Инновациялық технологиялардың бастауыш мектептегі білім сапасын арттырудағы маңызы
Инновациялық технологиялардың бастауыш мектептегі білім сапасын арттырудағы маңызы
Қазақ жұртшылығын толғандыратын өзекті мәселелердің ең негізгісі – еліміздің болашағы. Еліміздің өркен жайып кеңге сермеуі үшін басты мәселе жас ұрпақтың білімді де тәрбиелі болып жетілуі екені белгілі.
ХХІ ғасыр мектебін көптеген қиыншылықтарға қарамай өркендету, оның сапасын арттыру – біздің басты міндеттеріміз.
Мектеп – келешек ел басқарар, жер – суына иелік етер, ел – халқын гүлдентер, мерейін өсіріп, мәртебесін биіктетер жасампаз жандарды шыңдар киелі ұя. «Аулына қарап, азаматын таны» дейді халық даналығы. Жас ұрпақтың иманжүзді білімдар азамат болып өсүі, ең алдымен, ата-анасы, одан соң білім алар алтын ұясы және қоршаған ортасына байланысты. Бастауыш саты-бұл оқушы тұлғасы мен санасының қарқынды дамитын құнды, қайталанбайтын кезеңі. Сондықтан бастауыш мектеп-оқушыны тұлға етіп қалыптастырудың алғашқы баспалдағы.
Президенттің жолдауында: «Ұлттың бәсекеге қабілеттілігі бірінші кезекте білім деңгейімен айқындалады» — деген байламы жеке адамның құндылығын арттыру, оны дайындайтын ұстаз жауапкершілігінің өсуі, тынымсыз еңбек, сапалы нәтиже деген ұғыммен егіз.
Тәуелсіз ел тірегі-білімді ұрпақ. Қазіргі мектеп жағдайындағы білім берудің ұлттық моделіне өту оқыту мен тәрбиелеудің соңғы әдіс-тәсілдерін, жаңа инновациялық педагогикалық технологияны игерген, психологиялық-педагогикалық диагностиканы қабылдай алатын, педагогикалық жұмыста қалыптасқан бұрынғы ескі сүрлеуден тез арада арылуға қабілетті және нақты тәжірибелік іс-әрекет үстінде өзіндік даңғыл жол салуға икемді, шығармашыл педагог-зерттеуші, ойшыл мұғалім болуын қажет етеді.
Мемлекеттік білім стандарты деңгейіне оқыту үрдісін ұйымдастыру жаңа педагогикалық технологияны ендіруді міндеттейді. Сондықтан оқу-тәрбие үрдісіне жаңа инновациялық әдіс-тәсілдерді енгізу оқушылардың білімге деген қызығушылығын, талпынысын арттырып, өз бетімен ізденуге, шығармашылық еңбек етуге жол салу.
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында оқыту формасын, әдістерін, технологияларын таңдауда көпнұсқалық қағидасы бекітілген, білім мекемелерінің педагогтарына өзіне оңтайлы нұсқаны тиімділігіне қарай пайдалану мұғалімнен үлкен шеберлікті талап етеді.
Бастауыш мектеп оқушыны тұлға етіп қалыптастырудың алғашқы баспалдағы.
Инновациялық технологиялардың бастауыш мектептігі білім сапасын арттыру:
- Әр сабақта интерактивті әдістерін қолдану;
- Әр оқушының психологиялық ерекшеліктерін ескеру;
- Міндетті деңгейдегі білімді қалыптастыра отырып, мүмкіндік деңгейлерін ашу;
- Инновациялық технологияларды сынау арқылы тиімділігін арттыру, мектеп жағдайына бейімдеу;
Бастауыш сынып мұғалімдері өз сабақтарында оқушылардың тілін дамытуда, өздік жұмыс жасау, өз дағдыларын қалыптастыруда өз ойларын еркін жеткізе алуға баулуда.
Заман талабына сай технологияларды қолдану ауқымы, түрлері өзгеріп отырады. Бірақ, ең басты технологияларды тиімді, жүйелі қолдану керек.
Инновациялық технологиялар:
- Жобалау технологиясы;
- Саралап даралап оқыту;
- Дамыта оқыту технологиясы;
- Модульдік оқыту технологиясы;
- Сын тұрғысынан ойлауды дамыту;
- Сатылай комплексті талдау;
- Деңгейлеп оқыту технологиясы;
Инновациялық технология нәтижелері:
- Түрлі әдістерді пайдалану сабақтың нақты мәнін терең ашуға көмектеседі.
