Жақсы көрем. І.Мәмбетов. Заттың атын білдіретін сөздер.

Сабақтың тақырыбы: Жақсы көрем. І.Мәмбетов. Заттың атын білдіретін сөздер.

Сабақтың мақсаты:

  1. Білімділігі: Оқушылардың заттың атын білдіретін сөздер туралы білімдерін кеңейту, адамға кім? кімдер? Жануарлар мен заттарға не? нелер? Сұрақтары қойылатынын меңгерту. Өлеңді түсініп сауатты оқуға, жазуға дағдыландыру.
  2. Дамытушылығы: Оқушылардың ізденімпаздық қабілеттерін, ой-өрісін дамыту, түрлі тапсырмаларды орындау барысында іскерлік, танымдық, есте сақтау қабілеттерін арттыру, өздігінен жұмыс істеу арқылы қорытынды шығаруға машықтандыру.
  3. Тәрбиелігі: Оқушылардың әжесін, анасын сыйлауға, құрметтеуге, олардың тілін алуға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Жаңа білім алу.

Сабақтың әдісі: Әңгімелесу, сұрақ-жауап, көрнекілікпен жұмыс, өзіндік жұмыс.

Сабақтың көрнекілігі: Суреттер, тірек сызба, карточкалар.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.

  1. «Анаға сыйлаймыз» өлеңі мәнерлеп айту.
  2. «Анаға құттықтау сөз» (3-4 оқушыға оқыту)

ІІІ. өтілген сабақ бойынша жұмыс.

  1. Сұрақ – жауап.

Мұғалім: Балалар, сендер аналарыңды мейрамымен құттықтап, құттықтау сөз жазып жатырсыңдар. Аналарыңнан басқа кімді құттықтар едіңдер?

Оқушылар: Әжемізді.

Мұғалім: Ендеше тақтаға қараймыз.

  1. Тірек сызба арқылы оқушы ойы:

 

Жақсы                                 Пана                       Үлкен ана                        қамқоршы

 

 

 

 

 

 

 

Аяулы жан                      Ақылшы                     тілеуқор                           ардақты

 

ІV. Жаңа сабақ.

  1. Сурет бойынша жұмыс.

а) Әже туралы әңгімелеу.

ә) «Шеше көрген тон пішер» мақалының мағынасын ашу.

  1. Жаңа сабақты хабарлау. «Жақсы көрем».

а) Өлеңді мәнерлеп оқып беру.

  1. Оқушыларға оқыту. Оқу әдісі:

а) мәнерлеп оқу;

ә) іштен оқу.

  1. Балалар, бақыттылар, аналар сөздеріне сұрақ қою. (ауызша)
  2. Ережені қайталау. Заттың атын білдіретін сөздерге қандай сұрақтар қойылады?
  3. Оқулықпен жұмыс. 95-жаттығу. Көп нүктенің орнына керекті сөздерді қойып жазу.
  4. Сергіту сәті. «Анашым» әні. (қимыл-қозғалыс келтіру).
  5. Көркем жазу. «Жақсы көрем» өлеңінің екі жолын көшіріп жазу:

                   Алтын апам ол менің,

                   Мені жақсы көреді.

  1. Сурет бойынша жұмыс.

а) Кім? не? сұрақтарына жауап беретін сөздерді жазу.

Кім? Дәрігер, әже, мұғалім, ғарышкер, ана, суретші.

Не? Шар, қоян, бүркіт, көйлек, дәптер, қой.

ә) Осы сұрақтарға байланысты оқушының қорытындылау ойы.

  1. Өздік жұмыс.

І қатар: Кім? сұрағына жауап беретін сөздер жазу.

ІІ қатар: Не? сұрағына жауап беретін сөздер жазу.

ІІІ қатар: Карточкамен жұмыс.

а) Сандардың әрпі бойынша сөздер шығару:

4-1   Т5-3   С2-1   Е8-3   Г6-1    А5-1   Б
6-1   А6-1   А3-2   Ш3-1   Ү10-2  Н6-1   А
9-3   Ғ9-3   Ғ2-2   К6-2   Л6-1    А6-2   Л
6-1   А6-1   А8-4   І7-1   Ж6-1   А
4-4   Т6-1    А
10-2  Н

 

ә) Осы сөздерге сұрақ қою.

  1. Қорытындылау.
  2. Ережені қайталау.
  3. Сурет бойынша сөйлем құрастыру, сұрақ қою.
  4. Ана туралы мақалдар айту.
  5. Әже туралы өздері білетін тақпақтарын айтқызу.
  6. Үйге тапсырма.

«Жақсы көрем» өлеңін жаттау. 96-жаттығу.

VII. Бағалау.

Сабаққа жақсы қатысып, белсенділік көрсеткен оқушыларды бағалау