық тапсырмалар оқушыларды белсенділікке тәрбиелеуге, өз бетінше іздене білуге дағдыландыру, икемділік пен шеберлілікке баулу мақсатында пайдаланылады.

Бастауыш сыныптағы оқытудың мазмұнында ерекше орын алатын пән – ана тілі. Ана тілін үйрету – сөздерді түсініп, меңгеріп оқу, жаттау, олардың жүйесін, өзгеру заңдарын білу ғана емес, тіл үйрену мен қатар, бала сансыз көп ұғымдарды, ойларын, сезімдерін, сұлу үлгілерін, ойлау жүйесін де меңгереді. Оқушылардың шығармашыл қабілеттерін әр түрлі әдіс тәсілдерін қолдана отырып арттыруға болады. Олар мынадай:

  1. Тақырыпты мазмұнына қарай жинақтау;
  2. Арнаулы бір тақырыпта пікірталас тудыру;
  3. Логикалық ойлауын дамытатын ойындармен берілген тапсырмаларды шешу (анаграмма, сөзжұмбақ, ребус, құрастырмалы ойындар, т.б)
  4. Әңгіменің ұқсастығын салыстыру, бөліктерге бөлу, ат қойғызу;
  5. Қиялдау арқылы сурет салғызу, рөлге бөліп оқыту;
  6. Мәтін кейіпкерлеріне мінездеме беру;
  7. Ой шапшаңдығын, сөз байлығын дамытуда өлең шумақтарын құрастыру;
  8. Мәтін, ертегі, әңгімені өз бетінше аяқтау.

Осындай әдіс – тәсілдерді үнемі жүргізу оқушыларды шығармашылыққа баулуға, шәкірт бойындағы қабілет көзін ашып, тілін байытуға, қиялын ұштауға, өз бетінше ізденуге зор әсерін тигізеді. Бала бойындағы қабілетті ашу – оқушыны шығармашылық бағытта дамуына жете мән беруі болып табылады.

Бала мен мұғалім арасындағы қарым-қатынастағы сезім байланысын орнатып, үйлесімділікке қол жеткізуге  Ш. Амонашвалидің мұғалімдерге берген кеңесін берген кеңесін де басшылыққа алуға болады. Ол: «Педагогикалық процесте баламен тіл таба білу, яғни балаға өз ойын, талғамын, көңіліндегісін айтуға мұрсат беру тәрбиешіден көп шеберлікті талап етеді. Осынау қарым-қатынаста бала жанының қозғалысы ұстаз жанының қозғалысымен үйлесім тапқан кезде бала өз бойындағы табиғи дарынын ашады, ал мұғалім өзінің шығармашылық жігер қуатының жемісін көруге мүмкіндік алады. Басқаша айтқанда, бала шығармашылығы мұғалім шығармашылығымен ұштасып кетеді. Мұндай жағдайда рухани тұтастық пайда болады» — дейді.

Шығармашылықпен айналысқан оқушының ойы жүйрік, тұғыры биік азамат болып қалыптасады. Ана тілімен қатар қазақ тілі сабағы да сөзбен жүргізілетін жұмыс сөздерді байланыстырып сөйлеуге, әңгіме айтуға, шығарма жазуға көмектеседі. Сөздік жұмысы оқушыны бір жағынан ойлауға жетелесе, екінші жағынан қызығушылығын оятып, шығармашылық қабілетін арттыруға, белсенділікке ынталандырады. Мысалы:

  1. Берілген сөздердің ішінен солдан оңға қарай оқығанда жаңа сөз шығатын сөздерді теріп жаз:

Қыран          қала       Дархан

Мұз              бұлақ    есек

Қысым         сүт        киім

 

  1. «Ал» буынынан басталатын бірнеше жеміс атауларын жазып, төрт сөйлем құра
  2. Қандай сын есім жазылғанын табыңдар:

Зықыл      рыса

Ыңқыл     ікби

Анжу        рат

 

Бұл жұмыстар оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытуға зор үлесін тигізеді.

Қорыта келгенде, бастауыш сыныптың қай пәнінде болсын оқушылардың танымдық шығармашылық қабілетін дамыта оқыту олардың сабаққа деген қызығушылығын оятып, ойын, ынтасын, дамыта түседі. Мұғалім өз сабағын шығармашылықпен өткізе алса, өзінің білімін сарқып жұмсаса, үнемі ізденіс үстінде болса, шәкірттерді анасындай аймалап жүрек жылуын бәріне бірдей шаша білудің қорытындысы- бағбанның жақсы ағаштан жиған сапалы жемісі іспеттес.

Бүгінгі күннің мұғалімі – шығармашылық адамы. Ол қанша ізденсе, болашақ ұрпаққа соншалықты сапалы білім бермек. Ендеше мұғалім күш- қуатын көңіл- күйін әрдайым жоғары көтере білсе, сонда сабақ беру сапасы арта түсіп, еңбегі жанады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

 

12 жылдық білім журналы №6 – 2007, №10-2008

 

  1. Бастауыш мектеп журналы 2003-2007ж

 

  1. Ш. Амонашвали. Мектепке алты жастан.

Педагогикалық ізденіс – Алматы: Рауан 1990ж

 

 

Б. Қ. Игенбаева «Адамгершілік сабақтары»