- Оқушылардың барлығын сабаққа қатыстыруға мүмкіндік туды.
- Олардың әрқайсының деңгейін анықтай аласың.
- Оқушылардың көбін бағалауға мүмкіндік аласың.
- Оқушыларды ізденіске баулып, өз бетімен жұмыс істеуге үйретеді.
- Оқушылардың қабілеттері, сөз саптау еркіндігі, ұйымшылдығы, шығармашылық белсенділігі артады.
- Жеке тұлғалық сипатын дамытуға, шығармашылығын шыңдауда, өзіне деген кәсіби сенімін қалыптастырады.
Педагогикалық технологияларды талдау барысында мына факторлар ескерілуі керек:
- Алынып отырған технология сабақтың тақырыбы мен мазмұнына сай болуы;
- Тиімділігі, жүйелілігі және басқа жақтары.
ХХІ ғасырда барлық елдер бірінші орынға білім беру сапасын қояды. Оның өлшемі тек сауаттылық деңгейімен (жазу, оқу, есептеу) өлшенбейді, оның критерийі — функционалдық сауаттылық.
Бұл проблемаларды шешуде жаңа технологиялардың атқаратын орны бөлек. Болашақта өркениетті елдердің жоғары технологиясын меңгерту, дүниежүзілік білім кеңістігіне шығу-бүгінгі күннің мақсаты. Білім берудегі инновациялар
Келер ұрпаққа қоғам талабына сай тәрбие мен білім беруде мұғалімдердің инновациялық іс — әрекетінің ғылыми – педагогикалық негіздерін меңгеру маңызды мәселелердің бірі.
Қазіргі кезде мультимедиялық құралдар жиі пайдаланылады. Ақпараттық технологиялардың ішіндегі мультимедиялық құралдардың тиімді тұстарын атап айтсақ, олар:
— оқушының пәнге деген қызығушылығын оятады;
— этнопедагогикалық тәрбие береді;
— танымдық қабілетін арттырады;
— оқытушының уақытын үнемдейді;
— оқулықтан тыс қосымша мәліметтер береді;
Мектепте сапалы оқу бағытын айқындайтын жолдардың бірі – қазақ тілін модульдік технология арқылы оқыту екендігі теориалық және тәжірибиелік жағынан дәлелденуде. Модульдік технологиялардың ерекшелігі: тек білімді меңгерту емес, оқушының танымдық қабілетін және танымдық процестерді жадының алуан түрлерін есту, көру, қимыл ойлауды, ынтаны қабылдау қабілетін дамытып, оны бекітіп, шығармашылық деңгейін арттыру. Сабақтың қызықты, сапалы өтуі тікелей мұғалімнің шеберлігіне байланысты болады. Осы орайда белгілі ғалым Ахмет Байтұрсынұлы «Шеберліктің белгісі – түрлі әдісті болу,» — айтылған сөздері ойға оралады. Бір сабақтың әр кезеңдерін, түрлі әдістерін орнымен пайдалану арқылы көп нәтижеге жетуге болады. Оқушы санасына білімді жүйелі түрде меңгеруіне және қабілет деңгейлерін дамытуға ықпал етеді.
ҚР «Білім туралы» Заңында «Білім беру жүйесінің басты міндеті – ұлттық және азаматтық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға бағытталған , білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау, оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу»деп, білім беру жүйесін одан әрі дамыту міндеттері көзделді. Бұл міндеттерді шешу үшін мұғалімнің күнделікті ізденісі арқылы барлық жаңалықтар мен қайта құру, өзгерістерге жол ашады.
Сондықтан сабақ барысын жаңаша ұйымдастыру қажет. Оқушының пәнге деген қызығушылығы мен ынтасын арттыру керек деп есептеймін.
Әр сабаққа дайындық – мұғалімнің ізденісінің нәтижесі, сабақты ыңғайына қарай түрлендіре түссе, әр сабақта жаңа әдіс-тәсілдерді қолданса,
сабақтың мазмұны ашылады.
Өз ісінің шебері ғана жоғары жетістіктерге жетеді деп есептеймін.