Мақал-мәтелдерді жаңа технологиялар арқылы пайдалану.
Мақал-мәтелдерді жаңа технологиялар арқылы пайдалану.
Мақал-мәтел,тәрбие негізі.
Қазақ халқы ұрпақ тәрбиесіне ешқашан енжар қарамаған.Олардың бойына жақсы қасиеттерді дарыту елінің ертеңін ойлар азамат етуді о бастан –ақ мұрат тұтқан.Елдің ертеңін,болашағын ойлайтын жақсы ұрпақ өсіру бұрын да,қазір де үлкен маңызды мәселе,сондықтан «ұлықты ұл,қылықты қыз» өсіруге ата-бабаларымыз ерекше назар аударған.Адамзат нәсілі баланы өмірдің қызығы,тіршілік сәні,ертеңгі өмірдің жалғасы,ұлан байтақ жердің ертеңгі иесі болашағымыз деп таныған. «Бала-адамның бауыр еті», «Бала-көңілдің гүлі,көздің нұры», «Бала көпке бірдей,жақсы болса -күндей», «Қарды қылау өсіреді,баланы сылау өсіреді», «Бала көктеп шыққан қызыл гүл ,солдырмайтын жолын іздеп таба біл», «Балаға өз тілінде сөйлеме,өз тілімен сөйле» т.б мақалдар балаға деген адам баласының махаббатын,сүйіспеншілігін шексіз екендігін көрсететін асыл,абзал сөздер.Адам баласы өмірге шыр етіп келгеннен бастап,жарық әлемді тастап кеткенше өмір бойы тәрбиеленеді.Бала бойындағы жақсы қасиеттердің қалыптасуы мектеп жасындағы уақыт екені белгілі.Мектеп табалдырығын алғаш аттаған бүлдіршіндердің жас шыбықтай иілгіш,еліктегіш мұғалімнің айтқанын тез ұғып алатын білімге құштар болатыны белгілі.Сондықтан оқушыларға білім мен тәрбиенің қажеттігін болашақ білімге байланысты екендігін түсіндірген жөн.
«Оқусыз-білім жоқ ,білімсіз күнің жоқ» , «Оқу –білім бұлағы,білім -өмір шырағы», «Күш білімде» , «Білгенің бір тоғыз,білмегенің тоқсан тоғыз», «Оқысаң –озарсың,оқымасаң-тозарсың», «Білімді өлсе,қағазда аты қалады,ұста өлсе,істеген заты қалар», «Ұстазына қарап,шәкірті өседі» тәрізді ғибратты мақал-мәтел,нақыл сөздерді үйрету арқылы баланың оқуға деген ынтасын арттырып,білімге,білуге деген құмарлығын оятуға болады. «Жаман аттан аяғым артық,жаман жолдастан таяғым артық» , «Отан үшін отқа түс –күймейсің», «Жауға жаныңды берсең де,сырыңды берме» , «Досыңды бір алдасаң,өзіңді өмірлік алдағаның».
Оқушыларға ,балаларға арналған газет-журналдардан достық,ерлік туралы әңгімелерді оқып беру арқылы балалар ұғымына жас ерекшелігіне сәйкес мақал-мәтелдер арқылы тәрбиелеген дұрыс.Мектеп оқушыларына тазалық,ұқыптылық,денсаулық жөнінде түсіндіре отырып төмендегі мақал-мәтелдерді жаздыртып,жаттату өажет.Жас кезінде жаттаған ұлағатты сөздер есейгенде де есінде қалатыны сөзсіз.
«Олақтық жаман,олақтан да салақтық жаман», «Дені саудың-жаны сау», «Шынықсаң, шымыр боларсың », «Салаққа бақыт та көмек бермейді», «Ұқыптылық өрге тартады,ұқыпсыздық орға тартады», «Дәрі -шөптен ,ақыл-көптен». Халқымыз «Балаға мінез үш ортадан –ата-анадан,құрбы-құрдастан,ұстаздан жұғады»-дейді.
Сондықтан «Ата көрген-оқ жонар , ана көрген-тон пішер», «Ұяда не көрсең,ұшқанда соны ілерсің», «Ағаны көріп,іні өседі,апаны көріп сіңлі өседі»-дей келіп : Бала жаман болып тумайды.Оның жақсы ,жаман болуы ата-анасының тәрбиесі мен өскен ортасының ықпалына байланысты болатындығын түсіндірі,жақсыдан үлгі алып,жаман әдеттен аулақ болу жөнінде оқушыларды тәрбиелеп отыру керек.Оқушыларды еңбекке,ата-ана,жолдас,ағайын,туыстармен силастыққа тәрбиелеуге көмектесерлік мақал-мәтелдерді де оқушыларға айтқан жөн.
«Еңбексіз өмір-сөнген көмір», «Еңбек етсең емерсің», «Оқу еңбекпен егіз», «Еріншек етегіне сүрінеді», «Еңбек өмір тәрбиешісі», «Еңбек-анаң,ой –атаң,ынта –апаң,талап-ағаң».Өсекші, өтірікші ұрлықшы туралы «Өсекші –өрік салған қап сияқты қаққан сайын сауылдайды» «Өзің өтірікші болсаң басқаның шынына сенбе» «Әзілде кек жоқ,өсекте шек жоқ» керісінше «Шындықты ешкім жеңе алмас бетіне қарсы келе алмас» «Шындықтың көзі-өмірдің өзі» «Шындық шыңыраудан алып шығады»-деген мақал-мәтелдердің өмірдегі орны ерекше тәрбиелік мәні өте үлкен. «Жақсы –сөз-жарым ырыс» «Жаным десең жан семіреді» «Жаман сөз жанға кірген тікенек» «Жылы жылы сөйлесең жыланда інінен шығады»-деген сөздердің мән мазмұнын тәрбиелік мәні өте зор.Әрине қазақ халқы мақал-мәтелге кенде емес әйтеуір мақал-мәтел деп барлық мақал-мәтелді қолдана беруге болмайды.Олардың арасынан мектеп оқушыларына қиындық келтірмейтін баланың жас шағына дамуы мен ой өрісіне шақ мақал-мәтелдерді дұрыс пайдаланып отыру керек.Сан ғасырлардан бері қолданылып келе жатқан тәрбиелік мәні зор мәйелі болып қалыптасқан мақал-мәтелдерді дұрыс пайдалана біліп шешен сөйлеудің тапқырлықтың сөз қадірін болашақ ұрпақ санасына енгізу арқылы мәдениетті ұрпақ тәрбиесіне назар аударайық қадірменді ағайын.